Қытай жазбаларында үйсіндер
Батыс Қазақстан облысы, Бөкей Ордасы ауданы, Хан Ордасы ауылы — Жәңгір хан атындағы жалпы білім беретін орта мектебі.
Тарих пәнінің мұғалімі: Алмурзина Гүлмира Жолдыбаевна
Қаңлылар туралы деректер. Археологиялық ескерткіштер
Бұл материал қаңлылардың тарихи деректердегі бейнесін, археологиялық мұраларын және жерлеу дәстүрін жүйелі түрде түсіндіруге бағытталған.
Білімдік мақсат
Оқушыларға қаңлылардың ежелден келе жатқан қазақ тайпаларының бірі екенін, қазақ халқының қалыптасуына үлес қосқанын көрсету. Қаңлылардың белгілі мемлекет ретінде көптеген елдермен дипломатиялық, сауда және мәдени қатынастар жасағанын түсіндіру. Тірек-сызбалар арқылы білімді жүйелеу және бекіту.
Дамытушылық мақсат
Алдыңғы тақырыптармен салыстыра талдау жасау, ұқсастық пен айырмашылықты Венн диаграммасы арқылы анықтау. Сұрақтар мен тапсырмалар арқылы оқушыларды өздігінен қорытынды шығаруға үйретіп, ой-өрісін дамыту.
Тәрбиелік мақсат
Қаңлылардың адамзат тәжірибесіне қосқан үлесін аша отырып, оқушыларды еліміздің өткен тарихына құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Сабақ форматы мен әдістері
Сабақтың түрі
Аралас сабақ.
Оқыту әдістері
- Өздігінен жұмыс ұйымдастыру
- Тірек-сызба арқылы түсіндіру
- Топпен жұмыс
Көрнекіліктер
- ҚР картасы, қаңлылар картасы
- Сөзжұмбақтар, слайд
- Интерактивті карта
Сабақтың құрылымы
- I Ұйымдастыру
- II Жаңа оқу материалын меңгеру
- III Үй тапсырмасын тексеру
- IV Қорытындылау
Жаңа сабақ жоспары
- Қаңлылар туралы деректер
- Археологиялық ескерткіштер
- Қаңлылардың жерлеу дәстүрі
Қаңлылар туралы негізгі деректер
Сабақтың мақсатымен таныстырғаннан кейін, қазақ даласын мекендеген тайпаларды еске түсіру үшін шағын «саяхат» жасаймыз.
Қаңлылар б.з.б. III–II ғасырлар мен б.з. V ғасыры аралығында өмір сүрген.
Б.з.б. II мыңжылдықта Қытай билеушілері Батыс елдерге елшілер жіберіп, олардың мақсаттары — елдермен танысу және сауда байланысын орнату болды. Сол елдердің бірі — қаңлылар.
Қаңлылар туралы мәліметтер көбіне Қытай деректерінде кездеседі. Қытай тарихшысы Сыма Цянь «Тарих жазбаларында» көшпелілердің өмірі мен тұрмысын сипаттап жазған.
Ғалымдардың пайымдауынша, б.з.б. 46–36 жылдары қаңлылар Қытайға қарсы тұрған ғұндарға қолдау көрсеткен.
Қытай деректері бойынша қаңлы тайпалар одағында 120 мың түтін (шамамен 600 мың адам) және 120 мыңға дейін жауынгер болған.
Аумағы, астанасы және басқару жүйесі
Шекаралары мен астанасы
- Қаңлы мемлекетінің шекаралары Ташкент өңірінен асып, Қаратау бөктерлерінен басталып, Талас өзеніне дейін созылған.
- Негізгі атамекені — Сырдария өзенінің орта ағысы.
- Астанасы — Битянь.
Билік құрылымы
- Жазба деректер бойынша қаңлы елін хан басқарған.
- Ел бес бөлікке бөлініп, әр иелікті кіші хандар басқарған.
- Кіші хандар Ұлы ханға бағынған.
- Ру-тайпаларды көсемдер басқарған, лауазым мұрагерлік жолмен әкеден балаға өткен.
Сыртқы байланыстар
Қаңлылар экономикалық, мәдени және саяси қатынастарды бірнеше ірі мемлекетпен дамытқан:
- Қытай
- Рим
- Кушан мемлекеті
Археологиялық ескерткіштер
Қаңлы мәдениетін танытатын археологиялық мұралар бірнеше ірі өңірлік топқа біріктіріледі:
Қауыншы
Ташкент төңірегі.
Отырар–Қаратау
Сырдария өзенінің орта ағысы, Қаратау беткейлері.
Жетіасар
Арал теңізінің шығыс жағы, Қуаңдария бойы.
Оқулықтағы суреттер бойынша талқылау
- Көк-Мардан қаласының орны.
- Қыш ыдыстар және қола бұйымдар.
Бекіту тапсырмалары (үйсіндер тақырыбымен байланыс)
Оқушылардың алдыңғы білімін еске түсіру және салыстыру дағдысын дамыту үшін төмендегі тапсырмалар ұсынылады.
I тапсырма
Үйсіндердің шаруашылығы: ____________________________
II тапсырма
Үйсіндердің айналысқан кәсіп түрлері: ____________________________
III тапсырма (толықтыр)
Үйсіндердің тұрмысында ________________ маңызы зор болды. Жетісудың табиғаты оларға көп ________________ ұстауға мүмкіндік берді.
Олардың ________________ мен ________________ аралары онша қашық емес еді — _____–_____ шақырым шамасында болды.
Қытай жазбаларында: үйсіндер «________________ де, ________________ де айналыспайды, тек оты мол, суы мол жерлерге ________________ бірге көшеді де жүреді» делінген.
Үйсіндердің бір бөлігі көшпелі өмір сүрді әрі ________________ де шұғылданды.
Үйсіндерде тері өңдеу кәсібі жақсы дамыған. Одан күнделікті тұрмысқа қажетті бұйымдар, ________________ жасап, ________________, ________________, ________________, ________________ тікті.
Ыдыстарды әйелдер ________________ жасаған.
Материалдар
- Толық нұсқасын жүктеу
- Слайдын жүктеу