Басқа жерге көшіру
Сабақтың тақырыбы
Paint графикалық редакторында үзінділермен орындалатын әрекеттер: үзіндіні жылжыту және көшіру, үзінділерді көбейту.
Сабақтың мақсаты
Оқушыларды графикалық редакторда сауатты жұмыс істеуге үйрету.
Сабақтың түрі
Аралас сабақ.
Білімділік
Үзіндіні белгілеу және онымен әртүрлі әрекеттер орындау: көшіру, жылжыту, жою.
Тәрбиелілік
Ұқыптылыққа, тиянақтылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Дамытушылық
Ойлау қабілетін дамыту, логикалық және абстрактілі ойлауды жетілдіру.
Сабақта қолданылатын ресурстар
-
Көрнекі құралдар: интерактивті тақта, дербес компьютер, флипчарт, оқулық, жұмыс дәптері.
-
Пәнаралық байланыс: сызу, бейнелеу өнері.
-
Сабақтың әдісі: түсіндіру, баяндау және практикалық жұмыс.
Сабақтың құрылымы
- 1 Оқушыларды ұйымдастыру.
- 2 Үй тапсырмасын тексеру.
- 3 Жаңа тақырыпты түсіндіру.
- 4 Сабақты бекіту.
- 5 Практикалық тапсырмаларды орындау.
- 6 Үй тапсырмасын беру.
- 7 Бағалау.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру
Оқушылармен амандасу, көңіл күйін сұрау. Кезекшіні анықтау және сабаққа қатыспаған оқушыларды журналға белгілеу.
II. Үй тапсырмасын тексеру
Ойын: «Теңге ілу»
- 1 Бұл қандай құрал?
- 2 Компьютердің «миы» қалай аталады?
- 3 Ақпараттың қасиеттерін ата.
- 4 1 Кбайтта қанша байт бар?
- 5 Дискіні архивтеу дегеніміз не?
- 6 Принтердің неше түрі бар және олар қалай аталады?
Тапсырмалар
- «Сәйкестігін табу» ойыны (ұғымдар мен анықтамаларды сәйкестендіру).
- «Алтын тасты сұрақтар» және сөзжұмбақ арқылы қайталау.
Сөзжұмбақ сұрақтары
- «Ақпарат» сөзін латын тілінен аударғанда қандай мағына береді?
- Мынау қандай құрал?
- Компьютердің негізгі құрылғыларының бірі?
- Өте қарапайымдылығымен ерекшеленетін бағдарлама қайсы?
- Қандай да бір тілдің көмегімен ақпаратты ұсыну қалай аталады?
- Бұл қандай құрал?
- Стандартты бағдарламалардың бірі?
- Ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылғы қалай аталады?
III. Жаңа тақырыпты түсіндіру
Үзінді — суреттің белгіленген бөлігі. Paint бағдарламасында үзіндіні алдымен белгілеп, кейін оған әртүрлі өңдеу әрекеттерін қолдануға болады.
Үзіндіні белгілеу құралдары
- Белгілеу (выделение): төртбұрышты үзіндіні таңдайды.
- Ерікті аймақты белгілеу: кез келген пішіндегі аймақты бөліп алуға мүмкіндік береді.
Үзінділермен орындалатын әрекеттер
- Алмасу буферіне қиып алу.
- Алмасу буферіне көшіру.
- Басқа жерге апару (жылжыту).
- Басқа жерге көшіру.
- Сурет бойынша көбейту.
- Пішіні мен өлшемін өзгерту.
- Масштабын өзгерту, қисайту.
- Төңкеру және бұру.
- Түсін өзгерту.
- Жою.
Үзіндіні көшіру және жылжыту
- 1) Үзіндіні белгілейміз.
- 2) Правка мәзірінен Копировать (көшіру) немесе Вырезать (қиып алу) командасын орындаймыз.
- 3) Правка → Вставить командасы арқылы үзіндіні жаңа орынға қоямыз.
Еске сақтайтын қысқа тізбек
Правка → Выделить → (Копировать/Вырезать) → Вставить
Маңызды айырмашылық
Көшіру бастапқы үзіндіні сақтайды, ал қиып алу оны орнынан алып, басқа жерге орналастыруға мүмкіндік береді.
Үзіндіні жою
- 1) Үзіндіні белгілейміз.
- 2) Правка → Очистить выделение командасын орындаймыз немесе Delete пернесін басамыз.
Үзіндіні көбейту
Үзіндіні көбейту — тышқан нұсқағышын жылжыта отырып, үзіндінің бірнеше көшірмесін тізбек түрінде жасау тәсілі.
- 1) Үзіндіні Правка → Выделить командасы арқылы белгілейміз.
- 2) Үзіндіні көшірмелер басталатын орынға апарып қоямыз.
- 3) Shift пернесін басып тұрып, үзіндіні тышқанмен жылжытамыз — осылайша бірнеше көшірме жасалады.
IV. Сабақты бекіту
Бүгінгі тақырыпты қорытындылау үшін алынған білімді практикада қолданамыз: оқулықтағы «Өзің орында!» тапсырмаларын орындаймыз.
V. Бағалау
Оқушылардың жауаптары мен практикалық жұмыстың орындалуына қарай бағалау жүргізіледі.
VI. Үй тапсырмасы
§ 25. Үзінділермен орындалатын әрекеттерді оқып келу.