Жылқының сүті
Сабақ туралы мәлімет
Оқу орны
Атырау қаласындағы облыстық дарынды балаларға арналған лицей.
Мұғалім
Орыс сыныптарына арналған қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі — Куанышалиева Гаухар Кадыровна.
Пән / сынып
Қазақ тілі, 6-сынып.
Тақырыптар
- Грамматикалық тақырып: дара және күрделі, болымды және болымсыз етістіктер (простые и сложные, положительные и отрицательные глаголы).
- Лексикалық тақырып: үй жануарлары (домашние животные).
Мақсаты
- Оқушылардың өткен тақырыптардан алған білімдерін еске түсіру.
- Дара және күрделі, болымды және болымсыз етістіктерді түсіндіру.
- Оқушылардың ой-өрісін кеңейту, өз ойын қазақ тілінде еркін жеткізе білуге дағдыландыру.
- Оқушыларды жануарларға дос болып, оларды ренжітпеуге және қорламауға тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже
A
Үй жануарлары туралы мәлімет алады.
B
Үйренген жаңа сөздерді күнделікті тұрмыста қолдана алады.
C
Дара және күрделі, болымды және болымсыз етістіктерді меңгереді.
Керекті жабдықтар
Ұйымдастыру кезеңі
Бастау
- 1. Сәлемдесу.
- 2. Үй тапсырмасын тексеру.
Сергіту сәті: «Пародия»
Оқушылар тақтаға ілінген стикерлерді таңдап, онда жазылған жануардың дауысын салады.
- 1.Жылқының дауысын сал.
- 2.Қойдың дауысын сал.
- 3.Сиырдың дауысын сал.
- 4.Иттің дауысын сал.
- 5.Әтештің дауысын сал.
- 6.Мысықтың дауысын сал.
Ой қозғау
Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы өткен тақырыптарды еске түсіреді. Экранға ребус көрсетіледі: «Үй жануарлары».
- 1.Етістік дегеніміз не?
- 2.Етістік қандай сұрақтарға жауап береді?
- 3.Тұйық етістік туралы не білесіңдер?
- 4.Негізгі және туынды етістіктерге мысал келтіріңдер.
Негізгі бөлім
Жаңа тақырып: етістіктің түрлері
Дара етістік
Бір ғана сөзден тұратын негізгі етістік дара етістік деп аталады.
Мысалдар: бар, жүр, кел.
Күрделі етістік
Екі немесе одан да көп сөзден құралып, бір ғана мағынаны білдіріп, бір сұраққа жауап беріп, сөйлемнің бір ғана мүшесі қызметін атқаратын етістіктер күрделі етістік деп аталады.
Мысалдар: қашып бара жатыр, отыр екен, салып жатыр.
Болымды етістік
Іс-әрекеттің, амал-қимылдың жүзеге асқанын, асатынын немесе асуын білдіретін форма етістіктің болымды түрі деп аталады.
Мысалдар: бар, көтер, сөйле, шық, жаз, кел.
Болымсыз етістік
Іс-әрекеттің, амал-қимылдың жүзеге аспауын, орындалмауын білдіретін форма етістіктің болымсыз түрі деп аталады.
Болымсыз етістік болымды етістіктің түбіріне -ма/-ме, -ба/-бе, -па/-пе жұрнақтарын жалғау арқылы жасалады.
Мысалдар: бар → барма, көтер → көтерме, сөйле → сөйлеме, шық → шықпа, жаз → жазба, кел → келме.
Сөздікпен жұмыс
- Төрт түлік мал
- четыре вида домашнего скота
- Шұбат
- напиток из верблюжьего молока
- Қымыз
- напиток из кобыльего молока
- Қызмет етеді
- служат
- Үркегі
- пугливый
- Құттысы
- приносящий благо
- Төл
- приплод, детёныши
- Пайда әкеледі
- приносят пользу
Топтық жұмыс: «Үй жануарлары» мәтіні
Мәтін (1-бөлік)
Үй жануарларына қой, жылқы, сиыр, түйе, ешкі, ит, мысық және тағы басқалары жатады. Үй жануарларының пайдасы зор.
Мәтін (2-бөлік)
Олардың сүті мен еті — тағам, жүні мен терісі — киім. Жылқы мен түйені көлік ретінде пайдаланады. Үй жануарлары адамға қызмет етеді.
Мәтін (3-бөлік)
Түйе сүтінен шұбат, жылқы сүтінен қымыз жасайды. Сиыр мен ешкі де сүт береді. Қазақ халқы бұл жануарларды төрт түлік деп атайды. Ит үйді күзетеді, мысық тышқан аулайды. Үй жануарларын ұрып-соғуға, қорлауға болмайды.
Өлең жолдары:
Түйе — малдың үлкені,
Жылқы — малдың үркегі.
Сиыр — малдың сүттісі,
Қой — түліктің құттысы.
1-тапсырма: Аудару
1-топ — 1-абзац, 2-топ — 2-абзац, 3-топ — 3-абзац.
2-тапсырма: Етістіктерді табу
Мәтіннен етістіктерді тауып, түрлеріне қарай ажыратыңдар.
3-тапсырма: Сурет және түсіндіру
Мәтін бойынша сурет салып, оны түсіндіріп беріңдер.
Қорытынды
«Жәшіктегі сұрақтар» ойыны
Оқушылар сұрақтарға жауап береді.
- 1.Қандай үй жануарлары бар?
- 2.Үй жануарларының пайдасы қандай?
- 3.Етістік дегеніміз не?
- 4.Дара етістікке мысал келтір.
- 5.Күрделі етістікке мысал келтір.
- 6.Болымды етістікке мысал келтір.
- 7.Болымсыз етістікке мысал келтір.
- 8.Жылқының сүтінен қандай сусын жасалады?
- 9.Түйенің сүтінен қандай сусын жасалады?
- 10.Қазақ халқында неше түлік бар?
Бағалау
Оқушылар сабақ барысындағы белсенділігіне қарай бағаланады.
Үйге тапсырма
130-беттегі 2-тапсырма.