Мәзір жолағындағы мәзір аттарын ата
Сабақ туралы мәлімет
Мекеме
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы, Ү. Түктібаев атындағы №24 орта мектебі
Пән мұғалімі
Информатика пәні мұғалімі: Каюпова Раушан
Сабақтың тақырыбы
WordPad мәтіндік редакторы
Сабақтың мақсаты
Білімділік
WordPad мәтіндік редакторында мәтінмен жұмыс істеуге дағдыландыру; құжаттарды құру, сақтау және ашу тәсілдерін меңгерту; пәнге деген қызығушылықты арттыру.
Дамытушылық
Компьютерде жұмыс істеу іскерлігін дамыту, мәтінді енгізу және өңдеу дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік
Оқушыларды таза, қатесіз жазуға тәрбиелеу; ұқыптылыққа, тазалыққа және тиянақтылыққа үйрету.
Ұйымдастыру және ресурстар
Әдіс-тәсілдер
- Түсіндіру
- Сұрақ-жауап
- Компьютерде практикалық жұмыс
Сабақтың түрі
Аралас сабақ.
Көрнекі құралдар
Компьютер, интерактивті тақта, таратпа қағаздар және басқа да қосымша материалдар.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- 1 Сәлемдесу: оқушылармен амандасу.
- 2 Қатысуды бақылау: журнал бойынша түгелдеу.
II. Өткен материалды еске түсіру (үй тапсырмасы)
Төмендегі сұрақтар арқылы WordPad туралы бұрынғы білімді қайталаймыз:
- 1) WordPad мәтіндік редакторын іске қосу жолы қандай?
- 2) WordPad мәтіндік редакторының терезе элементтерін атаңыз.
- 3) Құралдар тақтасында қандай батырмалар орналасқан?
- 4) Мәзір жолағындағы мәзір атауларын атаңыз.
- 5) «Файл» мәзірінде қандай командалар орналасқан?
- 6) Терезенің тақырып жолағында не бейнеленеді?
- 7) WordPad-та мәтінді бас әріппен теру үшін қай пернені қолданамыз?
- 8) Меңзердің сол жағындағы таңбаларды жою үшін қай перне қолданылады?
- 9) WordPad терезесінде қалып-күй жолағы қай жерде орналасқан?
- 10) Мәтінді беттің ортасына туралау үшін қай батырманы қолданамыз?
III. Жаңа сабақ: WordPad-та құжат құру
WordPad-та құжат құру үшін төмендегі негізгі қадамдарды ретімен орындаймыз.
Негізгі сатылар
- Қаріп пен оның өлшемін таңдау
- Мәтінді енгізу және редакциялау
- Мәтінді пішімдеу
- Құжатты сақтау және ашу
Сақтау және ашу командалары
Құжатты сақтау
Файл → Сохранить как командасын орындаймыз. WordPad-та сақталған файлдың кеңейтілімі әдетте автоматты түрде *.doc болады.
Сақталған құжатты ашу
Файл → Открыть командасын орындаймыз.
Жаңа құжат құру
Файл → Создать командасын орындаймыз.
IV. Жаңа сабақты бекіту
Практикалық тапсырмалар арқылы жаңа тақырыпты бекітеміз.
Мұғалімнің нұсқауы бойынша оқушылар WordPad-та құжат құрып, мәтін енгізіп, пішімдеп, файлды сақтап және қайта ашып көреді.