Жолда абай болыңдар, сақ болыңдар

Сабақтың тақырыбы

Жол ережесін білесің бе?

Сабақтың мақсаты

  • Оқушыларды көшеде дұрыс жүруге және қауіпсіздік мәдениетіне тәрбиелеу.
  • Жол белгілерін ажыратып, мағынасын есте сақтауға үйрету.
  • Жолда жүргенде ережені сақтап, оң жақпен жүру дағдысын қалыптастыру.

Көрнекіліктер

  • Бағдаршам
  • Жол белгілері бейнеленген суреттер
  • Жол ережесіне байланысты макеттер

Сабақтың жүрісі

1) Ұйымдастыру. Кіріспе

Жүргізуші

Арманға алдан күткен асығамыз,
Біз қалай толқын атпай басылармыз?
Жол жүру ережесін жақсы біліп,
Сақтықта тұра алатын жас ұланбыз.

Жалғайтын, достастырып бар елменен,
Жолдардан тұрады ғой әлем деген.
Бүгінгі бізге келген қонақтарға
Алдымен беріледі сәлем деген.

Сәлеметсіздер ме, құрметті көрермендер! Бүгінгі тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

Балалар, осы аптада мектебімізде жолда жүру тәртібіне арналған апталық өтіп жатыр. Осыған орай 1-сыныптар арасында «Жол ережесін білесің бе?» атты тәрбие сағатын өткізгелі отырмыз.

Мектебімізде алты 1-сынып бар. Әр сынып жол жүру ережесіне байланысты өз білімін, білігін және өнерін ортаға салады. Ендеше, алдымен ортаға 1 «А» сынып оқушыларын шақырайық.

Сахналық көрініс

«Жол ережесін білмегеннің кесірі». (Оқушылар шығып көрсетеді.)

Жүргізуші

Міне, көрдіңдер ме, балалар: жол тәртібін дұрыс сақтамасаңдар, осындай қиын жағдайларға тап болуың мүмкін. Жол заңы дұрыс жүруді және әрдайым сақ болуды талап етеді.

Ережені бұзу — қауіпті. Кейбір жағдайларда адамдар қаза табады, ал кейбірі өмір бойына мүгедек болып қалуы мүмкін. Сондықтан жол жүру ережесін бұзбаңдар, жолда мұқият әрі абай болыңдар.

2) Бағдаршам және жол тәртібі

1 «В» сынып оқушыларының өлең-тақпақтары

(Оқушылар тақпақтарын айтады.)

Жүргізуші

Жарайсыңдар, балалар. Жол ережесін бұзбайтын тәртіпті оқушы болыңдар. Бағдаршам туралы білімдерің жақсы екен.

Бағдаршам — автоматты жүйеге қосылған үш көзді құрылғы. Ол жол қозғалысын реттейді және өмірімізді қауіптен сақтайтын маңызды көмекшіміз. Оның мәнін түсініп, талаптарын орындау — бәрімізге міндет.

3) Жол белгілері — көшедегі «тілсіз көрсеткіштер»

1 «Г» сынып оқушыларының таныстырылымы

(Оқушылар жол белгілері туралы айтады.)

Жүргізуші

Жарайсыңдар! Көшедегі тілсіз көрсеткіштерді де жақсы білесіңдер екен. Біз әр белгінің қандай мақсатта қолданылатынын түсіндік.

Қаламызда да, еліміздің барлық қала-аулында да ортақ көше қатынасы ережелері бар. Бұл ережені оқушылар да, ересектер де, барлық жаяу жүргіншілер мен көлік жүргізушілері де бұлжытпай орындауы керек.

4) Ой сергіту: жұмбақтар

1 «Ә» сыныптың бөлімі

(Айжан апай дайындаған жұмбақтарды жасырады, оқушылар шешеді.)

5) Қауіпсіз қозғалыс: самокат, велосипед және көлік

1 «Ғ» сыныптың көрінісі

(Сынып жетекшісі мен оқушылары шығып көрсетеді.)

Жүргізуші

Жақсы, балалар. Бұл тақырып бойынша да білімдерің байқалды.

Әрбір оқушы мектепте өтетін «Көшеде жүру тәртібі» тақырыбындағы сабақты мұқият тыңдап, әр сабақтан қорытынды жасап отыруға міндетті. Үлгілі, тәртіпті, әдепті оқушы жол тәртібін, жол жүру ережесін және жол заңын бұзбайды.

Сендер де сондай оқушылардың қатарынан табылыңдар. Жолда абай болыңдар, сақ болыңдар! Жол ережесін қатаң есте сақтаңдар!

Осымен тәрбие сағатымыз аяқталды. Қош сау болыңдар!