Бердібек Сокпақбаев кім

Сабақтың тақырыбы

Бердібек Соқпақбаев — «Менің атым Қожа»

Сабақтың түрі

Жаңа сабақ

Сабақтың типі

Жаңа білімді игерту

Көрнекілігі

  • Интерактивті тақта
  • Б. Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» кітабы
  • Фильмнен үзінді (бейнетаспа)
  • Слайдтар, суреттер

Қолданылатын әдіс-тәсілдер

БҮҮ, «Кубизм» стратегиясы, «Түртіп алу», бағытталған оқу стратегиялары, ой қозғау, шығармашылық жұмыс.

Сабақтың мақсаты

1) Білімділік

  • Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» шығармасымен таныстыру.
  • Түсініп оқи отырып, мәтіндегі түйінді ойды ашуға жағдай жасау.
  • Кейіпкерге мінездеме беріп, салыстыру арқылы бейнесін ашуға үйрету.
  • Алған білімді талдау мен дәлелдеуде қолдана білуге бағыттау.

2) Дамытушылық

  • Өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баулу.
  • Түрлі жағдаяттарды шешу арқылы қиял мен ойлау икемін дамыту.
  • Әр оқушының сезімі мен пікірін ашық жеткізуіне мүмкіндік беру.

3) Тәрбиелік

  • Қожа бейнесі арқылы адамгершілікке, мәдениеттілікке, әдебиетті сүюге тәрбиелеу.
  • Жағымсыз қасиеттерден аулақ болуға, үлгі-өнеге алуға үндеу.
  • Өзінің және өзгенің бойындағы жақсы-жаман қасиеттерді ажырата білуге үйрету.
  • Ұстаз еңбегін бағалап, айналамен дұрыс қарым-қатынас орнатуға баулу.

Сабақ барысы

I. Психологиялық дайындық және ұйымдастыру

  • Топ ережесін құрып, геометриялық фигуралар арқылы топқа бөлу.
  • Топтар: 1-топ — «Қожа», 2-топ — «Жантас».
  • Тренинг: «Шаттық шеңбері» — бір-біріне және еліне деген құрмет пен сүйіспеншілікті білдіру.
  • Оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындықты тексеру.

II. Үй тапсырмасын тексеру

«Кубизм» стратегиясы арқылы автор мен тақырып аясында қайталау сұрақтары қойылады, кейін БҮҮ стратегиясымен қорытындыланады.

Қайталау сұрақтары

  1. Әңгімедегі Қаныш деген бала кім? Ол туралы не білесіңдер?
  2. Қаныштың ұстазы суретті көргенде қандай ойға келді?
  3. Әңгіме неге «Қазына көтерген бала» деп аталады?
  4. Балалар қапшықтың ішінде не бар деп ойлады?

III. Жаңа сабақ (кіріспе)

Бүгін «Балалық шаққа саяхат» бөліміндегі балалар әдебиетінің көрнекті өкілі Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» шығармасымен танысамыз.

Бердібек Соқпақбаев кім?

Жазушы өз шығармашылығы туралы былай дейді:

«...Алыстан арбалап материал тасымаймын, архивтің шаңын жұтпаймын. Жақыннан өз басымнан кешкенді, өзім байқап-түйгендерімді, өз айналамды дорбалап жинаймын. Бір сөзбен айтсам, өзін жазатын жазушымын. Мінез-құлық жағынан Қожа өзге емес, менің өзіме ұқсайды.»

Жазушының шығармалары

  • «Менің атым Қожа» (өзім туралы повесть)
  • «Жекпе-жек»
  • «Қайдасың, Гаухар?»
  • «Өлгендер қайтып келмейді»
  • «Аяжан»
  • «Балалық шаққа саяхат»
  • «16 жасар чемпион»
  • «Алыстағы ауылда» және т.б.

Фильм туралы қысқаша

Мектепке аты шыққан «сотқар» Қожа бар ынтасымен жақсы болуға тырысады. Әкесінен ерте айырылған Қожаберген анасына қамқор, бірақ үйге жиі келетін Қаратайдан шешесін қызғанады. Досы Сұлтанмен бірге түрлі қызық оқиғаларды бастан кешеді. Қожа өз қателіктеріне өкінеді, дегенмен ол — ашық мінезді, арам пиғылы жоқ, ақкөңіл бала.

IV. Зерттеу-ізденушілік (топтық жұмыс)

Оқушыларға алдын ала «Менің атым Қожа» туралы мәлімет жинап келу тапсырмасы беріледі. Сабақта оқушылардың жинаған ақпараты тыңдалып, талқыланады.

V. Ой толғаныс (мәтінді талдау)

  1. Әңгімені мәнерлеп оқу.
  2. Қожа қандай оқушы? Дәлел келтіріп сипаттау.
  3. Жантас мұғалім сабақ сұрағанда қандай қулық жасағысы келді?
  4. «Түртіп алу» стратегиясы: Қожаның сабаққа дайындықсыз келгеніне өкінішін білдіретін сөздерді тауып, дәптерге жазып алу.

VI. Бағытталған оқу стратегиясы

  1. «Менің атым Қожа» фильмімен таныссың ба? Ұнады ма? Әңгімедегі басты кейіпкер кім?
  2. Әңгімеден Қожаның ішкі ойын тауып оқы.
  3. Қожа Анфиса Михайловнаның сабақ сұрау тәсілін кіммен салыстырады?
  4. Сабаққа дайындалмай келгеніне Қожаның қатты өкінгенін неден байқауға болады? Сол тұсын мәтіннен тауып оқы. Өзіңде Қожа басынан өткізген жағдайға ұқсас оқиға болды ма?

VII. Кейіпкерлерді салыстыру

«Менің атым Қожа» фильміндегі екі кейіпкерді салыстыру: Қожа және Жантас.

VIII. Сергіту сәті

Ерболаттың «Менің атым Қожа» әніне сергіту жаттығулары.

IX. Топтық жұмыс: Қожаның екі қыры

«Қожа» тобы — Ақылды Қожа

Қожаның жағымды қасиеттерін дәлелдермен жинақтап, қорғайды.

«Жантас» тобы — Тентек Қожа

Қожаның жағымсыз әрекеттерін талдап, олардың себеп-салдарын түсіндіреді.

Талқылау сұрағы

Қазіргі кезде Қожа сияқты балалар бар ма? Ойыңды мысалмен дәлелде.

X. Жазылым тапсырмасы

«Сауаттылықты ашатын хаттар»

«Менің қиялымдағы Қожа қандай болуы керек?» тақырыбында шағын эссе (шағын шығарма) жазу.

XI. Ойын: «Пікірлер ағашы»

Әр оқушы өз ойын қысқаша жазып, «пікірлер ағашына» іледі.

Сұрақтар

  • Бердібек Соқпақбаев туралы не білесіңдер?
  • Қандай шығармаларын атай аласыңдар?
  • Кинода Қожаның тәртіпке бет бұруына не себеп болды деп ойлайсыңдар?

Нұсқалар (талқылауға)

  • Анасын аяуы
  • Сәйбек қарттың әсері
  • Оспановтардың айтқан естеліктері
  • Майқанованың педкеңестен шығып бара жатып айтқан сөзі

XII. Қорытынды

Бердібек Соқпақбаев «Менің атым Қожа» туралы шығарманы жазудағы басты мақсаты — оқырманды жақсылыққа тәрбиелеу екенін айтады.

«Қожа — есер емес, есті тентек. Бір көрген адамға жаман бала, қиын бала болып көрініп, кейін мүлде өзгеріп, жақсылардың қатарына қосылып кететін балалар аз емес қой...»

Кері байланыс

Оқушылар өз әсері мен түйген ойын қысқаша бөліседі.

Үй тапсырмасы

«Менің атым Қожа» әңгімесін оқу, мазмұнын айту.

Бағалау

Сабақтағы белсенділік пен тапсырма сапасына сай бағаланады.

Автор туралы мәлімет

Атырау облысы, Д. Байбосынов атындағы №13 ұлттық мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі — Есқайырова Нәзік Есқайырқызы.