Тапсырмаларды тексеру

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Тақырып

Есеп. «Неше жас?» Ауызша қосу және азайту.

Сынып

1–2-сынып

Көрнекіліктер

Цифрлар, плакаттар, суреттер, карточкалар.

Әдістер

Қайталау, сұрақ-жауап, түсіндіру, ойын элементтері.

Сабақ түрі

Қайталау сабағы (ашық сабақ).

Сабақтың мақсаты

Білімдік

  • 1–10, 0–10, 1–9 сандар қатарын қайталау және бекіту.
  • Бір таңбалы және екі таңбалы сандар туралы түсінікті қалыптастыру.

Дамытушылық

  • Сандар қатарының құрылу заңдылықтарын түсіндіру және салыстыру үшін қолдануға үйрету.
  • Фигуралардың жанында «жасырылған» цифрларды реттілігі бойынша табуға дағдыландыру.

Тәрбиелік

  • Логикалық ойлауға, зейін қойып тыңдауға және тапсырманы ұқыпты орындауға тәрбиелеу.

Сабақ барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

Бүгін математика пәнінен ашық сабақ өтеді. Қонақтармен сәлемдесіп, сабаққа қажетті құрал-жабдықтарды дайындап, оқушы ережесіне сай отырамыз.

2) Қызығушылықты ояту

Тақтадағы суретке назар аударамыз: адамды салу кезінде қандай сандар қолданылғанын анықтаймыз.

3) Үй тапсырмасын тексеру

Оқушылардың орындаған тапсырмаларын тексеру, қателермен жұмыс жасау.

4) Жаңа сабаққа кіріспе (ертегі желісі)

Ерте-ерте ертеде еріншек, тәкаппар, даңғой бала өмір сүріпті. Оның аты — Сабалақ. Оны ешнәрсе қызықтырмайды екен.

Бір күні ол спортпен айналысқысы келеді, бірақ түрлі «кедергілерден» өте алмай қалады. Біз Сабалаққа көмектесіп, әр тапсырманы орындау арқылы оған жол ашамыз.

5) Жаттығу: «Жолдан өту»

1-сынып: кітаппен жұмыс (есеп)

Есепті оқып, талдаймыз. Қысқаша шартын, шешуін және жауабын жазамыз.

  • Есеп кімдер туралы?
  • Ағасы неше жаста?
  • Інісі неше жаста?
  • Есеп бізден нені сұрайды?
  • Қысқаша шартын қалай жазамыз?
  • Шешуін қалай құрамыз?
  • Жауабын қалай рәсімдейміз?

2-сынып: өзіндік жұмыс (есепте)

52 + 8
60 − 20
40 + 14
54 − 16
38 − 11
27 (тапсырма)

«Кім жылдам?»

Сандарды кему ретімен жазу. Тақтамен тексеру.

6) Ойын: «Футбол»

Көрнекілік арқылы азайту амалын қайталаймыз:

3 − 3 = 0

  • Азайғыш неше?
  • Азайтқыш неше?
  • Азайғыш пен азайтқыш қандай сандар?
  • Осыған ұқсас айырма құрастыра аламыз ба?

Екі таңбалы сандарды жазу

Көрнекілік бойынша мысалдар:

28 94 91 23 16 4 78 14 58 91

7) Сергіту сәті

Орнымыздан тұрып, бой жазып, қысқа қимыл-қозғалыс жаттығуларын орындаймыз.

8) Ойын: «Шахмат және дойбы»

Карточкамен жұмыс

Әр оқушыға жеке карточка беріледі. Қосу және азайту амалдарын орындайды.

Кітаппен жұмыс (түсіндіре отырып)

78 + 22 мысалын әртүрлі тәсілмен шығару:

78 + 22 = (70 + 20) + (8 + 2) = 100

78 + 22 = (78 + 2) + 20 = 100

78 + 22 = (78 + 20) + 2 = 100

100 − 22 = (100 − 20) − 2 = 78

100 − 22 = (100 − 2) − 20 = 78

100 − 22 = (90 − 20) + (10 − 2) = 78

9) Ойын: «Ат жарыс»

Тапсырмалар арқылы Сабалаққа келесі ойынға жол ашамыз.

«Тез ойлан» тапсырмалары

  • 1 таңбалы сандарды өсу ретімен сана.
  • 1 таңбалы сандарды кему ретімен сана.
  • Толық ондықтармен сана.
  • Кему ретімен сана.

Қосымша тапсырмалар

  • Көршілерін тап (санның алдындағы және кейінгі сан).
  • «Балапанға көмектес» логикалық тапсырмасы.

Қорытынды бөлім

Үй тапсырмасы

  • №4, 109-бет
  • №4, 161–162-беттер

Бағалау және қоштасу

Оқушылардың белсенділігі бағаланады. Сабақ соңында орнымыздан тұрып, қонақтарды шығарып саламыз.