Бойында тұнған ізгілік, Ұстаздың үлкен жүрегі

Ұстазы үшін - ұлы үміт,
Ата - ана үшін - мақтаны

Естіліп қоңырау боп құстар әні,
Сол әнмен шәкірт арман ұшқан әрі.
Үш ұстын - Ұстаз, Шәкірт, Ата - ана -
Үйлескен әз - ұяның үш тағаны.

Ата - ана
Тәлімге ұлды шақырар,
Қызға да дейді - қарағым.
Тілеуін тілеп отырар
Әрдайым үйде баланың.

Дейді олар ақыл санада,
Жүгін деп, бойды билетіп.
Отырар әр кез балаға
Адалдық жолын үйретіп.

Дей ме олар сонда құт тұрар,
Бақыт боп сонда келмек күн.
Сондықтан айтып ұқтырар
Не екенін адал еңбектің.

Өлшеусіз ісі олардың,
Жай ғана жандар әрі ұлы.
Бойында әрбір адамның
Солардың жатар тәлімі.

Ұстаз
Негізі бойда ғылымның,
Қашанда ұстаз бағалы.
Ертеңгі үлкен білімнің
Соқпағын солар салады.

Сол жолда аты ерттеулі,
Жақсы істі жүрер ұқтырып.
Шәкірттік өмір шектеулі,
Уақыт алма ұттырып.

Тәрбие жайлы алаңдар,
Адалдық жолдан арды ұққан.
Өмірде барлық адамдар
Ұстаз дейді оны сондықтан.

Ойларға қиял жүздіріп
Мектебін ойлар үнемі.
Бойында тұнған ізгілік,
Ұстаздың үлкен жүрегі.

Шәкірт
Мінезін түгел аштырған,
Күлсе де шыншыл күледі.
Лүпілдеп алға бастырған -
Білім ал дейді жүрегі.

Шәкірт - жыл біткен бағына,
Сезеді мұның өтерін.
Біледі олар тағы да
Білімнің қымбат екенін.

Достары жанында, бірігіп
Өмірге тұлпар баптады.
Ұстазы үшін - ұлы үміт,
Ата - ана үшін - мақтаны.

Ұшқанда қиял таңына
Адам боп шықсын ең кемі.
Маман боп олар тағы да
Болады елдің ертеңі!

Авторы:
Ғабиден ҚОЖАХМЕТ,
Қызылорда қаласы



Ұқсас жұмыстар

Мамандығым - мақтанышым туралы
Менің таңдауым - педагог мамандығы
Ш.А.Амонашвилидің ізгілік педагогикасы
Дүлдүлдер өткен... дүбірлі даланы тербеп
Махмұд Қашқаридың «Диуани-лұғат ат турк» еңбегінің мектепте оқытылуы
Мектепте Жамбыл Жабаев өлеңдерін оқыту жолдары
Педагогикалық шеберлік туралы түсінік
Педагог мамандығы
Мұғалімнің сабаққа дайындалуы
Ұстаз ұлы тұлға
Адам бойындағы жағымды қасиет туралы
Адам бойындағы жағымды қасиет
Жұлдызды аспан көрінісінің жыл бойындағы өзгеруі туралы
Жұлдызды аспан көрінісінің жыл бойындағы өзгеруі
Әуезовтің үлкен суреткерлік шеберлігінің терең ашылып көрінетін айқын тұсы - адам кескіндерін бейнелейтін шақ
Бартолинит (bartholіnіtіs) - әйелдің қынап сағасындағы үлкен бездердің (бартолин бездерінің) қабынуы
Бір кептер үлкен қайыңның салалы бұтағындағы қалың көк жапырақтардың арасында бейқам отыр екен, ентіге жалпылдап, жоғарғы жағындағы бұтаққа монтық қара қарға келіп қоныпты
Ана жүрегі орындайтын Інжу тобы
Қызды үйінен ұзатып салу ата - ана үшін өте үлкен бақыт
Бір түрлі жәндіктер бар, өзі балық секілді су ішінде тұрып, тірі бала тауып, емшегін емізіп өсіретін, сондай жәндіктердің ең үлкені - кит