Досың солар табылатын қасыңнан - дегендей қазір бізде математика сабағы
Сабақтың мақсаты
Білімділік
5-ті қосу және азайту тәсілдерін түсіндіру; бес санының мағынасын ақындардың өлең жолдары арқылы меңгерту.
Дамытушылық
Оқушылардың жан-жақты ойлауын, ізденуін, оқығанын есте сақтап, іс жүзінде қолдануын дамыту. Бір таңбалы сандарды ауызша қосу-азайтуға дағдыландыру және ойын есептері арқылы ойлау қабілетін жетілдіру.
Тәрбиелік
Ұжыммен жұмыс істеуге, тапқырлыққа, жылдамдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақ барысы
Психологиялық даярлық
Есептеуге жүйрік болсаң жасыңнан,
Математикаға орын берсең басыңнан —
Барлық ғылым саған үйір болады,
Досың солар табылатын қасыңнан.
Топқа бөлу және үй тапсырмасын тексеру
№3 тапсырма: Қосылғыштарының біреуі 5 болатын қосындыларды ата және мәндерін тап.
Қызығушылықты ояту
- Санамақ арқылы сабаққа серпін беру.
- «Қай кілт қай пәтердікі?» (слайд) тапсырмасы.
- 5 санын шығарып алу және Абай туралы слайд көрсету.
- 5 санын топтастыру (кластер құру).
Актуальдау: Абайдың «Бес» туралы ойы
Адам болам десеңіз
Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба,
Құмарланып шаттанба,
Ойнап босқа күлуге.
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз.
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ —
Бес дұшпаның, білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым ойлап қой —
Бес асыл іс, көнсеңіз.
Мағынаны тану: 5-ті қосу және азайту
Қосу үлгісі
5 тг + 1 тг + 1 тг + 1 тг + 1 тг + 1 тг
Тақтада 5 саны ілулі тұрады. Оқушылар кезекпен 5 бірлік әкеліп іледі.
Азайту үлгісі
10 тг − 1 тг − 1 тг − 1 тг − 1 тг − 1 тг
Бірліктерді біртіндеп азайту арқылы азайтудың мәнін нақтылап түсіндіру.
Ой ашар: «Ойлан, тап!»
№1 (ә): Асан — 5 ж, Үсен — 10 ж. Үсен Асаннан неше жас үлкен?
Шешуі: 10 − 5 = 5
Жауабы: 5 жас үлкен.
Жұмбақ және өлең-есептер (топтық жұмыс)
І топқа тапсырмалар
-
Уақ, біз едік, біз едік,
Отыз екі қыз едік.
Қатар-қатар тізілдік,
Кезек-кезек үзілдік.
Жауабы: тіс. -
Сегіз қияр базардан
Сатып алды Сәлімжан.
Бес қиярды алғанда,
Қанша қалды дорбада?
Шешуі: 8 − 5 = 3. -
Бірін-бірі қоштаған,
Бір үйден көрдім.
Қырық екі дос-жаран.
Жауабы: 42 әріп. -
Айманда болды бес алмұрт,
Әселге берді екі алмұрт.
Айманның қалды қолында
Неше алмұрт, тез ойла.
Шешуі: 5 − 2 = 3.
Ой қозғау: есеп құрастыр және шығар
№3: Қарындаш — 6, өшіргіш — 1. Қарындаш өшіргіштен қаншаға артық?
Шешуі: 6 − 1 = 5
Жауабы: Қарындаш өшіргіштен 5-еуі артық.
Сергіту сәті: өлшеу және толықтыру
- №4: 5 см + 1 см = ___ см
- ___ см + 1 см = ___ см
- ___ см + ___ см = ___ см
Логикалық тапсырмалар
Үшбұрыштарды сана
Суретте неше үшбұрыш бар?
Өлшем бірліктері
Ұзындық өлшем бірліктерін ата: мм, см, дм, м.
Фигураларды топтастыр
Геометриялық фигураларды топтастыру.
Ой қорыту: топаралық жарыс
Жаңылтпаш
Екі топқа бір-бір жаңылтпаш беріледі. Мақсат — жаңылмай, анық әрі жылдам қайталау.
Ойын: «Өз орныңды тап!»
Математикалық өрнектер бойынша дұрыс нәтижені тауып, өз орнына орналасу. Қоса отырып, асыл сөздер айту, санамақ жүргізу және логикалық тапсырмалар орындау.
- Ақыл-асыл сөздер
- Жаңылтпаш
- Санамақ
- Логикалық тапсырмалар
- Жұмбақтар
Қорытынды идея
Оқу-тәрбие үдерісінде математикалық мазмұнды тілдік жанрлармен ұштастырудың әсері жоғары. Сондықтан математика сабағында оқушылардың тілін, сөздік қорын және ой-өрісін дамыту үшін жаңылтпаш, жұмбақ, санамақ және ақындардың өлең жолдарын жүйелі қолдану пайдалы.
Үй тапсырмасы
№5: 5 санының құрамын жаттау.
Бағалау
Топтық бағалау жүргізіледі. Жекелеген оқушылар жетондар арқылы бағаланады.