Мәтіннен қос сөздерді теріп жазыңдар

Қазақ тілі • 7-сынып Дәстүрлі сабақ

Сабақтың тақырыбы: «Саулық – байлық негізі». Бөлшектік сан есім

Бұл сабақ жоспары оқушылардың тілдік дағдысын жүйелі дамытуға, мәтінмен жұмыс істеуге және бөлшектік сан есімдерді дұрыс қолдануға бағытталған.

Сабақтың мақсаты

Білімділік

  • Тақырып бойынша мәлімет беру.
  • Оқу техникасын жетілдіру, аударма жұмыстарына назар аударту.
  • Жүйелі сөйлеуге және тақырыпты ретімен баяндауға үйрету.

Дамытушылық

  • Жазба тапсырмалар арқылы ойлау қабілетін дамыту.
  • Тілдік белсенділік пен жазу мәдениетін қалыптастыру.
  • Есте сақтау қабілетін және ой-өрісті кеңейту.
  • Сөздік қорды байыту, тіл байлығын арттыру.

Тәрбиелік

  • Тазалыққа және ұқыптылыққа баулу.

Әдіс-тәсілдер

Түсіндіру Сұрақ-жауап Әңгімелесу Тіл дамыту

Көрнекіліктер және байланыс

Көрнекіліктер

Кітап, суреттер, грамматикалық кесте

Пәнаралық байланыс

Орыс тілі, қазақ әдебиеті

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  1. Сәлемдесу.
  2. Сыныптағы оқушыларды түгендеу, келмеу себебін анықтау.
  3. Оқушылардың назарын сабаққа шоғырландыру.

II. Өткен сабақты қайталау және пысықтау

  1. Мәтіннің мазмұнын сұрау.
  2. Берілген сандардан болжалды сан есім жасау: 78, 912, 2, 1000, 2050, 300

III. Жаңа түсінікті қалыптастыру

1) Кіріспе сөз

Денсаулықтың құндылығы, тазалықтың маңызы және бұл ұғымдардың тілдік тақырыппен байланысы қысқаша түсіндіріледі.

2) Сөздікпен жұмыс

Қазақша Орысша
қарапайым простая
тілек просьба
жалаң аяқ босиком
жұту вдыхать
жасыру скрывать

3) Мәтінді рөлге бөліп оқу

Оқушылар мәтінді кейіпкерлерге бөліп оқиды, дауыс ырғағы мен мәнерлеп оқуға мән береді.

4) Грамматикалық тақырып: бөлшектік сан есім

Бөлшектік сан есімнің жасалу жолы түсіндіріліп, мысалдар арқылы дәлелденеді.

IV. Жаңа сабақты бекіту

1) Сандарды сөзбен жазыңдар

Тапсырма A

5/7, 3/5, 1/6, 2/3

Тапсырма B

12/2, 4/2

2) Деңгейлік тапсырмалар

III деңгей

Негізгі
  • Мәтінді рөлге бөліп оқыңдар, сұрақтар құраңдар.
  • Мәтіннен қос сөздерді теріп жазыңдар.

II деңгей

Орта
  • Баланың денсаулығына табиғаттың әсері қандай болғаны туралы әңгімелеңдер.
  • Мәтіндегі қос сөздердің жасалу жолдарын түсіндіріңдер.

I деңгей

Жоғары

Сұрақ бойынша өз пікіріңді ортаға сал: «Дүниедегі ең таза нәрсе — табиғат» дегенді қалай түсінесіңдер?

V. Сабақты қорыту

Мақал-мәтел

«Тазалық – саулық негізі, саулық – байлық негізі».

Мақалдың мәнін талдау: тазалықтың денсаулыққа әсері, денсаулықтың өмірдегі құндылығы.

Қорытындылау

  • Бөлшектік сан есім тақырыбын қайталау.
  • «Саулық – байлық негізі» тақырыбы бойынша негізгі ойларды жинақтау.

Үй тапсырмасы

«Саулық – байлық негізі» тақырыбы бойынша тапсырманы орындау және бөлшектік сан есімге қатысты мысалдар дайындау.

Қосымша

Сабақ жоспарының толық нұсқасын қарап шығу.