Алғыс хаттар, дипломдар, мақтауларКөз алдыңнан өтіп жатыр, сын бар ма

Мен, Шаттықпын, тек жүретін шаттанып
Ұстазбын деп айта аламын мақтанып
Өзгелермен тереземде тең болар
Қалмағанмен жыр жолдарым жатталып

Келісемін үлкендердің сөзімен
Жүріп келем солар салған ізбенен
Талай шәкірт ұшырғанмын бұл күнде
Бала жанын ұғынамын көзінен

Қатысқанмын сайыс, жарыс, сындарға
Жасыратын сірә менде сыр барма?
Алғыс хаттар, дипломдар, мақтаулар
Көз алдыңнан өтіп жатыр, сын бар ма?

Менде оқыдым деңгейліктің соңғысын
Сабағыма пайдаланам сол шын
Жаңартылған оқуды да тауыстым
Мүмкін олда болмас маған соңғы шың

СТО – ны меңгерттім оқушыма
Меңгермеген оқушы – оқушыма?
Меңгергені соншалық СТО – ны
Өлең жазып кеткені оқушыда

Оқушымды бәйгеге икемдеймін
Шығармашыл болсын деп жетелеймін
Ауданнан жүлде алған соң шәкірттерім
Бағындыр деп биікті жетеледім

Зейнет жасын ұзартты елбасымыз
Жасты қойшы, аман болсын басымыз
Елу деген ердің жасы емеспе?
Алпыс үште секеңдейді – ау кәрі қыз

Немере жоқ, жиен жоқ, әлі таспын
Қыз бен ұлға қожамын өзім баспын
Олар мені ойлап жүр екеу болмай
Сондықтанда, қыздар – ау, әлі жаспын

Меңгердім ғаламторда желілерді
Желідегі достардан сені көрдім
Байқасам интернеттік сайыстарды
Оқушыма қатыс деп желік бердім

Мінекей, интернеттік жобалардан
Көз сүзіп ешкімненде сұрап алмаң
Жұмысты білдіртпей – ақ жібере сап
Қанжығама алғыс хаттар байлап алғам

Заман бізді осылай үйретеді
Жамандықтан лайым жирентеді
Түлеп ұшқан шәкірттерім ұстаз боп
Тек мені емес, елімді де сүйсінтеді

Ал, достарым, өзіңмен сайыс дайын
Кездесеміз сендермен сайыс сайын
Таныс аймақ, таныс маң деп жырлаған
Мұқағали білесің өз ағайың

Таныс адам, таныс жер деп жырладым
Іске сәт деп сәлемімді жолдадым
Танисыңдар сіз мені, мен сіздерді
Таныстыру рәсімін мен созбадым



Ұқсас жұмыстар

Әлеуметтік жағдайлардың - Адам өмірімен байланысы
Портфолио және оны даярлау жолдары
Бауыржан Момышұлының әдеби мұралары
Әркім өз бақытының ұстасы немесе өмір заңдары
Бастауыш сыныптар бойынша оқушылардың жобаға қатысу үлесі
Тіл – тілдің лексикасы және грамматикалық құрылысы
Қазақ тіл біліміндегі антонимдердің зерттелуі
Мектепке дейінгі мекемелерде ата-аналармен сабақтастық
Тойымсыздыққа тосқауыл керек
Молдағалиевтің балаларға арналған өлеңдерінің өзіндік ерекшеліктері
ТҰМАР
Тасымалдау шаруашылығын ұйымдастыру
Коммерциялық ақпарат пен коммерциялық кұпия мәні және оны қорғау
ДОМАЛАҚ АНА
Жазаның жүйелерінің және түрлерінің жалпы сипаттамасы
Аудиттің мәні және оның нарықтық экономика жағдайындағы ролі
Адамдар арасындағы қарым-қатынас және іс-әрекет психологиясы
Батыс Еуропа елдері экономикалық интеграциясының ерекшеліктері
Жиынтық сұраныс және жиынтық ұсыныс,бұлардың кейнстік үлгісі