Крейзи вул өнерінің мазмұнын ашу
Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қарасаз ауылы
Өнер мектебі, Сәндік-қолданбалы өнер сыныбының оқытушысы: Түзелбаева Арай
Мақсаты
- Крейзи вул туралы түсінік беру және оны шығармашылықта пайдалануға бағыттау.
- Крейзи вул жасалу жолдарын меңгерте отырып, ұлттық өнерімізбен ұштастыру.
- Оқушыларды әсемдікке баулу, шығармашылық қабілетін дамыту.
Міндеттері
- Мектеп оқушыларына крейзи вул әдісін қалыптастырудың теориялық негізін анықтау.
- Крейзи вул өнерінің мазмұнын ашу.
- Әдісті күнделікті өмірде қолдануды ұйымдастыру.
Сабақ форматы
Сабақ түрі
Жаңа сабақ
Әдіс-тәсілдер
- Интерактивті тақтамен жұмыс
- Баяндау және көрсету
- Сарамандық жұмыс
Крейзи вул деген не?
Крейзи вул — көркем кескіндеме, графика және сәндік-қолданбалы өнер бағыттарын қамтитын, ұлттық дүниетаныммен ұштастыруға болатын, баланың ой-өрісін еркін дамытатын шығармашылық әдістердің бірі.
Негізгі ерекшелігі
Жіптерді түрлі бағытта еркін орналастырып, композиция құрып, кейін оны машина тігістерімен бекіту арқылы жеңіл әрі айрықша көрінетін бұйымдар жасауға болады.
Шығу тарихы
Крейзи вул — қазіргі дизайн әлемінде қарқынды дамып келе жатқан өнер түрлерінің бірі. Бұл әдістің авторы — Жаннет Кнаке.
«Crazy wool» атауы ағылшын тілінен аударғанда «шатасқан жіп», «шытырман жіп» деген мағына береді. Бұл бағыт ХХІ ғасырда, әсіресе 2010-жылдары Америка мен Еуропа елдерінде кең тарала бастады.
Материалдар мен құралдар
Осы әдіспен жұмыс істеу үшін төмендегілер қажет:
- Қалыңдығы мен фактурасы әртүрлі түрлі-түсті жіптер
- Суда еритін флизелин
- Тігін машинасы және машина жіптері
- Ілмек біз және тоқыма бізі
- Қосымша безендірулер: моншақ, лента және өзге фурнитуралар
Сабақ барысы
- I Ұйымдастыру
- II Мақсат қою
- III Жаңа материалды түсіндіру және сарамандық жұмыс
- IV Материалды түсінгенін тексеру
- V Қорытынды
- VI Үй тапсырмасы
Сарамандық жұмыс: орындалу қадамдары
- 1 Суда еритін флизелинді дайындап аламыз.
- 2 Флизелиннің бетіне жіптерді түрлі бағытта еркін орналастырамыз.
- 3 Жіптердің композициясын лакпен жеңіл бекітеміз.
- 4 Үстінен флизелиннің екінші қабатын жабамыз.
- 5 Торкөз бағытта көктеп шығамыз.
- 6 Тігін машинасымен тігістер жүргізіп, толық бекітеміз.
- 7 Флизелинді ағып тұрған салқын суда ұстап, ерітіп жуамыз.
- 8 Дайын болған бұйымды кептіреміз.
Түсінгенін тексеру
Сарамандық жұмыс барысында тақырып түсіндіріліп, оқушылардың шығармашылығы шыңдалады. Олардың жасаған жұмыстары арқылы жаңа материалды қаншалықты меңгергені байқалып, сәйкесінше бағаланады.
Қорытынды және үй тапсырмасы
Қорытынды бағалау оқушының сарамандық жұмысы арқылы жүргізіледі.
Үй тапсырмасы
Крейзи вул әдісін қолданып, әртүрлі шығармашылық жұмыстар орындау.
Назарларыңызға көп рақмет!
Пайдаланылған әдебиеттер
- 1 «Балалар әлемді бейнелейді». Первый казахстанский клуб. ЮНЕСКО.
- 2 Интернет ресурстары: www.ivd.ru — «Своими руками: техника крейзи вул».