Теңдеулерді дұрыс шеше білуге және өзін - өзі тексере білуге жағдай жасау

Сабақ тақырыбы

Теңдеулер және оларды шешу тәсілдері.

Сабақтың мақсаты

Оқушылардың теңдеулер және оларды шешу тәсілдері бойынша білімдерін пысықтау, күрделі теңдеулерді шешу жолдарын қарастыру.

Сабақ түрі

Аралас сабақ.

Әдістері

  • Ойландыру
  • Көрнекілік
  • Ойын
  • Сұрақ-жауап
  • Карточкамен жұмыс

Міндеттері

  1. Теңдеулерді дұрыс шешуге және өзін-өзі тексеруге жағдай жасау.
  2. Оқушылардың ақыл-ойын, ой-өрісін, ойлауын, зейінін, таным қабілетін және тез есептеу дағдысын дамыту.
  3. Тапқырлыққа, ізденімпаздыққа, алғырлыққа баулу; пәнге қызығушылығын арттыру; туған елін, жерін сүйетін парасатты тұлға тәрбиелеу.

Көрнекілігі

  • Интерактивті тақта
  • Үлестірме қима қағаздар

Сабақ барысында топтық жұмыс қолданылады: 1-топ — сары, 2-топ — қызғылт, 3-топ — көк. Әр топқа түсіне сәйкес дөңгелекшелер таратылады.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Сыныптың назарын сабаққа шоғырландыру, топтарға бөліну және жұмыс ережелерін еске түсіру.

II. Өткенді қайталау

Ауызша есептеу және ойын элементтері арқылы білімді бекіту.

1-тапсырма: Сандарды оқы

Топ 1
  • 243 175 000
  • 6 000 000 510

1-тапсырма: Сандарды оқы

Топ 2
  • 43 507 003
  • 31 518 001

1-тапсырма: Сандарды оқы

Топ 3
  • 85 000 352 000
  • 75 000 001

2-тапсырма: Өрнекте (метрмен)

Топ 1
  • 8 км 87 м
  • 9 км 108 м
  • 12 км 7 м

2-тапсырма: Өрнекте (тоннамен)

Топ 2
  • 1 000 000 г
  • 76 000 кг
  • 370 ц

2-тапсырма: Өрнекте (сағатпен)

Топ 3
  • 4 тәулік
  • 10 тәулік 5 сағат
  • 2400 минут

Талқылау сұрақтары

  • Өрнектердің қандай түрлері болады?
  • Өрнектердің аталуы неге байланысты?
  • Үй тұрғызу үшін қандай мамандар қажет?

Жаттығу: Әр үйдің нөмірін табуға көмектес

Өрнек

(945 + 55) − 980

Өрнек

(7545 + 455) : 200

Өрнек

9000 : (845 − 545)

Өрнек

4500 : 900 × 10

Өрнек

400 : 200 + 58

Өрнек

6800 + 270 − 7000

Жаңа тақырыпқа даярлық

Уақыты: 2 минут

Ой қозғау

Қайсысы теңдеу?

  • 63 − x = 100 : 5

  • 63 − x − 100

  • 63 − x

Талқылау: теңдеудің белгісі — теңдік белгісінің (=) болуы және белгісіз шаманың қатысуы.