Қазақ халқының ұлттық дәстүріндегі үлкен мен кіші арасындағы сыйласымды қатысымды ұлттық құндылық ретінде таныту

Психологиялық тренинг

Сабақтың тақырыбы: жарасымды қарым-қатынас (презентация)

Бұл сабақ қазақ халқының ұлттық дәстүріндегі үлкен мен кіші арасындағы сыйластықты ұлттық құндылық ретінде түсіндіруге және күнделікті өмірде қолдануға бағытталған.

Сабақтың мақсаты

Қазақ халқының ұлттық дәстүріндегі үлкен мен кіші арасындағы сыйласымды қарым-қатынасты ұлттық құндылық ретінде таныту.

Міндеттері

  • «Үлкен», «кіші», «ел ағасы» ұғымдарының мәнін ашу.

  • Үлкен мен кіші арасындағы сыйласымды қарым-қатынастың маңызын ұғындыру.

  • Өзінен үлкенді сыйлауға, құрметтеуге, инабатты болуға тәрбиелеу.

ОП

Ойланайық, пікірлесейік

Төмендегі сұрақтар өз ойыңызды жинақтап, қарым-қатынас мәдениетінің өзегін түсінуге көмектеседі.

1) Жарасымды қарым-қатынас

«Жарасымды қарым-қатынас» ұғымын сіз қалай түсінесіз?

2) Қажетті қасиеттер

Кез келген адаммен дұрыс қарым-қатынас орнату үшін қандай қасиеттер қажет деп ойлайсыз?

3) Өзін-өзі бағалау

Сол қасиеттер сіздің бойыңызда бар ма? Қай тұсын күшейткіңіз келеді?