Өсімдік топтарын топтастыру

Үй мәдениеті және гүл өсіру

Әрбір отбасы өзінің алтын шаңырағы — пәтерін немесе жеке үйін көріктендіргісі келеді. Біреулер үй ішіне қылқалам шеберлерінің туындыларын, қолөнер бұйымдарын ілсе, өзгелер бөлмелерді әсем жиһаздармен безендіреді. Кей отбасылар тор ішінде тотықұстар ұстап, аквариумда әртүрлі балық өсіреді. Дегенмен, олардың көпшілігі үй өсімдіктерін өсіріп, бөлмелерін көгалдандыруға қарсы емес. Бұл — түрлі халықтарда бөлме өсімдіктерін өсіру тұрмыстық дәстүрге айналғанының айқын белгісі.

Сабақтың мақсаты

  • 1 Өсімдік туралы білімді кеңейту; өсімдік топтарын және мүшелерін ажырата білуге үйрету.
  • 2 Оқушылардың ойды жүйелі баяндау, түсініп оқу, ойлау және есте сақтау қабілеттерін дамыту.
  • 3 Өсімдіктердің пайдасын танып, оларды өсіруге, күтіп-баптауға және қорғауға тәрбиелеу.

Өсімдіктер тарихынан

Адамзат дамуының алғашқы дәуірінде негізгі қоректің өсімдіктер болғаны белгілі. Тағам ретінде пайдаланылатын өсімдік түрлері көбейген сайын, адамдар олардың әрқайсының өзіндік дәмі, иісі және қасиеті барын байқады.

Ежелгі мысырлықтар алоэ, анис, зығыр, лотос, жалбыз, тал, арша секілді өсімдіктердің шипалық қасиеттерін танып, оларды үй ішінде және аулада өсіре бастаған. Бұдан шамамен 4 мың жыл бұрын Үндістанда 760 дәрілік өсімдікті қолдана білген, сондай-ақ гүл отырғызуға да ерекше мән берген.

Уақыт өте келе далада, үй ауласында және үй бөлмесінде өсетін сәндік өсімдіктер тарады. Адамдар гүлдерді бір-біріне сыйлап, жұпар иісінен және әсем көркінен ләззат алады.

Өсімдіктердің негізгі топтары

Қызыл кітапқа енген өсімдіктер

Сабақта суреттер арқылы таныстыру ұсынылады.

Дәрілік өсімдіктер

Шипалық қасиеті бар түрлер, қолданылу жолдары.

Дала өсімдіктері

Табиғи ортада өсетін түрлердің ерекшеліктері.

Бөлме өсімдіктері

Үй ішінде өсіруге бейімделген, сәндік және пайдалы өсімдіктер.

Бөлме өсімдіктерін күту

Негізгі күтім түрлері

  • Суару
  • Топырағын қопсыту
  • Жапырағы мен сабағының шаңын сүрту
  • Топырақ қоспаларын дұрыс таңдау
  • Қоректендіру
  • Бөлмені желдетіп тұру

Суару ережесі

Өсімдіктерді бөлме температурасындағы сумен суару керек. Жазда — жиірек, қыста — сирегірек суарылады. Құмырадағы топырақтың толық құрғап кетпеуін қадағалаған жөн. Мүмкіндігінше тұндырылған суды пайдаланыңыз.

Топырақты қопсыту

Тамырға ауа жақсы жетуі үшін топырақты жұқа таяқшамен қопсытады. Қопсытқанда тамырды зақымдап алмауға мұқият болыңыз.

Жапырақты тазалау

Өсімдіктің жапырағын дымқыл шүберекпен төменнен бастап сүртіп тазалайды. Ірі өсімдіктерді аздап сабын қосылған жылы сумен жууға болады. Ұсақ өсімдіктерді қол жуғышқа немесе шылапшынға қойып, су құйғышпен жеңіл шашыратып жуып шығарады.

Желдету және орын таңдау

Өсімдіктер тұрған бөлмені үнемі желдетіп отыру қажет. Қыста өсімдіктерді мүмкіндігінше жылырақ жерге орналастырған дұрыс.

Суару уақыты келгенін қалай білеміз?

Гүл егілген қыш құмыраны сыртынан жеңіл шертіңіз: ашық, сыңғырлаған үн шықса — топырақ құрғақ, суару керек. Көмескілеу дыбыс шықса — топырақ ылғалды, әзірге суарудың қажеті жоқ.

Сергіту сәті және оқу жұмысы

Оқулықпен жұмыс

  • Тақырыпты түсініп оқу.
  • Интерактивті тақтадан өсімдіктің мүшелерін көрсету, бақылау арқылы дәлелдеу.

Дәптермен жұмыс

  • Ойлан, есіңе түсір: өсімдік тіршілігіне қажетті заттарды топтастыру.
  • Семантикалық карта құрастыру.
  • Өсімдік топтарын топтастыру.

Сұрақтар мен тапсырмалар

I қатар

Өсімдіктерді неге тірі ағза дейміз?

II қатар

Ағаш, бұта және шөптесін өсімдіктерді салыстырыңыз.

III қатар

Мәтін бойынша өсімдіктің тұқымнан өсуін баяндаңыз.

Үй тапсырмасын бекіту

Сызба (схема) арқылы өсімдіктерге қажетті заттарды қайталау және жүйелеу.

Сабақты қорытындылау: тест

  1. 1) Өсімдіктер неше топқа бөлінеді?

  2. 2) Ағаштар тобына жататын өсімдікті белгілеңіз.

  3. 3) Шөптесін өсімдіктерінің бойы қандай болады?

  4. 4) Бұта тобына жататын өсімдікті белгілеңіз.

  5. 5) Бұталардың ағашқа қарағанда қай мүшесі болмайды?

Рефлексия

Не білдік? Өсімдіктердің топтары, бөлме өсімдіктерін күту жолдары.

Не үйрендік? Суару, қопсыту, тазалау және бақылау тәсілдері.

Бағалау

Бағалау «күлше нан» тәсілі арқылы жүргізіледі:

  • Өте жақсы

    5 деген баға

  • Жақсы

    4 деген баға

  • Әлі де оқу керек

    3 деген баға