Масаның тілін жұлған қарлығаш
Қазақ әдебиеті • 8-сынып
Сілтеме: «Қазақ әдебиеті». Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық. С. Мақпырұлы, А. Қыраубайқызы, К. Құрманбай. Алматы: «Мектеп», 2016. 58-бет. Қосымша: интернет ресурстары, слайд.
Жалпы мақсаты
- Жазушының өмірі туралы қысқаша мәлімет беру.
- Қиссалармен таныстырып, мазмұнындағы негізгі ойды ұғындыру.
- «Қарлығаштың адамға достығы» әңгімесін қазақ ертегісімен салыстыру.
Оқыту нәтижелері
Ынтымақтастық
Сыныпта ынтымақтастық атмосферасы қалыптасады.
Авторды тану
Насреддин Рабғузи туралы түсінігі қалыптасады.
Мәтінді түсіну
Қиссалардың мазмұнын түсініп, ойын жүйелі жеткізе алады.
Сабақтастық
Рабғузи әңгімелерінің қазіргі ертегілерде кездесетінін дәлелдей алады.
Қабілетті байқау
Топ жұмысы барысында талантты оқушылардың қыры көрінеді.
Құрмет пен тыңдау
Басқаның пікірі маңызды екенін түсінеді.
Сабақ кезеңдері
Уақыт үлестірімі минутпен берілген
Кіріспе
3 минутПсихологиялық ахуал қалыптастыру
Мұғалімнің сұрақтары
- Балалар, бүгін аптаның қай күні? (Жұма)
- Жұма қазақ халқы үшін қандай күн? (Қасиетті күн)
- Бүгінгі жұма бәріміз үшін сәтті күн болсын. Сабақ сәтті өтсін!
Топқа бөлу
Оқушылар өлең жолдары арқылы топтарға бөлінеді. Әр оқушыға бағалау парақшасы таратылады.
Үй тапсырмасын тексеру
7 минутЖеке жұмыс
Оқушылар өткен тақырып бойынша берілген сәйкестендіру кестесін орындайды.
Тапсырма: сәйкестендіру (кесте).
Қызығушылықты ояту
ДиалогМұғалім парасатты диалог әдісі арқылы жаңа тақырыпқа жетелейтін сұрақтар қояды. Оқушылар жауаптарын INSERT кестесінің бірінші бағанына жазады.
1-сұрақ
Насреддин Рабғузи туралы не білесіңдер?
2-сұрақ
Қисса деген не?
3-сұрақ
Лұқман Хакім туралы не білесіңдер?
INSERT әдісі
10 минутОқушылар оқулықтағы жаңа мәтінмен танысады және INSERT белгілерін қолданады.
Сыныптық жұмыс
Барлық оқушы өз ойы мен пікірін білдіреді.
Бағалау
Бағалау критерийі: өзін-өзі бағалау.
Мағынаны тану
12 минутОқушылар «Рабғузидың “Қарлығаштың адамға достығы”» және «Лұқман Хакім қиссалары» мәтіндерін мұқият әрі жылдам оқиды. Әр топ жоспар құрып, мазмұнын баяндайды.
1-топ: «Қарлығаштың адамға достығы» (жоспар)
- 1. Нұхтың кемесін тышқан теседі.
- 2. Жыланның тілегі.
- 3. Қарлығаш масаның тілін жұлады.
- 4. Жылан енді құрбақаны жейтін болады.
- 5. Қарлығаш — адамға дос.
2–4-топтар: «Лұқман Хакім қиссалары»
2-топ: Бірінші әңгіме
- Әр хикаятқа ат қою.
- Жоспарлау.
3-топ: Екінші әңгіме
Мазмұнын жоспарлап, негізгі ойды анықтайды.
4-топ: Үшінші әңгіме
Мазмұнын жоспарлап, негізгі ойды анықтайды.
Талдау тірек-бағыттары
Оқиға кейіпкерлері
Кімдер қатысады, рөлі қандай?
Мінездеме
Кейіпкер қасиеттерін дәлелмен ашады.
Өз көзқарасы
Кейіпкерге жеке пікірін білдіреді.
Ой толғаныс
8 минутҮш жақты күнделік
Оқушылар мәтіннен үзінді, түсіндірме және жеке пікірін қатар жазады.
1-топ: Венн диаграммасы
Рабғузидың «Қарлығаштың адамға достығы» қиссасын қазақ ертегілерімен салыстыру.
Назар: ұқсастық • айырмашылық • идеялық өзек.
2-топ: Эссе
Тақырып: «Адамгершілік — ардың ісі».
Назар: өмірмен байланыстыру • мысал • қорытынды пікір.
3-топ: Сахналау
Жаңа тақырып бойынша оқиғаны сахналық көрініс арқылы көрсету.
4-топ: Мақал-мәтелдер
Адамгершілік туралы мақал-мәтелдер жазу және мағынасын түсіндіру.
Жұмыс барысы
- 1.Топ ішінде мәтінді талқылап, идеясын ашады.
- 2.Мәлімет алмасады.
- 3.Топ жұмысының нәтижесін қорғайды.
- 4. 1-топ «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» сияқты ертегілермен салыстыруды негіздейді.
Бағалау
Бағалау критерийі: өзін-өзі бағалау.
Бағалау
2 минут- Әр топтан бір оқушы бүгінгі сабақ туралы ойын айтады.
- Оқушылар тақырыпты өмірмен байланыстырып қорытынды жасайды.
- Бағалау парақшасы арқылы өзін-өзі бағалайды.
Кері байланыс
2 минутНақыл сөздер арқылы оқушылардың сабақ туралы пікірі анықталады. Оқушылар алған әсерін ғұламалардың нақыл сөздерімен байланыстырып білдіреді.
Үй тапсырмасы
1 минутЛұқман Хакімнің қиссаларын оқу; қосымша дереккөздерден өз бетімен ізденіп, өлеңдерімен танысу.
Оқушылар тапсырманы күнделіктеріне жазып алады.