Сабақтың мақсатын нұсқау
Алгебра және анализ бастамалары — 10-сынып
Сабақтың тақырыбы: Ньютон биномы.
Сабақтың мақсаты
1) Білім берушілік
Оқушыларды (x + a)n (мұндағы n — кез келген натурал сан) екімүшесін n дәрежеге шығару формуласымен және биномдық коэффициент ұғымымен таныстыру. Ньютон биномының қосылғыштарға жіктелу формуласын дәлелдеу және оның қасиеттерін меңгерту. Бином формуласын қолданып есеп шығару дағдыларын қалыптастыру.
2) Дамытушылық
Оқушылардың ықтималдық теориясы мен комбинаториканың негізгі бөлімдері бойынша (орналастырулар, алмастырулар, терулер) алған білімдерін кеңейту. Осы білімдерді есептер шығаруда тиімді қолдана білу дағдыларын дамыту.
3) Тәрбиелік
Оқушылардың ойлау қабілетін жетілдіру, жауапкершілікке, еңбекқорлыққа, ізденіске, бір-біріне көмектесуге тәрбиелеу.
Сабақ туралы мәлімет
Сабақтың түрі
Жаңа сабақ.
Көрнекілігі
Интерактивті тақта, кесте, үлестірме карточкалар.
Сабақтың әдісі
СТО стратегиясы, сұрақ-жауап.
Бағыт
Теорияны меңгерту және есептер арқылы бекіту.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушыларды түгендеу.
- Сабақтың мақсаты мен күтілетін нәтижелерін нақтылау.
II. Қызығушылықты ояту
Өткен тақырыпты қайталау және жаңа тақырыпқа кіріспе сұрақтар арқылы ой қозғау.
Өткен тақырыпты қайталау:
Негізгі анықтамалар мен формулаларды еске түсіру, қысқа сұрақ-жауап арқылы білімді белсендіру.