Абайдың әжесінің аты кім
Сабақтың тақырыбы: Абайдың табиғат лирикасы
Бұл сабақта Абай Құнанбайұлының табиғат лирикасын терең меңгеру, өлеңді мәнерлеп оқу мен жатқа айту дағдыларын дамыту, мәтінді талдау машығын жетілдіру және теориялық ұғымдарды жүйелеу көзделеді. Сонымен қатар этнографиялық танымды кеңейтіп, экологиялық және эстетикалық тәрбие беру негізгі бағыттардың бірі болады.
Білімдік мақсат
- Абай өлеңдерін терең меңгерту, жатқа айтуға дағдыландыру.
- Өлеңді талдау машығын жетілдіру, теориялық ұғымдарды түсіндіру.
- Этнографиялық түсініктерді кеңейту.
Дамытушылық мақсат
- Шығармашылықпен жұмыс істеуге ықпал ету.
- Ойлау қабілетін және сөйлеу мәдениетін дамыту.
Тәрбиелік мақсат
- Эстетикалық және экологиялық тәрбие беру.
- Поэзия, саз өнері, бейнелеу өнеріне сүйіспеншілікті арттыру.
- Абай мұрасын терең сезіндіру, туған табиғатқа қамқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақ форматы
- Түрі:
- Жарыс сабақ (топтық)
- Әдіс-тәсілдер:
- Баяндау, ой қозғау, дөңгелек үстел, кубизм, Венн диаграммасы, топтық жарыс
- Пәнаралық байланыс:
- Тарих, ән-күй
Көрнекілік
- Сұрақ-тапсырмалар салынған конверттер
- Ақын портреті
- Абай сөздері жазылған плакаттар
- Қосымша дидактикалық материалдар
- О. Сүлейменов пен М. Шахановтың суреттері
Сабақ барысы
1) Ұйымдастыру және қызығушылықты ояту
- Оқушыларды екі топқа бөлу.
- Топ басшысын сайлау.
-
Ой қозғау: «Дөңгелек үстел» стратегиясы бойынша әр топқа ақ парақ беріледі. Оқушылар жыл мезгілдерін сипаттап жазады:
- 1-топ: жазғы табиғат
- 2-топ: қысқы табиғат
- Әр топтан бір оқушы жазғанын оқып береді.
2) Өткенді пысықтау: «Абай әлемі»
Кластер әдісі арқылы қойылған сұрақтарға дұрыс жауаптарды табу және сәйкестендіру.
Негізгі сұрақтар мен жауаптар
- 1. Абай қай жылы туған? — 1845 жыл, 10 тамыз.
- 2. Туған жері? — Семей облысы, Шыңғыстау бөктері.
- 3. Абайдың шын аты? — Ибраһим.
- 4. Әжесінің аты? — Зере.
- 5. Арғы аталары? — Өскенбай, Ырғызбай.
- 6. Шешесінің аты? — Ұлжан.
- 7. Құнанбайдың әйел саны? — 4.
- 8. «Дүниеге көзімді ашқан» деп кімге бағыштайды? — Михаэлис.
- 9. Неше жасқа дейін оқыған? — 13 жасқа дейін.
- 10. Семейдегі медресе атауы? — Ахмет-Риза.
- 11. Ру атауы? — Тобықты.
3) Жаңа сабақ: табиғат лирикасының өзегі
Бүгінгі сабақта Абайдың табиғат лирикасы сөз болады. Ең алдымен «лирика» ұғымын нақтылаймыз: лирика — ақынның ішкі жан дүниесінің сезім күшімен тебірене толқуы, көңіл күйі, күйініш-сүйініші көрінетін поэзиялық түр.
Лириканың негізгі түрлері
- Философиялық лирика
- Саяси лирика
- Махаббат лирикасы
- Табиғат лирикасы
Табиғат — адам өмір сүретін тіршілік ортасы. Абай қазақ даласының табиғат көріністерін ғана емес, сол табиғат аясындағы ауыл өмірін, тұрмыс-тіршілікті де жан-жақты суреттейді. Жылдың төрт мезгіліне арналған өлеңдерінде мал баққан елдің еңбегі, көшпелі ауылдың тынысы, дала болмысы айқын көрінеді.
Абай табиғатты жанды бейнеге айналдырып, кейіптеу мен суреттеу тәсілдерін тереңдетті. Бұл бағытта ол орыс классиктерінің көркемдік тәжірибесінен үйренді. Ақынның жыл мезгілдеріне қатысты бірқатар өлеңдері 1886–1890 жылдар аралығында жазылған.
4) Жарыс сабақ: өлеңдер мен топтар
Сабақ жыл мезгілдеріне арналған «Қыс», «Жазғытұры», «Күз», «Жаз» өлеңдері бойынша топтық жарыс түрінде өтеді.
1-топ
- «Жаз», «Күз» (1886–1888)
2-топ
- «Қыс», «Жазғытұры» (1888–1890)
Жарыс 5 бағыт бойынша өтеді
- 1. Поэзия
- 2. Теория
- 3. Ән-күй
- 4. Этнография
- 5. Экология
Жарыс сабақтың мақсаты
Оқушылардың өнер-білімін жан-жақты байқау: мәтінді білуі, талдауы, теорияны қолдануы, мәдени-тарихи түсінігі және қазіргі экологиялық ойлау деңгейі.
5) 1-бағыт: Поэзия
- Мәнерлеп жатқа айту: әр топ мүшелері 3 шумақтан кезектесіп жалғастырып, өлеңді жатқа оқиды.
-
Сұрақтарға жауап:
-
«Жаз», «Күз» тобы:
- Өлеңде күздің қандай белгілері суреттелген?
- Ауыл тұрмысы қалай көрсетілген?
-
«Қыс», «Жазғытұры» тобы:
- Ақын қысты қандай бейнеде суреттеген?
- Қыстағы адамдардың тіршілігі қалай берілген?
-
«Жаз», «Күз» тобы:
6) 2-бағыт: Теория
1-тапсырма (көркемдік тәсілдер)
- 1-топ: эпитет дегеніміз не? «Күз» өлеңінен мысал келтір.
- 2-топ: кейіптеу дегеніміз не? «Қыс» өлеңінен мысал келтір.
2-тапсырма (құрылымдық талдау)
- Өлең шумағы неше тармақтан тұрады? — 4 тармақ.
- Әр тармақты буынға бөліп, өлеңнің буын санын анықтау.
- Өлең неше шумақтан тұратынын белгілеу. — 6, 8, 13 (өлеңге қарай).
- Бунақты анықтау және қорытынды жасау.
7) 3-бағыт: Ән-күй
Абайдың табиғат тақырыбындағы әндерін орындау жарысы: қай топ көбірек ән айтады.
8) 4-бағыт: Этнография
Өлеңдерде кездесетін көне тұрмыс пен шаруашылыққа қатысты сөздерге түсінік беріледі.
Сұрақтар
- Малма деген не? «Малма сапсу» тіркесін қалай түсінесіңдер?
- Шуда жіп деген қандай жіп? Оны қалай иіреді?
- Шом, шомшы деген не?
- Күзеу деген не? Қысқы және жазғы қоныстар қалай аталады?
- Алты қанат үй деген қандай үй? Киіз үй неше қанат болады және қандай бөліктерден тұрады?
- Шидем деген не?
- Ене деген кім? Қандай туыстық атауларды білесіңдер?
- Құда деп кімді айтады?
Жауаптар (қысқаша түсіндірме)
- Малма — тері илейтін ашытқы. Малма сапсу — теріні ашытқыға салып, асты-үстіне шығарып араластыру.
- Шуда жіп — түйенің шудасынан иірілген жіп; оны көбіне әжелер ұршықпен иірген.
- Шом — түйенің беліне жүк батпас үшін салынатын жұмсақ төсеніш. Шомшы — түйемен жүк тасушы адам.
- Күзеу — малшылардың күзгі қонысы, жайылымы. Қыстау — қысқы, жайлау — жазғы қоныс.
- Киіз үй кереге санына қарай 5, 6, 7, 12 қанат болуы мүмкін. Бөліктері: кереге, уық, шаңырақ, сықырлауық, түндік, іргелік, туырлық, үзік, басбау, бау және т.б.
- Шидем — қойдың жабағысынан тігіліп, сырты матамен қапталған киім (күпі деп те аталады). Қазақтың дәстүрлі киімдері: тон, ішік, тымақ, бөкебай, құлақшын, пима, байпақ және т.б.
- Ене — келіннің күйеуінің анасына айтатын атауы. Туыстық атауларға: апа, көке, ата, әже, жезде, аға, жеңге, балдыз, абысын, келін, құда, құдағи, бөле, нағашы, жиен және т.б. жатады.
- Құда — қыз алысып, қыз беріскен адамдардың туыстық атауы. Мақалдар: «Құда мың жылдық, күйеу — жүз жылдық», «Құдаңды құдайыңдай сыйла».
9) 5-бағыт: Экология (ой толғау)
Екі топқа конверт ішіндегі екі тұлғаның суреті беріледі: Мұхтар Шаханов және Олжас Сүлейменов.
Талқылау сұрақтары
- Бұл кім? Оның бүгінгі сабаққа және экология тақырыбына қатысы қандай? Қандай еңбектерімен танымал?
- Олардың табиғатты қорғау жөніндегі қоғамдық қызметі туралы не білесіңдер?
Қорытындылау, бағалау және үй тапсырмасы
Қорытынды сұрақтар
Бүгін не білдік? Не үйрендік? Қандай өлеңдер арқылы табиғат пен адам тіршілігінің байланысын байқадық?
Бағалау
Әр бағыт бойынша дұрыс жауап үшін топқа 1 ұпай беріледі. Сабақ соңында ұпайлар есептеліп, жеңімпаз топ марапатталады.
Үйге тапсырма
«Табиғатым — махаббатым» тақырыбында эссе жазу.