Ғажайып хаттар

Математика (2-сынып)

Сабақ тақырыбы

2 санын қосу және азайту

Сабақ түрі

Жаңа сабақ

Әдістер

  • Сұрақ-жауап
  • Түсіндіру
  • Дәлелдеу
  • Көрнекілік

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Ондықтан аттайтын жағдайда 2-ні қосу және 2-ні азайту тәсілдерімен таныстыру. 2-ні қосу және азайтудың кестелік жағдайларын екі амалдан тұратын өрнектермен, теңдеулермен және есептеулермен байланыстырып, әртүрлі іс-әрекет барысында қолдануға машықтандыру.

Тәрбиелік

Оқушыларды білімге ұмтылуға, адамгершілікке және жолдастық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.

Дамытушылық

Екі амалмен шығарылатын есептерді енгізуге дайындық жасау. Ондықтан аттап қосу мен азайтудың тәсілдерін қарастыру дағдыларын дамыту.

Көрнекіліктер

  • Электронды оқулық
  • Интербелсенді тақта
  • Қосу кестесі
  • Үлестірмелі дидактикалық материалдар

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық: оқушылардың көңіл күйін көтеріп, сабаққа назарын шоғырландыру.

Жұмбақ есеп

Төрт қаз ұшып барады,
Биіктен төмен қарады.
Аяқ нешеу, бас нешеу,
Жауабын кім табады?

2) Білімді жан-жақты тексеру

  • Үй тапсырмасын дәптерден тексеру.
  • Дәптерлерді жинап алу.

3) Жаңа сабақ

Дайындық кезеңі: 2-нің қосу кестесін еске түсіру.

Электронды оқулықпен жұмыс

Қосу және азайтуға арналған үлгілерді интерактивті түрде талдау.

Тақтамен жұмыс

Түсіндіру әдісі арқылы санға 2-ні қосудың ауызша және кестелік тәсілдерін меңгерту.

Мысал

9 + 2 = (9 + 1) + 1 = 11

11 − 2 = (11 − 1) − 1 = 9

Кестемен жұмыс

Қосу кестесін пайдаланып, 2-ні қосу және азайту нәтижелерін жылдам табу.

Оқулықпен жұмыс

Тапсырмалар арқылы білімді бекіту және талдау.

1-слайд

«Ғажайып хаттар» тапсырмасы

Бүгін сынып поштасына бірнеше хат келді. Алдымен қызыл конвертті ашып, тапсырманы оқимыз. Хат сыныбынан келді: оқулықтағы 2-есепті орындау.

  • Есептің мәтінін оқып, шартын құру.
  • Шешуін біртіндеп тақтада орындау.
  • Нәтижесін сыныппен талқылау.

Есеп 1

Шарты:
Қайың — 20
Жөке — 16
Барлығы — ?

Шешуі:

20 + 16 = 36

Жауабы: барлығы 36 ағаш.

Есеп 2

Шарты:
Жөке — 16
Барлығы — 36
Қайың — ?

Шешуі:

36 − 16 = 20

Жауабы: қайың 20.

Талқылау сұрақтары:

  • Бұл есептерге не ортақ?
  • Бұлар кері есептер ме?
  • Екінші есеп бірінші есептің жалғасы бола ала ма?

2-слайд

Өздік жұмыс: «Сәйкестендір»

Енді сары конвертті ашыңдар. Хат сыныбынан: жүк машинасындағы өрнектердің мәнін тауып, нәтижені қапшықтағы сандармен сәйкестендіріңдер.

Өрнектер

  • 1 + (1 + 9)
  • 2 + (10 − 1)
  • (11 − 1) − 8
  • (11 − 2) − 7

Сәйкестендіретін сандар

2 11

Әр өрнектің мәнін есептеп, тиісті санды таңдаңдар.

Нұсқау

Алдымен жақша ішіндегі амалды орындап, содан кейін қосу немесе азайтуды аяқтаңдар.

3-слайд

Сергіту сәті

Домбыра, ат, қоян, аю, машина, ұшақ суреттері көрсетіледі. Оқушыларға таныс заттардың қимылын музыка ырғағымен көрсету ұсынылады.

4-слайд

«Кім жүйрік?» тапсырмасы

Үлестірмелі парақшалармен жұмыс: төмендегі өрнектерді бір-бірден жазып таратып, оқушыларға тез әрі дұрыс орындау тапсырылады.

Қосу

11 + 2 12 + 2 13 + 2 14 + 2 15 + 2 16 + 2 17 + 2

Азайту

13 − 2 14 − 2 15 − 2 16 − 2 17 − 2 18 − 2 19 − 2

5-слайд

Әріпті өрнектің мәнін тап

Дәптермен жұмыс. Оқулықтағы 4-тапсырма: a және 2 санының қосындысын тап, мұндағы a = 30, 57, 9.

a = 30

a + 2 = 30 + 2

a = 57

a + 2 = 57 + 2

a = 9

a + 2 = 9 + 2