Топтастыру Түліктің пайдасы

Сабақтың мақсаты

Төрт түлік малдың пайдасы мен қызметі туралы түсінік беру; етістік түрлерін ажырата білуге дағдыландыру; түрлі деңгейдегі тапсырмалар арқылы оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру; жануарларға қамқорлық жасап, қорғай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі

Баяндау, «ішіне–сыртына» әдісі, топтастыру.

Сабақтың типі

Білімді кешенді қайталау.

Сабақтың түрі

Дәстүрлі сабақ.

Көрнекілігі

Интерактивті тақта.

Күтілетін нәтиже

  • Төрт түлік малдың пайдасы мен қызметі туралы біледі.
  • Етістік түрлерін ажырата алады.

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  1. A) Сәлемдесу.
  2. Ә) Сабаққа әзірлік.
  3. Б) Кезекшілер есебі.

II. Жаңа сабақ

1) Сөздік жұмысы

Түліктің пайдасы
польза домашних животных
Кәсіп
профессия
Мал шаруашылығы
животноводство
Жүн
шерсть
Мата
ткань
Тері
шкура
Былғары
кожа
Қымыз (бие сүті)
кобылье молоко
Шұбат (түйе сүті)
верблюжье молоко

2) «Ішіне–сыртына» әдісі

Шеңбер сыртындағы жануарлардың ішінен шеңбер ішіне төрт түлік малды жинақтап, олардың пайдасы мен қызметі туралы түсінік беріледі.

3) Кітаппен жұмыс

102-бет

3-тапсырма

Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қойып, көшіріп жазыңдар.

Түліктің пайдасы

Қазақ халқының нег...згі кәсіб... – мал шар...ашылығы. Қаза...станда ...ой, с...ыр, ж...лқы және т...йе өсіріледі. Қ...й – өте п...йдалы мал. Қ...йдың ж...нінен неше т...рлі мата тоқ...ды. Қ...йдың т...рісінен был...ары жасайды. Ж...лқы – к...лік. Биен...ң с...тінен қым...з ашытады. Т...йенің с...тінен ш...бат ашытады.

4) «Сөйлемді толықтыр» тапсырмасы

  1. 1. Жиі-жиі қазақша .................... керек.
  2. 2. Жаңа сөздерді ..................... керек.
  3. 3. Теледидар .................... керек.
  4. 4. Қазақша кітап .................... керек.
  5. 5. Сабаққа ................................. керек.
  6. 6. Ережені ............................. керек.

Керекті сөздер

жаттау, оқу, түсіндіру, сөйлеу, көру, дайындалу

III. Сабақты қорыту

1) Семантикалық картамен жұмыс

Етістіктер Тұйық етістік Негізгі етістік Туынды етістік
Ақта
Бар
Күлу
Өт
Тазала
Бағу
Тұзда
Көшу
Жүр
Бағала

Ескерту: Кестедегі бағандарды оқушылар сабақ барысында белгілеу үшін қалдыруға болады.

2) Топтастыру

Тақырып: Түліктің пайдасы.

3) Төрт түлік мал туралы мақал-мәтелдер

  • 1. Жылқы – малдың патшасы, түйе – малдың қасқасы.

  • 2. Мал өсірсең қой өсір, өнімі оның көл-көсір.

  • 3. Сиыр сипағанды білмейді.

IV. Үйге тапсырма

102-бет, 3-тапсырма: «Түліктің пайдасы» мәтінінің мазмұнын айту.

V. Оқушылар білімін бағалау

Оқушылардың сабаққа қатысуы, тапсырмаларды орындауы және етістік түрлерін ажыратуы бойынша бағалау жүргізіледі.