Қолдың ұсақ қол маторикаларын дамыту балалардың сөйлеуінің дамуына апаратын жол

Түсіндірме

Қазіргі білім беру жүйесінде қабілетті, шығармашыл, өз бетінше әрекет ететін, бастамашыл әрі өз мүмкіндігін танып, ойын жүзеге асыра алатын тұлғаны қалыптастыру — басым бағыттардың бірі. Бұл ұстанымдар мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту стандартында айқындалған.

Мектепке дейінгі ұйымдарда «Шығармашылық» білім беру саласының орны ерекше. Оның негізгі мақсаты — баланың сезімдік-эмоциялық әлемін және қиялын дамыту арқылы шығармашылық ойлау мәдениетінің негізін қалыптастыру.

Негізгі идея

Саусақтың дәл және үйлесімді қозғалыстары баланың қол икемін ғана емес, сонымен бірге сөйлеу дағдыларының жетілуін де қолдайды. Сондықтан шығармашылық тапсырмалар мен ұсақ моториканы қатар дамыту — тиімді тәсіл.

Бағдарламаның мақсаты

Қосымша білім беру арқылы тәрбиеленушінің білімін, шеберлігін және шығармашылық әлеуетін ашу; шығармашылық жұмысқа тарту арқылы танымдық қабілеттерін, қызығушылығын арттыру; жетістіктерін бағалау, белсенділігін қалыптастыру және өздігінен еңбек етуге дайындау; іскерлігін дамыту.

Бағдарламаның міндеттері

  • Тәрбиеленушілерді шығармашылыққа тарта отырып, жобаны танып-білуге үйрету және «он саусағынан өнері тамған» баланы тәрбиелеу.
  • Баланың шеберлігін, білімін және еңбегін көрсетуге мүмкіндік беру.
  • Іскерлік пен икемділік қабілеттерін арттыру.
  • Еңбек дағдыларын қалыптастыру, төзімділігін және табандылығын дамыту.

Бағдарлама құрылымы

1-бөлім: «Сиқырлы алақандар»

36 сағат

Дәстүрлі емес сурет салу технологиялары арқылы қолдың ұсақ моторикасын және шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған.

2-бөлім: «Сиқырлы жолақтар»

36 сағат

«Квиллинг» — қағаздан құрастырудың көркемдік әдісі ретінде. Қарапайым тәсілдерді меңгерту арқылы балаларды интеллектуалдық және эстетикалық тұрғыда жан-жақты дамытуға бағытталған.

1-бөлім: «Сиқырлы алақандар»

Мақсаты

Дәстүрлі емес сурет салу технологиялары арқылы балалардың ұсақ моторикасын және шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Міндеттері

  • Түрлі материалдарды пайдаланып, дәстүрлі емес техника мен әдістерді үйрету.
  • Кескіндеменің әртүрлі жанрларымен таныстыру.
  • Кескін, түс арқылы бейнелеу және қиялдау қабілетін дамыту.
  • Балалар шығармашылығын қолдау және ынталандыру.

Күтілетін нәтижелер

  • Жануарлардың пішінін бейнелей алады.
  • Заттар мен нысандардың көлемдік арақатынасын ескеріп, композиция құрастыра алады.
  • Жолақ бетіне геометриялық пішіндер мен өсімдік өрнектерінен өрнек жасай алады.
  • Қайшыны дұрыс ұстап, қауіпсіз пайдалана алады.
  • Ұжымдық жұмыстарды орындауға қатысады.

2-бөлім: «Сиқырлы жолақтар»

Мақсаты

«Квиллингті» қағаздан құрастырудың көркемдік әдісі ретінде танытып, оның қарапайым тәсілдерін меңгерту арқылы балаларды интеллектуалдық және эстетикалық тұрғыда жан-жақты дамыту.

Оқытып-үйрету

  • Квиллингтің негізгі үлгілерімен және ұғымдарымен таныстыру.
  • Қағазбен жұмыс істеудің әртүрлі тәсілдерін үйрету.
  • Ауызша нұсқаулықтарды қолдана білуге үйрету.
  • Геометриялық ұғымдармен таныстыру: домалақ, шаршы, үшбұрыш, бұрыш, жақ, биіктік, төртбұрыш және т.б.
  • Арнайы терминдер арқылы сөздік қорын байыту.
  • Квиллинг техникасындағы бұйымның композициясын құрастыру.

Дамытушылық

  • Логикалық және кеңістіктік ойлауын, қиялын дамыту.
  • Есте сақтау және назар аудару қабілеттерін жетілдіру.
  • Көзбен шамалау қасиетін және ұсақ моториканы дамыту.
  • Көркемдік талғамын, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
  • Саусақтардың дәл қимылын қалыптастырып, қолмен жұмыс істеу дағдысын нығайту.

Тәрбиелік

  • Квиллингке қызығушылығын тәрбиелеу.
  • Еңбек мәдениетін қалыптастыру және еңбек дағдыларын жетілдіру.
  • Ойын жағдайларын құру арқылы коммуникативтік қабілеттерін кеңейту.
  • Жинақылыққа, ұқыптылыққа, мұқияттылыққа және материалды үнемдеп, күтіп қолдануға үйрету; жұмыс орнын тәртіпте ұстауға дағдыландыру.

Күтілетін нәтижелер

  • Кіші жастан өз бетінше ізденуге бейімделеді.
  • Шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыланады.
  • Топпен де, жеке де жұмыс істеуді меңгереді.
  • Өзін-өзі тексеруге, өзін-өзі бағалауға, қорытынды жасауға және өз пікірін айтуға үйренеді.

Қорытынды

«Сиқырлы әлем» бағдарламасы шығармашылық әрекет пен қол саусақтарының ұсақ моторикасын жүйелі түрде дамыта отырып, баланың сөйлеуін, зейінін, қиялын және еңбек дағдыларын кешенді қолдауға бағытталған.

Материал: «Сиқырлы әлем» бағдарламасы (вариативті компонент). Жүктеу