Қайырымды жандар айнала, Шеңберге келсін жайлана
Мақсаты мен міндеттері
Мақсаты
Махаббат, мейірімділік және адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерді кеңейту.
Міндеттері
- Ана мен бала арасындағы махаббат туралы түсінік беру.
- Аналарына деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру.
- Ананы сүюге, сыйлауға тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар
Үнтаспа, плакатқа салынған күннің суреті, оқулық, дәптер, үнтаспалық әндер жинағы.
Дыбыс
Үнтаспа және әндер жинағы
Көрнекілік
Күн суреті бар плакат
Оқу құралдары
Оқулық, дәптер
Жұмыс форматы
Топтық талқылау және шығармашылық тапсырма
Сабақтың барысы
1) Шаттық шеңбері
Балалар шеңбер құрып тұрады, амандасады. Тәрбиеші бүгінгі тақырыппен таныстырады: «Жақсы көру — жақсы қасиет».
Жақсы көру — адамның адамдарға, табиғатқа, Отанға деген ыстық сезімі, махаббаты және жақсы іс-әрекетке ұмтылысы. Бұл сезімнің бастауы — ананы жақсы көру. Себебі бізге жарық өмір сыйлаған ананың аялы алақаны мен мейіріміне тең келер нәрсе жоқ. Балалар жақсы көруді анадан, анасын жақсы көруден үйренеді.
Музыкалық сәт
Үнтаспадан Ә. Дүйсенбиевтің «Ақ мамам» әні тыңдалып, балалар қосылып айтады.
Талқылауға сұрақтар
- Ананы неліктен ең жақын адам деп ойлайсыңдар?
- Анадан қандай жақсы қасиеттерді алуға болады?
- «Жақсы көруді анадан үйренеміз» дегенді қалай түсінесіңдер?
2) Дәптермен жұмыс
Оқушылар дәптермен жұмыс жасап, берілген тапсырмаларды орындайды.
3) Әңгімелеу
Баланың анаға деген махаббатын тереңірек түсіндіру мақсатында әңгіме тыңдалып, кейін сұрақ-жауап арқылы талқыланады.
«Аурудан — аяған күштірек»
Ыбырай Алтынсарин
Сейіт жол үстінде жүгіріп бара жатқанда, бір арба келіп, аңдаусыз соғып кетіп, аяғын зақымдап алады. Ойбайлап жылап жатқан баланы көрген шешесі шошынғаннан есінен танып қалады.
Мұны көрген соң, Сейіт жыламақ түгіл, сынған аяғын орнына салып, таңып жатқанда да дыбысын шығармай, қабағын да шытпай жатады.
Сонда сынықшы: — Аяғың ауырмай ма, қабағыңды да шытпайсың? — деп сұрайды.
Шешесі шығып кеткен соң, Сейіт демін алып, сынықшыға сыбырлап: — Ауырмақ түгіл, жаным көзіме көрініп тұр. Бірақ жанымның қиналғанын көрсе, апам да қиналып, жүдемесін деп шыдап жатырмын, — дейді.
Талқылауға сұрақтар
- Сейіттің анасын жақсы көретінін қай әрекетінен көруге болады?
- Сендер де жақсы көретін адамдарың үшін осындай шыдамдылық танытқан кездерің болды ма? Естеріңе түсіріп айтып беріңдер.
4) Шығармашылық жұмыс
Балалар алдын ала дайындалған қағазға күннің суретін салады. Содан кейін тәрбиеші сұрақ қояды: «Аналарың сендерге күнделікті қандай жақсы сөздер айтады?» Сол сөздерді күннің шуағына жазып көрсетеді.
Жылы сөздер үлгілері
5) Дәйексөз
Тақтаға жазылатын ой
Өмірдің бар жақсылығы жақсы көруден жаралған. — Халық даналығы
Жақсы көру — адамның жақсы қасиетін танытады. Қолдан келгенше адамдарды, өмірді, табиғатты, Отанды сүю керек.
Өйткені жақсы көретін адам ешқашан айналасына жамандық ойламайды: керісінше сыйлайды, түсінеді, шыдамдылық танытады. Мұның бәрі — жақсы көрудің белгісі.
Егер адамдар бір-бірін, қоршаған ортасын, туған елін шын жүректен жақсы көрсе, өмірде жақсылық көбейеді. Себебі жақсылық — жақсы көруден басталады.
6) Дәптердегі тапсырма
Дәптерде берілген суреттегі бос торкөздерге «Ана деген кім?» сұрағына жауап жазыңдар. Тапсырма қарындашпен орындалады. Жұмыс аяқталған соң, жауаптар жарияланып, ойлар қорытындыланады.
Күтілетін жауаптар
7) «Жүректен — жүрекке»
Балалар сабақтан алған әсерлері мен білімдерін өлең жолдары арқылы білдіреді. Тәрбиешіге ілесе отырып, мына шумақты қайталайды:
Қайырымды жандар айнала,
Шеңберге келсін жайлана.
Жалықпастан қайта біз,
Махаббат сөзін айтамыз.
Сүйеміз барлық ананы,
Жүрегім оттай жанады.
Бақыттымыз осы біз,
Қасымызда досымыз.