ЕКОЕ табыңдар

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы • №28 жалпы білім беру орта мектебі КММ

Математика пәні мұғалімі: Есиркепова Алмагүл Бейбитбаевна

Сынып: 5-сынып

Сабақтың тақырыбы: Ең кіші ортақ еселік (ЕКОЕ)

1) Білімдік мақсат

Оқушыларға берілген сандардың ең кіші ортақ еселігін табуды үйрету; тақ, жұп, жай және құрама сандар туралы білімдерін бекіту.

2) Дамытушылық мақсат

Танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту.

3) Тәрбиелік мақсат

Өзара ынтымақтастыққа, қайырымдылыққа, жылдамдыққа және алғырлыққа баулу.

Өткенді қайталау

  • Жазылуы тақ цифрмен аяқталатын сандар тақ сандар деп аталады.
  • Жазылуы жұп цифрмен аяқталатын сандар жұп сандар деп аталады.
  • 1-ге және өзіне ғана бөлінетін натурал сандар жай сандар деп аталады.
  • Бөлгіштерінің саны екіден көп болатын натурал сандар құрама сандар деп аталады.

Жаңа сабақ: ЕКОЕ анықтамасы

Берілген натурал сандардың әрқайсысына еселік болатын ең кіші натурал сан сол сандардың ең кіші ортақ еселігі деп аталады.

Мысал: 4 пен 6 сандарының ең кіші ортақ еселігі — 12.

Жазылуы: ЕКОЕ(4; 6) = 12

Ең кіші ортақ еселікті табу тәсілдері

1-тәсіл: Жай көбейткіштерге жіктеу арқылы

  1. 1 Берілген натурал сандарды жай көбейткіштерге жіктеңдер.
  2. 2 Ең үлкен санның жай көбейткіштерін жазыңдар да, оның жіктелуінде жоқ, бірақ басқа сандардың жіктелуінде бар көбейткіштермен толықтырыңдар.
  3. 3 Алынған көбейткіштердің көбейтіндісін табыңдар.

1-мысал

50 және 28 сандарының ең кіші ортақ еселігін табу.

50 мен 28 сандарын жай көбейткіштерге жіктейміз (жазып көрсетіп, әрі қарай ЕКОЕ табамыз).

Егер берілген натурал сандардың үлкені кішілеріне еселік болса, онда үлкен сан сол сандардың ЕКОЕ-і болады.

ЕКОЕ(57; 19) = 57

ЕКОЕ(8; 16; 32) = 32

Өзара жай екі санның ең кіші ортақ еселігі осы сандардың көбейтіндісіне тең.

ЕКОЕ(5; 7) = 35

ЕКОЕ(3; 11) = 33

ЕКОЕ(10; 21) = 210

ЕКОЕ(6; 35) = 210

2-тәсіл: Үлкен санды еселей отырып табу

Үлкен санның еселіктерін ретімен жазып, олардың ішінен берілген сандардың барлығына бірдей еселік болатын ең кішісін таңдаймыз.

2-мысал

ЕКОЕ(12; 16) = 48

Тақырыпты бекіту сұрақтары

  1. 1 Берілген натурал сандардың ең кіші ортақ еселігі деп қандай сан аталады?
  2. 2 Берілген натурал сандардың ең кіші ортақ еселігі қандай тәсілдермен табылады?
  3. 3 Өзара жай сандардың ең кіші ортақ еселігі неге тең?
  4. 4 Егер берілген натурал сандардың біреуі басқа берілген сандарға бөлінсе, олардың ЕКОЕ-і қалай табылады?

Жаттығулар

№715

Сандардың ең кіші ортақ еселіктерін табыңдар:

  1. 1) 6 мен 8
  2. 2) 4 пен 7
  3. 3) 9 бен 15
  4. 4) 5 пен 15
  5. 5) 6 мен 10
  6. 6) 12 мен 20
  7. 7) 5, 16 және 20
  8. 8) 15, 30 және 45
  9. 9) 10, 14 және 35

№716

Жай көбейткіштерге жіктеліп жазылған сандардың ЕКОЕ-ін табыңдар:

  1. 1) a = 2·3 және b = 2·7
  2. 2) c = 3·5 және d = 3·3·5
  3. 3) e = 2·2·5 және f = 2·3·5
  4. 4) m = 2·2·3 және n = 2·3·5
  5. 5) p = 2·2·7 және t = 2·3·7
  6. 6) x = 2·2·3·5 және y = 2·3·3·5

№717

Сандарды жай көбейткіштерге жіктеп, ЕКОЕ-ін табыңдар:

  1. 1) 21 мен 18
  2. 2) 24 пен 32
  3. 3) 16 мен 20
  4. 4) 20 мен 35
  5. 5) 75 пен 90
  6. 6) 6 мен 13
  7. 7) 14 пен 18
  8. 8) 28 бен 42
  9. 9) 21 мен 33

№718 (есеп)

Таңертеңгі сағат 8:00-де элеватордан астық таситын үш машина шықты. Бірінші машина элеваторға әр 3 сағат сайын, екінші машина әр 4 сағат сайын, ал үшінші машина әр 6 сағат сайын қайта оралып отырады. Егер машиналар бірқалыпты жүрсе, олар элеваторда сағат нешеде қайта кездеседі?

Сергіту сәті

Төмендегі жұп сандар үшін ЕКОЕ-ін табыңдар:

  1. 1) 6 мен 13
  2. 2) 5 пен 11
  3. 3) 2 мен 7
  4. 4) 21 мен 8
  5. 5) 23 пен 5

Үй тапсырмасы және бағалау

Үй тапсырмасы

Берілген тапсырмаларды орындап, ЕКОЕ табу тәсілдерін (жай көбейткіштерге жіктеу және еселеу әдісі) қолдануды қайталау.

Бағалау

Сабақтағы белсенділік, есептерді шығару дәлдігі және түсіндіру сапасы бойынша бағаланады.

Қажет болса, сабаққа арналған слайдты жүктеу.