Күштің түрлерін ата

Мақсаттары

Білімділік

Сұйық ішінде денеге әрекет ететін ығыстырушы күшті (Архимед күшін) анықтауды үйрету; білім, білік және дағдыны қалыптастыру.

Дамытушылық

Ой-өрісті дамыту; өз бетімен ізденуге, қорытынды жасауға, өзін-өзі бағалауға және сын тұрғысынан қарауға машықтандыру.

Тәрбиелік

Ұқыптылыққа, жауапкершілікке, ізденімпаздыққа, еңбексүйгіштікке және Отанды сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

Кезең
Уақыты
  1. Ұйымдастыру кезеңі

    Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сынып тазалығына көңіл бөлу.

    2 мин
  2. Өткенді қайталау

    12 мин
  3. Жаңа сабақты түсіндіру

    20 мин
  4. Жаңа сабақты бекіту

    5 мин
  5. Сабақты қорытындылау

    3 мин
  6. Оқушыларды бағалау

    2 мин
  7. Үй тапсырмасы

    1 мин

Үй тапсырмасын тексеру (сұрақ-жауап)

Оқушылардың білімін тексеру үшін сұрақтар қойылып, жауаптары талданады.

1) Күштің түрлерін атаңдар

Тарту күші Ауырлық күші Үйкеліс күші Серпімділік күші

2) Үйкеліс күшінің түрлерін атаңдар

Сырғанау Домалау Тыныштық

3) Күшті қандай құралмен өлшейміз?

Күшті өлшеу үшін арнайы құрал — динамометр қолданылады (грекше dynamis — «күш», metreo — «өлшеймін»).

4) Бірқалыпты қозғалыс деген не?

Дене тең уақыт аралығында бірдей жол жүрсе, мұндай қозғалыс бірқалыпты қозғалыс деп аталады.

5) Бірқалыпсыз қозғалыс деген не?

Дене тең уақыт аралығында әртүрлі жол жүрсе, мұндай қозғалыс бірқалыпсыз қозғалыс деп аталады.

6) Неліктен жаңбыр жауар алдында адамның буындары сырқырауы мүмкін?

Жаңбыр алдында атмосфералық қысым төмендейді. Соның әсерінен ағзадағы қысым теңгерімі өзгеріп, кей адамдарда буындардың сырқырауы сезілуі мүмкін.

7) Қатынас ыдыстарға мысал келтіріңдер

Шәугім Шәйнек Суқұйғыш

Тапсырма: шамалар мен өлшем бірліктерін сәйкестендіру

Физикалық шамаларды олардың белгіленуі және өлшем бірліктерімен сәйкестендіріңдер.

Физикалық шамалар

  • Сұйықтың тығыздығы
  • Тұрақты шама (g)
  • Дене көлемі

Белгіленуі және өлшем бірліктері

ρ кг/м³
g 9,8 Н/кг
V м³

Келесі бөлім

Осы тапсырмалардан кейін жаңа тақырыпқа өтеміз: Архимед күші және денелердің жүзу шарттары.