Нәсілдердің бір тобы
Сабақ тақырыбы
Адам нәсілдері. Нәсілшілдікті сынау.
Сынып
11-сынып (Биология)
Сабақ түрі
Аралас сабақ
Әдіс
Көрнекі баяндау, СТО элементтері
Сабақтың мақсаттары
Білімділік
«Адамның шығу тегі» тарауын халық даналығындағы нақыл сөздермен, нәсілдік және тектілік ұғымдарымен байланыстырып түсіндіру.
Дамытушылық
Оқушыларды нақыл сөздердің мазмұнын өз ойымен қорытып, тұжырым жасауға үйрету.
Тәрбиелілік
Адамгершілік құндылықтарды нығайтып, нәсілшілдік көзқарастарды сын тұрғысынан бағалауға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі
- Сызба-нұсқалар және тірек-сызбалар
- Кестелер және тақырыптық материалдар
- Электрондық оқулық арқылы жұмыс
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Амандасу.
- Оқушыларды сабаққа әзірлеу.
- Түгендеу.
II. Ой сергіту сұрақтары
Алдыңғы білімді белсендіру үшін қысқа сұрақ-жауап
-
1. Қазіргі кезде адамның шығу тегін, дамуын және қазіргі қалыптасуын зерттейтін ғылым: антропология.
-
2. Адам пайда болған заман: кайнозой.
-
3. Адамның тарихи дамуы: антропогенез.
-
4. Қазып алынған адам сүйек қалдықтарын зерттейтін ғылым: палеоантропология.
-
5. Кроманьондықтар кімдерге жатады? саналы адамға.
-
6. Бас сүйек құрылысы мен көкірек бөлігінің жазықтығы адамға көбірек ұқсас адамтәрізді маймыл: гиббон.
-
7. 385 анатомиялық белгісі адамға ұқсас адамтәрізді маймыл: горилла.
-
8. 1871 жылы шыққан «Адамның шығу тегі және жыныстық сұрыпталу» еңбегінің авторы: Ч. Дарвин.
-
9. Өте ертедегі адам — «Қытай адамы»: синантроп.
-
10. Еңбек әрекеті, сөз және ойлау антропогенездің қозғаушы күштерінің қай факторына жатады? әлеуметтік.
III. Жаңа сабақты меңгерту
1) Оқулықпен жұмыс
Электрондық оқулық бойынша: «Адамның түрлі нәсілдері» тақырыбын қарастыру.
2) Қосымша мәліметтер
Жер шарындағы барлық нәсілдер негізгі белгілері бойынша өзара ұқсас.
Ғылыми дәлелдер мен тарихи мысалдар
- Миклухо-Маклай Жаңа Гвинея тұрғындары арасында ұзақ жыл болып, австралоидтық кіші нәсілге жататын папуастардың мәдени дамуы мен ой-өрісі өзге халықтардан еш кем емес екенін көрсеткен.
- И. М. Сеченов пен Н. Г. Чернышевский адамзаттың ой-өрісі мен ойлау қабілеті нәсілге тәуелді емес екенін дәлелдеген.
Халық даналығы
«Жеріне қарай — адамы», — дейді қазақ.
IV. Сабақты бекіту
1) Тапсырма
Венн диаграммасын құрастыру.
2) Тапсырма
Сөзжұмбақ шешу: дұрыс шешкенде ортадағы ерекшеленген торкөзден бір нәсілдің атауы шығады.
Сөзжұмбақ: сұрақтар мен жауаптар
- Қазақ халқы мен үндіс нәсілі арасында ұқсастық бар екенін айтқан ғалым: Ахметов.
- Нәсілдердің бір тобы: еуропоид.
- Нәсілдер туралы ұғымды ғылымға енгізген ғалым: Бернье.
- Әлеуметтік дарвинизм теориясын сынаған қоғам қайраткері: Энгельс.
- Нәсілдердің бір тобы: еуропоид.
- Нәсілдердің таралуы туралы пікір: полицентризм.
- Нәсілдердің таралуы туралы пікір: моноцентризм.
- Әлеуметтік дарвинизм теориясын сынаған орыс ғалымы: Тимирязев.
- Нәсілдердің Солтүстік Америкада тараған тобы: үндіс.
3) Проблемалық сұрақ
Қазақ халқының салт-дәстүрінде жүзге, руға бөлінушілік бар деген пікірмен келісесіз бе?
4) Жазба жұмысы
«Қол — еңбек мүшесі ғана емес, ол — еңбектің өзі тудырған нәтиже» тақырыбында эссе жазу.
V. Үй тапсырмасы
Тақырып бойынша материалды қайталау және сабақта берілген тапсырмаларды толықтыру.
VI. Бағалау
Оқушылардың сабаққа қатысуы, жауаптарының дәлдігі, тапсырмаларды орындау сапасы және ой қорыту деңгейі бойынша бағалау.