Балаларға слайд арқылы Президент туралы мәлімет беру

Тәрбие сағаты 1 желтоқсан — Тұңғыш Президент күні

1 желтоқсан — Тұңғыш Президент күніне арналған тәрбие сағаты

Тақырыбы

«Менің тұңғыш Президентім!»

Мақсаты

  • Слайд материалдары арқылы Президент туралы мәлімет беру.
  • Сұрақтарға дұрыс жауап беруге үйрету.
  • Патриоттық сезімді оятып, мемлекеттік рәміздерді сүюге және құрметтеуге тәрбиелеу.

Кіріспе

Тәрбиеші: «Сәлеметсіңдер ме, балалар! Бүгінгі ашық тәрбие сағатымыз Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа арналады. Біз Тұңғыш Президент күнін атап өтеміз. Сабақты Қазақстан Республикасының Әнұранымен ашайық».

Рәсім

Әнұран орындалады.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев туралы мәлімет

Өмірбаяны

  • 1940 жылғы 6 шілдеде Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Шамалған ауылында дүниеге келген.
  • Мектепте жақсы оқып, білім алуға ұмтылған.
  • Ата-анасын ерекше құрметтеген.

Отбасы

Жұбайы — Сара Алпысқызы. Үш қызы бар: Дариға, Динара, Әлия.

Тарихи дерек

1991 жылғы 1 желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Қазақстан Республикасының Президенті етіп сайлады.

Шығармашылық бөлім

Ән

«Отаным» әні — «Қарлығаш» тобының орындауында.

Өлең жолдары

Ясмина

Гүлдене бер, Отаным! Көтерген туың — Нұр ағам! Көбейтті достық қатарын, Нұр аға — біздің ұлы адам.

Әдемай

Биіктей бер, Нұр аға, Қыран қанат талмасын. Қадірлемей тұра ма, Халық сіздей тұлғасын.

Рамина

Тәуелсіздікті елге сыйлады, Бейбітшілікті қалады. Орындалып арманы, Халқымыз ажарлы. Осының бәрі, әрине, Елбасының арқасы.

Мемлекеттік рәміздер

1992 жылғы 4 маусымда Қазақстан Республикасының жаңа мемлекеттік рәміздері — Елтаңба, Ту, Әнұран бекітілді.

Елтаңба

«Таңбасыз ел болмайды, найзасыз ер болмайды» — дейді халық. Әр мемлекеттің өзін танытатын рәмізі бар.

Авторлары: Жандарбек Мәлібеков және Шота-Аман Уәлиханов.

  • Шаңырақ — Отанның, бірліктің символы: «ортақ шаңырағымыз биік, босағамыз берік болсын» деген тілек.
  • Уықтар — ынтымақ пен берекені білдіреді.
  • Қос пырақ — батылдық, қырағылық, күш және шапшаңдықтың нышаны.
  • Бес бұрышты жұлдыз — «жұлдызымыз жарқырай берсін» деген асқақ арман.

Ту

Тудың ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген. Сол жақ бөлігінде ұлттық өрнек орналасқан.

Өлшемі
ұзындығы 2 м, ені 1 м
Авторы
Шәкен Ниязбеков

Әнұран

Әнұран — елдің рухын көтеретін, бірлік пен отаншылдық сезімді күшейтетін қастерлі рәміз.

Тәрбие сағатында Әнұран орындалып, балаларға оның мәні мен маңызы түсіндіріледі.

Қорытынды бөлім

Ән

«Қазақстан» әні — ұлдардың орындауында.

Тәуелсіздік туралы тақпақтар

Балалар тәуелсіздік тақырыбындағы өлеңдерін мәнерлеп оқиды.

Бұл тәрбие сағаты балалардың отансүйгіштік сезімін нығайтып, мемлекеттік рәміздерге деген құрметін арттыруға бағытталады.

Материал: 1 желтоқсан — Тұңғыш Президент күніне арналған тәрбие сағаты (өңделіп, редакцияланды).