Сын тұрғысынан ойлауын дамыту

Ана тілі

Сабақтың тақырыбы: «Арыстан мен тышқан»

Сабақтың мақсаты

  • а) Білімдік

    Оқушыларды мысал жанрымен таныстырып, негізгі ойды және идеяны ұғындыру. Көркем шығарманы оқуға қызығушылығын арттыру.

  • ә) Дамытушылық

    Оқушылардың ой-өрісін кеңейту; түсініп, мәнерлеп оқу дағдыларын нығайту; сын тұрғысынан ойлауын дамыту. Өз ойын еркін айтып, дәлелдей білуге үйрету.

  • б) Тәрбиелік

    Оқушыларды адалдыққа, қайырымдылыққа тәрбиелеу.

Типі

Жаңа білімді меңгерту

Әдісі

Дамыта оқыту технологиялары

Құралдар

Интерактивті тақта, Венн диаграммасы

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

Қызығушылықты ояту

  • «Жапырақ жинау» ойыны
  • Топқа бөлу: 1-топ — Сары, 2-топ — Жасыл

Психологиялық дайындық

Біз әдепті баламыз,
Тек үлгілі боламыз.
Еңбек етіп жұмыла,
«Бестік» баға аламыз.

Белсенді жұмыс түрлері

Постер қорғау

Ой ашар тапсырмалар арқылы тақырыпқа бағыттау.

«Галереяны аралау»

Топ жұмыстарын қарау және пікір айту.

Ой қозғау

Мысал жанры туралы түсінікті нақтылау.

2) Үй тапсырмасын тексеру

Мәтіннің мазмұнын айту және диалогтік оқыту әдісі бойынша сұрақтар дайындау. Екі топ сұрақтарын ауыстырып, жауап береді.

Сұрақтар

  1. Қазақ жеріне кімдер шабуыл жасады?
  2. Халық неден қатты қиналды?
  3. 1730 жылы қазақ жеріне шабуыл жасаған жоңғар қонтайшысы кім?
  4. Абылайдың денесі қайда жерленді?
  5. Абылай өсиетінде кімдермен байланысты үзбеу керек деді?
  6. Абылай хан қайда жерленді?

Жаңа сабақ: «Арыстан мен тышқан»

Мысал дегеніміз не?

Мысал — адам бойындағы кемшіліктерді сынап, адалдық, әділдік, қайырымдылық сияқты жақсы қасиеттерді мадақтайтын шығарма. Мұндай туындыларда өсімдіктер мен жануарлар, аңдар мен құстар кейіпкер ретінде алынады.

Жұмбақтар

Жұмбақ 1

Бір аң бар қайраты бар, болған күшті,
Басынан өткізеді әрбір істі.

Жауабы: Арыстан

Жұмбақ 2

Мысықтан бұл қорқады,
Бұдан піл қорқады.

Жауабы: Тышқан

Мағынаны тану

Бүгін біз адам бойындағы жақсы және жаман қасиеттердің ара-жігін ашып көрсететін, өнегеге әрі тәлімге толы С. Торайғыровтың «Арыстан мен тышқан» мысалымен танысамыз.

Автор туралы

С. Торайғыров — дарынды ақын. Ол небары 27 жыл ғана өмір сүрсе де, қысқа ғұмырында мол мұра қалдырды және мысал өлеңдер жазды.

Бұл мысал арқылы ақын күштінің әлсізді менсінбеуін әшкерелейді.

Негізгі түйін

  • Идея

    Жақсылық пен қайырымдылықтың құндылығын ұғыну.

  • Дағды

    Түсініп оқу, мәнерлеп оқу, дәлелдеп сөйлеу.

  • Құндылық

    Адалдық, әділдік, өзара көмек.