Матаның ұзындығы мен енін анықтау белгілері

Сабақ тақырыбы: Киімді және аяқ киімді күту

Киім мен аяқ киім — адамның денсаулығын сақтауда, өзін жайлы сезінуде және ұқыпты көрінуде маңызды рөл атқаратын күнделікті қажет бұйымдар. Бұл сабақта оқушылар киім мен аяқ киімді дұрыс таңдаудың және тұрақты күтім жасаудың гигиеналық талаптары мен негізгі ережелерін меңгереді.

Сабақтың мақсаты

Оқушыларды киім және аяқ киімді күтудің гигиеналық талаптарымен және негізгі ережелерімен таныстыру.

Сабақтың әдістері

  • Жеті модуль
  • СТО технологиясы
  • Топтастыру әдісі
  • «Шиыршық» әдісі

Күтілетін нәтиже

  • Өмірмен байланыстыра отырып, киім мен аяқ киімді күнделікті күту дағдысы қалыптасады.
  • Ұқыптылық пен жинақылық артады.
  • Жалпы еңбекке баулу дағдылары дамиды.

Көрнекіліктер

Әртүрлі дайын бұйымдар (аяқ киім, киім түрлері), интерактивті тақтадағы слайд-шоу, суреттер, журналдар.

Ресурстар

Тігін машинасы, қайшы, түрлі-түсті қағаз, стикерлер, плакат, фломастерлер, қарындаштар, желім және басқа құралдар.

Пәнаралық байланыс

Медицина, бейнелеу өнері, биология, физика, химия, сызу, музыка, орыс тілі.

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі

  1. Оқушыларды түгендеу.
  2. «Дүкенде» ойыны арқылы сыныпты 4 топқа бөлу:
    • Тауар — төрт түрлі киімнің суреті.
    • Ақша — әр оқушы өзі туралы бір жақсы сөз айтады.
    • Сатушы — мұғалім.
    • Тұтынушы — оқушылар; сатып алған тауар түріне қарай 4 топқа бөлінеді.

Үй тапсырмасын тексеру

Сұрақтар интерактивті тақта арқылы беріледі.

I топ

  • Матаның ұзындығы мен енін анықтау белгілері.
  • Сегіз бүктеп қию әдісін көрсету.

II топ

  • Матаның оң және теріс бетін анықтау белгілері.
  • Алты бүктеп қию әдісін көрсету.

III топ

  • Қол жұмыстары, тігіс түрлері.
  • Төрт бүктеп қию әдісін көрсету.

IV топ

  • Тігін машинасының түрлері, жіп сабақтау құрылысы.
  • Екі бүктеп қию әдісін көрсету.

Қызығушылықты ояту

«Зымыран сұрақтар» интерактивті тақтада суреттер арқылы көрсетіледі. Оқушылар ұғымдар арасындағы байланысты тез анықтап, сабақтың негізгі тақырыбына шығады.

Матаның ұзындығы мен енін анықтау Оң және теріс беті Қол жұмыстары Тігін машинасындағы жұмыстар Киім Киімге сәйкес аяқ киім таңдау Киім және аяқ киімді күту

Бұл кезеңде топтастыру әдісі қолданылады.

Мағынаны тану: Киім және аяқ киімді күту

Киім мен аяқ киім адамды табиғаттың әртүрлі қолайсыз жағдайларынан қорғайды, дене температурасын қалыпты деңгейде ұстап тұруға көмектеседі және сыртқы келбетті әдемі әрі жинақы көрсетеді.

Баланың ағзасы үнемі өсіп, дамып отырады. Сондықтан киімді дұрыс таңдау — дене қалыптасуына әсер ететін маңызды фактор. Ең басты талап: киім өлшемі жағынан бойға және денеге дәл келуі керек. Балалар киіміне ерекше мән беріледі: тым ауыр киім баланы тез шаршатады.

Балалар киіміне қойылатын негізгі талаптар

  • Жұмсақ әрі жылы болуы.
  • Оңай жуылатын материалдан тігілуі.
  • Шаң-тозаңы тез кететін маталардан жасалуы.
  • Жылы күндері — ашық түсті (күн сәулесін шағылыстырады), суық күндері — күңгірт түсті киім таңдаған дұрыс.

Аяқ киімнің маңызы

Аяқ киім — негізгі киім-кешектің бірі. Ол күні бойы киілетіндіктен, аяққа міндетті түрде ыңғайлы болуы қажет.

Топтық жұмыс

Интерактивті тақтада көрсетілген тақырып бойынша әр топ өз тапсырмасын флипчартта дайындап, қорғайды.

I топ: Киімнің гигиеналық талаптары

Балаларға арналған киімдер ауа өткізетін материалдардан жасалуы керек. Бұл бала ағзасының дұрыс «демалуына» ықпал етеді.

Киімді ұзақ уақыт жумай кию нәтижесінде матаға тер құрамындағы тұздар мен басқа да заттар сіңеді. Бұл терінің тыныс алуына кедергі келтіріп, тер бөліну қызметін әлсіретеді. Соның салдарынан ауру тудыратын микробтардың пайда болуы мен көбеюіне қолайлы орта қалыптасады.

Аурудың алдын алудың ең тиімді жолы — жеке бас гигиенасын сақтау. Сондықтан киім жыл мезгіліне, ауа райына, жас ерекшелігіне және ортаға сай таңдалуы тиіс.