Оқушылардың сабаққа қатысымын тексеру

Сабақтың мақсаты

  • Дауысты дыбыстардың жұп-жұбымен бірнеше топқа бөлінетінін көрсету.
  • Дауыстылардың тілдің қатысына қарай бөлінуін аңғарту.
  • Оқушылардың сөздік қорын дамыту.
  • Сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру, оқу-білімге деген ынтасын арттыру.
  • Бірлікке, достыққа, ұжымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Сабақтың түрі

Аралас сабақ

Әдіс-тәсілдер

Түсіндіру, жаттығу, талдау, ойын, топтастыру

Пәнаралық байланыс

Әдебиет, музыка

Көрнекіліктер

Әліпби, сызба плакат, «Жасырынған әріптер», интерактивті тақта, слайдтар, бағалау парағы

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  1. 1.Амандасу.
  2. 2.Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
  3. 3.«Поэзия минуты»: М. Мақатаев«Үш бақытым».

Мұғалім сөзі: «Үш бақыттың бірі — тіл. Ендеше, сол тілді оқып-үйрену үшін қазақ тілі сабағын бастайық. Бәріңе сәттілік тілеймін».

Ұйымдастыру

Мұғалім ассистенті тағайындалып, бағалау парағын жүргізу ескертіледі.

Жұмыс форматы

Сабақ топтық жұмыс түрінде өтеді: топ атауы мен жетекшісі сайланады.

II. Үй тапсырмасын тексеру

1) 238-жаттығу (оқыту арқылы тексеру)

Слайд №1

Бас әріппен жазылатын сөздерді бас әріптен бастап жазу.

Тексеру үшін берілген сөздер:

Ертеде. Бір. Жалғыз. Оны. Әй. Атқа. Өзін. Мұны. Бұл.

2) Әліпбиді жатқа айту

Әр топтан 1 оқушыдан (барлығы 3 оқушы) сұралады.

3) «Жасырынған әріптер» ойыны

Слайд №2

Әліпбидегі әріптердің ретін жатқа білуі тексеріледі.

Шешуі:

Дауысты дыбыстар

Қорытынды: бүгінгі сабақтың тақырыбы — «Дауысты дыбыстар және олардың түрлері. Жуан және жіңішке дауыстылар».

Дәптерге күннің жадын және тақырыпты жазу.

III. Жаңа материалды меңгерту

Слайд №3–5

Топтастыру: «Фонетика»

Тіл дыбыстары Әліпби Тіл білімінің бір саласы Буын Әріп

Сұрақ

Тіл дыбыстары қалай жасалады?

Жауап: сөйлеу мүшелері арқылы жасалады.

Сұрақ

Сөйлеу мүшелеріне не жатады?

Жауап: өкпе, ауыз қуысы (тіл, таңдай, ерін), мұрын қуысы.

Анықтама

Ауа өкпеден еш кедергісіз шығып, үннен ғана тұратын дыбыстар дауысты дыбыстар деп аталады.

Дауысты дыбыстар саны — 12: а, ә, о, ө, ы, і, ұ, ү, е, и, э, у.

Дауыстылардың жіктелуі

  • Тілдің қатысына қарай: жуан және жіңішке
  • Жақтың қатысына қарай: ашық және қысаң
  • Еріннің қатысына қарай: еріндік және езулік

Тілдің қатысына қарай (жуан/жіңішке)

Жуан

а, о, ы, ұ, (у)

Жіңішке

ә, ө, і, ү, е, и, э, (у)

Есте сақтауға

Жуан дауыстылар тілдің кейін шегініп, үсті дөңестену арқылы жасалады. Жіңішке дауыстылар тілдің ілгері созылуы арқылы жасалады.

Жуан буынды сөз

Астана

Жіңішке буынды сөз

Бәйтерек

Аралас буынды (кірме)

кітап, телефон

Аралас (біріккен сөз)

Ботагөз

Аралас (қос сөз)

аз-кем

Ерекше дыбыс

у

«У» дыбысының ерекшелігі

У дыбысы кейде дауыссыз, кейде дауысты қызметінде жұмсалады; сондай-ақ жуан да, жіңішке де бола алады.

Жуан (дауысты)

сұлу, тура

Жіңішке (дауысты)

куәлік, жүру

Дауыссыз қызметінде

жауын, қауын

IV. Жаттығу жұмыстары

Слайд №6–9

1-тапсырма: Ассоциация құру

Берілген сөзге ассоциация құрып, жіңішке буынды сөздердің астын сызу.

I топ — «Мектеп»

мұғалім, ұстаз, білім, оқу, оқушы, сынып, баға, тақта, дәптер, сөмке, т.б.

II топ — «Әдебиет»

ақын, жазушы, өлең, әңгіме, кейіпкер, шығарма, теңеу, портрет, роман, т.б.

III топ — «Тіл»

тіл әлемі, ауызша тіл, лексика, фонетика, тіл мәдениеті, қазақ тілі, ана тілі, т.б.

2-тапсырма: Бейнематериалмен жұмыс

Бейнематериалдағы заттардың атын жазып, жуан буынды сөздердің астын сызу (интерактивті тақта кітапханасын пайдалану).

I топ

сиыр, қой, қаз, шошқа, торай, ешкі, лақ, әтеш, тауық

II топ

жылан, елік, бұзау, ит, үйрек, өрмекші, маймыл, қоңыз, балық, қарға, құс, жолбарыс, қозы, жылқы

III топ

Бейнематериалдағы сөздерге қосымша жалғап, сөйлем құрастыру.

Сергіту сәті: «Кім тез табады?»

Сабақ М. Мақатаев өлеңімен басталды. Енді ақын сөзіне жазылған әндерді тыңдап, атауын табу:

«Саржайлау» «Сәби болғым келеді» «Сен көріктісің»

Оқулықпен жұмыс

240-жаттығу (ауызша)

Слайд №8

Жұмбақтарды шешіп, дауысты дыбыстарды анықтау.

I топ

Қамыс құлақ, тостаған тұяқ,
Мінсең — қанат, сүті — дәрі,
Еті — тамақ.

Жауабы: жылқы

II топ

Әкесі — тышқан,
Шешесі — құстан.

Жауабы: жарқанат

III топ

Ішіне тамақ салынған,
Есігі тастай жабылған.

Жауабы: тоңазытқыш

241-жаттығу (жазбаша)

I топ

Жіңішке буынды сөздерді теріп жазу (6 сөз):

білу, сену, беру, ілу, кезу, көну

II топ

Жуан буынды сөздерді теріп жазу (8 сөз):

ашу, қазу, қу, жолығу, сызушы, жу, қану

III топ

Берілген сөздерге қосымша жалғап жазу:

ашулы, білуге, қазушы, сенуге, жазушы, қулық, берудің, ілуге, жолығуға, кезуші, сызушының, жума, көнудің, қонуға

3-тапсырма: Деңгейлік тапсырмалар

Слайд №9

I топ

Көп нүктенің орнына тиісті дауысты дыбысты қойып, көшіріп жазу:

от...н, ж...ңіс, т..., бат...р, ард...гер, ерл...к

II топ

Оқу-білім тақырыбында 3 мақал-мәтел жазу. Дауысты дыбыстардың астын сызу.

III топ

Шығармашылық жұмыс: «Достық» тақырыбында мәтін құрастыру немесе өлең шығару.

V. Бекіту

Жуан буынды сөздерге мысал келтіру:

I топ

А дыбысынан басталатын жуан буынды сөз.

II топ

О дыбысынан басталатын жуан буынды сөз.

III топ

Ұ дыбысынан басталатын жуан буынды сөз.

VI. Үй тапсырмасы

242-жаттығу

Көп нүктенің орнына тиісті дыбысты қойып, көшіріп жазу.

Ойтолғау және талдау

Ғ. Мүсіреповтің «Жаңа достар» әңгімесі бойынша «Кейіпкер бейнесі» тақырыбында ойтолғау жазу. Мәтіннен «у» дыбысы бар сөздерді тауып, талдау.

VII. Бағалау

Оқушылар бағалау парағы бойынша бағаланады.

Ескерту:

Бағалау парағын мұғалім ассистенті жүргізеді, қорытынды бағалар сабақ соңында жарияланады.