Сүйектің қозғалмалы байланысын

Сабақ туралы мәлімет

Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Кудряшов селосы, Н. В. Гоголь атындағы орта мектебінің биология пәні мұғалімі Ш. Сабырғалиева.

Сабақтың тақырыбы

Бұлшық ет: оның типтері, құрылысы және маңызы.

Сабақтың мақсаты

  • Білімділік: бұлшық еттің адам ағзасындағы түрлері, құрылысы және қызметі туралы түсінік қалыптастыру.
  • Дамытушылық: сын тұрғысынан ойлау арқылы салыстыру, мазмұндау, қорытынды жасау дағдыларын дамыту; топпен жұмыс жүргізуді жалғастыру.
  • Тәрбиелік: денсаулық мәдениетін қалыптастыру және салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.

I. Үй тапсырмасын тексеру

1) «Білім биржасы» сұрақтары

  1. Адамның қаңқасы неше жасқа дейін өседі?
  2. Қарт адамның сүйегінде қандай заттар көбірек болады?
  3. Адамда неше қабырға болады?
  4. Қозғалмайтын сүйектерді атаңыз.
  5. Сегізкөз қай омыртқалармен жалғанады?
  6. Қандай химиялық элемент азайса, жілік иілгіш болады?
  7. Омыртқа жотасының қисаюы қалай аталады?
  8. Адам омыртқа жотасы неше жерден иіледі?
  9. Адамда неше мойын омыртқасы болады?

2) Анатомиялық диктант (топтық жұмыс)

I топ

  1. Адам қаңқасы қанша сүйектен тұрады? (200-ден аса)
  2. Кеуде қуысында қандай ішкі мүшелер болады? (өкпе, жүрек)
  3. Сүйектерді пішініне қарай жіктеңіз:

    а) Жалпақ

    ә) Ұзын

    б) Қысқа

II топ

  1. Сүйек құрамындағы негізгі заттарды жазыңыз (а) …, ә) …).
  2. Сүйектің қозғалмалы байланысын қалай атаймыз? (буын)
  3. D дәруменін қайдан аламыз?
    • тағамнан (мысалы, уылдырық)
    • күн сәулесінен

III топ

  1. Сүйектер байланысының түрлері:
    • қозғалмалы
    • қозғалмайтын
    • аз қозғалатын
  2. Ортан жілік қанша жүк көтере алады? (шамамен 1300 кг)
  3. Сүйек қандай ұлпадан тұрады? (дәнекер ұлпа)

3) Сызба түріндегі тест

Тақырыптық сызба арқылы «Адам қаңқасының бөліктері» қайталанады:

Адам қаңқасының бөліктері

  • Бас сүйек
  • Иық белдеуі
  • Қол жіліктері
  • Қолбас сүйектері
  • Омыртқа жотасының бөліктері

4) Алғашқы жәрдем (практикалық тапсырма)

  • Бұғана шыққан жағдайда көрсетілетін алғашқы көмек.
  • Білезік буыны шыққан жағдайда көрсетілетін алғашқы көмек.

5) Білімді бекіту және жүйелеу

Оқушылар бөлінген тапсырмалар бойынша қысқаша хабарлама жасап, қорытындылайды.

  1. Баланың дене сымбатының ауытқу себептері
  2. Омыртқа жотасының қисаюы (сколиоз)
  3. Жалпақтабандылық

II. Мақсат қою кезеңі

  1. Тірек-қимыл аппаратын не құрайды? (сүйек, бұлшық ет)
  2. Бұлшық еттерге тән негізгі қасиет қандай? (жиырылғыштық)
  3. Қандай бұлшық ет түрлерін білесіздер? (бірыңғай салалы, көлденең жолақты, жүрек)
  4. Тірек-қимыл жүйесінің қызметтері:
    • қимыл-қозғалыс
    • тірек
    • пішін беру
    • қорғаныш

III. Жаңа білімді меңгеру жоспары

1) Бұлшық еттердің түрлері, құрылысы және қызметі

Бұлшық ет тіндерінің негізгі типтері

Көлденең жолақты (қаңқа бұлшық еттері)

  • Тез жиырылады.
  • Ұзын жолақты талшықтардан тұрады.
  • Ерікке бағынады.

Бірыңғай салалы (ішкі мүшелер қабырғасы)

  • Ақырын жиырылады.
  • Бірыңғай талшықтардан тұрады.
  • Ішек, асқазан, өңеш және т.б. қабырғасын түзеді.

Жүрек бұлшық еті

  • Құрылысы жағынан көлденең жолақтыға ұқсас, бірақ еріксіз жұмыс істейді.
  • Ырғақты жиырылуға бейімделген.

Бұлшық еттің құрылысы

  • Бұлшық ет ет талшықтарынан құралады.
  • Талшықтар бірігіп ет будасын түзеді.
  • Сыртын дәнекер ұлпа қаптайды (фасция).

Жіктелуі: қызметі, түсі және көлемі

Қызметіне қарай

Бүгілетін және жазылатын; белдік тәрізді; санның төрт басты; балтырдың сіңірлі бұлшық еті; аяқ басы бұлшық еттері және т.б.

Түсіне қарай

Көп жұмыс істейтін адамдарда түсі күрең-қызылдау; аз жұмыс істейтіндерде ашығырақ. Нәрестелерде бұлшық ет тіні салыстырмалы түрде ашық түсті болады.

Көлеміне қарай

Жалпақ, қысқа, ұзын. Мысалы: тұлға, омыртқа маңы, қабырғааралық, қол-аяқ бұлшық еттері.

2) Бұлшық еттердің негізгі топтары және қызметі

Тұлға бұлшық еттері

Кеуде бұлшық еттері

Үлкен және кіші кеуде бұлшық еті, алдыңғы тісті тәрізді бұлшық ет, ішкі және сыртқы қабырғааралық бұлшық еттер.

Құрсақ бұлшық еттері

Ішкі және сыртқы қиғаш бұлшық ет, тік бұлшық ет, ішкі және сыртқы көлденең бұлшық ет, көк ет.

Арқа бұлшық еттері

Трапеция тәрізді бұлшық ет, жалпақ бұлшық ет, жауырынды көтеретін бұлшық ет.

Бас, мойын және аяқ-қол бұлшық еттері

Бас бұлшық еттері

Шайнау (самай, шайнау, екі қанат тәрізді — ішкі және сыртқы) және ымдау бұлшық еттері (көздің және ауыздың шеңберлі бұлшық еттері, бет, күлу, ұрт, шаршы бұлшық еттер).

Мойын бұлшық еттері

Жалпақ мойын бұлшық еті, төс-бұғана-емізікше және сатылы бұлшық еттер.

Қызметі: мойынды бұру, басты еңкейту.

Қол бұлшық еттері

Иық белдеуі: жауырынның қыр үсті, қыр асты, жауырын асты бұлшық еттері, дельта тәрізді бұлшық ет. Қол: екі басты, үш басты, шынтақ бұлшық еті, қолбасы бұлшық еттері.

Аяқ бұлшық еттері

Жамбас және аяқ: мықын-бел бұлшық еті, үлкен/ортаңғы/кіші бөксе бұлшық еттері; белдік тәрізді; санның төрт басты; екі басты; жұқа; жартылай сіңірлі; балтыр және аяқ басы бұлшық еттері.

IV. Бекіту кезеңі («Ой қозғау»)

  1. Адамда қанша бұлшық ет болады?
  2. Бұлшық еттердің негізгі топтарын атаңыз.
  3. Арқа бұлшық еттерінің қызметі қандай?
  4. Мойын бұлшық еттерінің қызметі қандай?
  5. Бұлшық еттің қажуын болдырмаудың жолдары қандай?
  6. Адам қай кезде тез қажиды? Себебін түсіндіріңіз:
    • ұзақ жүргенде
    • ұзақ тұрған кезде

Сабақты қорытындылау үшін әр топқа сөзжұмбақ үлестіріледі. Оқушылар оны ұжымдаса отырып шешеді.