Жаңа тақырып түсіндіру
Сабақтың тақырыбы
Microsoft Word-та кесте құру және кестелерді пішімдеу.
Сабақтың мақсаттары
Оқу мақсаты
- Кесте құруды үйрету.
- Ұяшықтарды қосу, жою және біріктіру тәсілдерін меңгерту.
- Кестені қоршау және пішімдеу дағдыларын қалыптастыру.
Дамытушылық мақсат
Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін, танымдық қызығушылығын, жады мен қабылдау қасиеттерін дамыту.
Тәрбиелік мақсат
- Компьютерде жұмыс істеу кезінде техника қауіпсіздігі ережелерін сақтауға үйрету.
- Информатика пәніне жағымды көзқарас пен қызығушылық тәрбиелеу.
Бағдарламалық-дидактикалық қамтылуы
- Оқу-есептеуіш техника кешені
- Оқулық
- Интерактивті тақта
- Карта-сұрақтар
Сабақтың түрі
Практикум элементтері бар түсіндірмелі-көрнекілік сабақ.
Сабақтың барысы
- 1 Ұйымдастыру кезеңі
- 2 Үй тапсырмасын сұрау
- 3 Жаңа тақырыпты түсіндіру
- 4 Сабақты қорытындылау
- 5 Үйге тапсырма беру
Сабақтың қысқаша мазмұны
1) Ұйымдастыру кезеңі
Сабақ барысында сыныпты ұйымдастыру, оқушылардың сабаққа дайындығын және тәртібін қадағалау жүргізіледі. Оқушылармен амандасып, кезекшінің көмегімен қатысымды тексеріп, сабақты жаңа тақырыпты түсіндіруден бастаймын.
2) Жаңа тақырыпты түсіндіру (слайд арқылы)
Бүгінгі күн мен сабақ тақырыбы экранда көрсетіліп тұрады. Microsoft Word мәтіндік процессорында кесте құру тәсілдерін көрсетіп, түсіндіремін. Оқушылар берілген командалар бойынша бірге кесте құрады. Мәтіндік редакторды іске қосамыз.
Негізгі ұғымдар
- Кесте — жолдар мен бағандарда реттеліп берілген ақпарат.
- Кесте жолдар мен бағандардың кез келген санынан тұруы мүмкін.
- Жолдар мен бағандар қиылысып, ұяшық құрайды.
Word-та кесте құрудың тәсілдері
Microsoft Word-та кестені екі әдіспен құруға болады:
- A Мәзір жолағындағы Таблица командасы арқылы.
- B Құралдар панеліндегі Вставить таблицу батырмасы арқылы.
Мәзір арқылы құру қадамы
Мәзір жолынан Таблица → Вставить → Таблица командасын орындасақ, экранда «Вставка таблицы» диалогтік терезесі ашылады.