Ауаның құрамы

Сабақтың мақсаттары

Білімділік

Ауа туралы білімді тереңдету және қорытындылау.

Тәрбиелік

Ауаны ластамаудың жолдарын қарастыру, денсаулықты сақтау мәдениетін қалыптастыру.

Дамытушылық

Өз бетімен жұмыс істеуге дағдыландыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Сабақ барысы

1) Ұйымдастыру

Сыныптың сабаққа дайындығын тексеру, назарды тақырыпқа шоғырландыру.

2) Үй тапсырмасын тексеру: графикалық диктант

Төмендегі тұжырымдардың дұрыстығын белгілеңдер (иә/жоқ).

  1. Оттегі газ күйінде кездеседі.
  2. Оттегі атмосферада 78% болады.
  3. CaO — валенттілік бойынша дұрыс жазылған формула.
  4. Оттегі тұрақты II валентті болады.
  5. Оттегіні тек зертханада ғана алады.
  6. Су молекуласы оттек және сутек атомдарына ыдырайды.
  7. Оттегіні өндірісте ауаны сұйылту арқылы алады.
  8. Оттегі жай зат ретінде 3 атомнан тұрады.
  9. Оттектің атомдық массасы 16-ға тең.
  10. Оттегі қатты күйде кездеседі.

3) Үй тапсырмасын бекіту

Диктант қорытындысы бойынша қателерді талдау және түсіндірме беру.

4) Жаңа сабақты түсіндіру: «Ауа — газдар қоспасы»

Оқушылар жаңа тақырыпты өз бетімен оқып, мазмұнын қысқаша баяндайды. Жұмыс барысында төмендегі сұрақтарға сүйеніп, қысқаша конспект жасайды.

  • Ауаның құрамы қандай?
  • Ауаның құрамын зерттеген ғалым(дар) кім?
  • Ауада қандай кездейсоқ (іздік) газдар болуы мүмкін?
  • Инертті газдардың ерекшелігі қандай?
  • Тағы қандай газдар таралған, олардың зияны неде?
  • Ауаны зиянды газдармен ластамаудың қандай шараларын білесіңдер?
  • «Орман ауасы» және «жанғыш ауа» деп қандай газдарды атайды?

Сен білесің бе?

Адам құрамында 21% оттек, 79% азот, 0,03% көмірқышқыл газы бар атмосфералық ауамен тыныс алады. Дем шығарған ауада шамамен 16% оттек, 4,0% көмірқышқыл газы, 79% азот болады.

Дем алған және дем шығарған ауа құрамындағы оттек пен көмірқышқыл газының айырмашылығы — өкпеде жүретін газ алмасудың нәтижесі.

Адам бар болғаны 2 минут қана тыныс алмай тұра алады.

Мектеп сыныбында сабақ басталғанға дейін шамамен 1 м³ ауада 2600 микроб болады, ал I ауысым соңында 13500 микробқа дейін жетуі мүмкін.

Нашар желдетілген бөлмеде ауа құрамындағы көмірқышқыл газы 0,1%-дан артып кетуі ықтимал. Мұндай деңгей адам денсаулығына зиян.

Қалалардағы зауыттар мен фабрикалардан бөлінетін улы газдардың әсерінен өсімдіктердің зат алмасуы баяулайды. Мысалы, жөке ағашы орманда шамамен 400 жыл өмір сүрсе, қала жағдайында небәрі 50–80 жыл ғана өмір сүруі мүмкін.

5) Бекіту

Әр екі оқушыға бір тапсырмадан беріліп, жұптық жұмыс орындалады. Нәтижелері бойынша қысқаша талқылау жүргізіледі.