Есепті шығар. Сабақ тақырыбы
Сабақ тақырыбы
Қайталау. «Білім – сайыс» сабағы.
Сабақтың мақсаты
- Білімділік: есептеу тәсілдерін қайталау; бір амалмен шығарылатын есептерді (кері есеп құрастыру) шешу; өзара кері есептер құру, шығару және түрлендіру; құрылымы күрделі өрнек құрастыру; теңдеу шешу дағдыларын тиянақтау және бекіту.
- Дамытушылық: танымдық қабілеттерін, есте сақтау мен ойлау дағдыларын дамыту; өздігінен жұмыс істеуге және топпен жұмыс істеуге үйрету; шығармашылық белсенділікті арттыру.
- Тәрбиелік: оқытуды өмірмен байланыстыра отырып, өз біліміне сенімді болуға, ұқыптылыққа, істі аяқтай білуге және жолдастық көмек көрсете білуге тәрбиелеу.
Сабақ түрі
Білім – сайыс сабағы
Әдістері
Сұрақ-жауап, іздену, түсіндіру, топпен жұмыс
Көрнекілік
Интерактивті тапсырмалар, тест
Пәнаралық байланыс
Дүниетану, әдебиеттік оқу
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі (психологиялық әзірлік)
Шаттық ұраны
Шынығамыз, шыңдаймыз,
Жарыстарға қатысамыз.
Жүлделі орындарды
Біліммен алуға
Талпынамыз!
Талаптарыңа нұр жаусын!
Сұрақ пен жұмбақ
Сабақта біліммен жарысуға дайын болсаңдар, қыс мезгілінде қандай жарыстар өткізуге болады деп ойлайсыңдар?
Жұмбақ
Есіктен кіреді еңкейіп, төрге шығады қампиып.
Жауабы: Аяз
Топқа бөлу
Тапсырмалар ортақ. Сондықтан дұрыс, шапшаң, тез ойлап, белсенділікпен орындап, жүлделі орынға талпыныңдар.
Ереже: «Кім қарды көп жинаса (топпен), сол топ жеңімпаз болады».
II. Үй тапсырмасынан бастайық (ауызша бекіту)
Өткен тақырыптарға байланысты ондық пен бірлікті ажыратып оқимыз:
1 онд. 5 бірл.
15
3 онд. 3 бірл.
33
8 онд. 3 бірл.
83
7 онд. 2 бірл.
72
6 онд. 1 бірл.
61
III. Сайысқа сәт сапар! (негізгі тапсырмалар)
1) Мысалдардың шығару тәсілдерін түсіндіріп, сол тәсілмен шығар
Негізгі идея: бірліктерді қосу/азайту үшін санды ыңғайлы түрде жіктейміз (толық ондыққа жеткізу, бөлшектеу).
Мысал 1
76 + 8 = 84
- 70 + (6 + 8) = 84
- (76 + 4) + 4 = 84
84 − 6 = 78
- (84 − 4) − 2 = 78
- 70 + (14 − 6) = 78
Мысал 2
85 + 9 = 94
- 80 + (5 + 9) = 94
- (85 + 5) + 4 = 94
94 − 5 = 89
- (94 − 4) − 1 = 89
- 80 + (14 − 5) = 89
2) Есепті шығар және кері есептер құрастыр
Негізгі есеп
Отырып-тұру жаттығуын 26 рет орындады. Денесін көтеруді 3 рет орындады. Отырып-тұру жаттығуын қанша рет артық орындады?
Шешуі
26 − 3 = 23
Жауабы: 23 рет артық.
Кері есептер
Кері есеп 1
Отырып-тұру: 26 рет. Айырмасы: 23 рет (кем). Денесін көтеру: ?
26 − 23 = 3
Жауабы: 3 рет.
Кері есеп 2
Денесін көтеру: 3 рет. Айырмасы: 23 рет (артық). Отырып-тұру: ?
23 + 3 = 26
Жауабы: 26 рет.
3) «Кім жылдам?» есепте
Ауызша немесе баған түрінде.
86 + 6 − 12 + 39 − 37 + 9 + 20 = ?
Жауабы: 111
4) Өрнек құр және мәнін тап (өзіндік жұмыс)
A
20 + (12 − 8)
Мәні: 24
I
60 + (a + 7) = 72
a = 5
II
50 − (a − 6) = 43
a = 13
III
40 + (a + 8) = 65
a = 17
Сергіту минуты
Өлең-жаттығу
Шаңғы, шана сайла,
Конькиді байла.
Думанайып ойна,
Шапшаң, дұрыс ойла!
Ой сергіту сұрағы
Жарысқа 15 бала қатысты. Бесеуі құлады, үшеуі сүрінді, екеуі артта қалды. Қанша бала орын алды?
Жауабы: 5
Логикалық жаттығулар
1-тапсырма
Мұз айдында 7 бала асыр сап жүр сырғанап. Сырғанамай 2 бала жағалауда тұр қарап. Енді осы бар баланың санын тап.
Жауабы: 9
2-тапсырма
Он асықтың үшеуін досың сұрап алады. Айтшы, сонда нешеуі өз қолыңда қалады?
Жауабы: 7
3-тапсырма
Жарысқа 15 бала қатысты. Бесеуі құлады, үшеуі сүрінді, екеуі артта қалды. Қанша бала орын алды?
Жауабы: 5
Теңдеу құрып, шеш
6 + x = 45
x = 45 − 6
x = 39
Тексеру: 6 + 39 = 45
45 − x = 6
x = 45 − 6
x = 39
Тексеру: 45 − 39 = 6
5) «?» — жалғастыр (ауызша орындауға болады)
Ондық пен бірлікті пайдаланып, өрнекті жалғастырып оқы:
- 1 онд. 7 бірл. + 3 бірл. = 2 онд.
- 2 онд. − 3 бірл. = 1 онд. 7 бірл.
- 3 онд. − 7 бірл. + 3 бірл. = 2 онд. 6 бірл.
- 2 онд. 7 бірл. + 3 бірл. = 3 онд.
- 3 онд. − 3 бірл. = 2 онд. 7 бірл.
- 4 онд. − 3 бірл. = 3 онд. 7 бірл.
Мәреге жақындадық: тест тапсырмасы
Көгілдір мұз тайғанақ, жалтылдайды мұзайдын. Өткендерді қайталап, тестке жауап іздейік!
1) Шаршы периметрін табу үшін:
- a) екі қабырғасының ұзындығын қосамыз
- ә) барлық қабырғаларының ұзындығын қосамыз
- б) үш қабырғасын өлшейміз
2) 2 онд. 8 бірл. + 2 бірл. = ?
- a) 3 онд.
- ә) 5 онд.
- б) 28 бірл.
3) Салыстыр: 52 см ☐ 5 дм 2 см
- a) <
- ә) =
- б) >