Қазақтың атақты пулеметші қызы

Сабақтың тақырыбы

Сан есім

Сабақ түрі

Аралас сабақ

Көрнекілігі

  • Ереже
  • Тірек-сызбалар
  • Жаттығулар
  • Суреттер
  • Сергіту сәті
  • Сөзжұмбақ

Сабақтың мақсаты

1) Білімділік

Сөз таптарын еске түсіру және түрлерін ажырату. Сан есім туралы алған білімді тереңдету.

2) Дамытушылық

Сұрақ қою арқылы оқушылардың дүниетанымын және шығармашылық қабілеттерін дамыту.

3) Тәрбиелік

Сөздерге дұрыс сұрақ қоюға және нақты жауап бере білуге тәрбиелеу.

Сабақ барысы

  1. 1

    Ұйымдастыру кезеңі

  2. 2

    Үй тапсырмасын тексеру

  3. 3

    Жаңа сабақ

  4. 4

    Ой қозғау

Ой қозғау сұрақтары

Қандай сөз таптарын білеміз?

Сан есім дегеніміз не?

Сан есімнің түрлерін ата.

Мағынаны тану

Анықтама

Заттың санын және ретін білдіретін сөз табын сан есім дейміз.

Сұрақтары

  • қанша?
  • неше?
  • нешінші?

Түрлері

Сан есім дара, күрделі, есептік, реттік, топтау, бөлшектік болып бөлінеді.

Қызығушылықты ояту: сөзжұмбақ

Төмендегі сұрақтарға жауап беріп, сөзжұмбақты шешіңіз.

  1. 1

    Ең жақсы баға.

  2. 2

    Тұңғыш қазақ ғарышкері.

  3. 3

    Қазақтың атақты пулеметші қызы.

  4. 4

    Білім ордасы.

  5. 5

    Сөз табы.

  6. 6

    Тікенекті аң.

  7. 7

    Жыл мезгілі.

Оқулықпен жұмыс

456-жаттығу

Ауызша талдау: жұмбақты оқып, шешуін табыңыз.

Екі қарауыл, Екі тыңшы, Бір жыршы.

Сан есімді тауып, оған сұрақ қойыңыз.

457-жаттығу

Тақтамен жұмыс: мәтінді көшіріп жазып, сан есімдердің астын сызыңыз.

458-жаттығу

Өз бетімен жұмыс: берілген тіркестерді толықтырыңыз.

төрт сынып

— … сынып

алты топ

— … топ

он айналым

— … айналым

Сергіту сәті

Бір, екі, үш, Бойға жинап күш. Әдемі етіп жазамыз, Күнде бестік аламыз.

Суретпен жұмыс

Суреттер бойынша сөйлемдер құрап, сөйлем ішінен сан есімді табыңыз.

Қорытынды

Оқушылар сан есімнің анықтамасын, сұрақтарын және түрлерін қайталап, жаттығулар арқылы білімін бекітеді.

Үй тапсырмасы

459-жаттығу.

Бағалау

Сабаққа қатысуы мен тапсырмаларды орындауына қарай бағаланады.