Диффузияның пайдасы мен зияны

Сабақ туралы мәлімет

Сыныбы
7
Сабақтың тақырыбы
Заттың күйлері және оларды молекулалы-кинетикалық көзқарас негізінде түсіндіру
Сабақтың түрі
Жаңа сабақ
Сабақтың әдістері
Сұрақ-жауап, тірек-сызба арқылы білімді тексеру

Сабақтың мақсаттары

Білімділік

Заттың күйлерін және оларды молекулалы-кинетикалық көзқарас негізінде түсіндіру.

Дамытушылық

Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру, өз бетінше жұмыс істеу және ой қорыту дағдыларын қалыптастыру.

Тәрбиелік

Алған білімді өмірмен байланыстыра алатын, шығармашыл тұлға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер мен ресурстар

  • Суы бар ыдыс
  • Марганцовка
  • Қант кесегі
  • Тұз
  • Бос ыдыс
  • Слайдтар
  • Ғалымдардың портреттері
  • Тест тапсырмалары

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Сабаққа назар аударту, жұмысқа жұмылдыру

  • Сыныптың дайындығын тексеру, оқу құралдарын реттеу.
  • Психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру.

II. Өткен тақырыпты қайталау

Белсенді әдістер арқылы білімді нақтылау

1) Қызығушылықты ояту

«Ой қозғау» тапсырмасы: тірек-сызба бойынша топтастыру.

2) Физикалық диктант

Төмендегі сөздерді «физикалық дене», «зат», «құбылыс» санаттарына бөліп жазыңдар:

қорғасын күннің күркіреуі рельстер қарлы дауыл алюминий таңның атуы үстел мыс Ай сынап қардың жаууы мұнай қайнау бұрқасын тасқын тікұшақ найзағай

3) «Ойлан, жұптас, бөліс»

Берілген сөздерді сәйкес кестеге толтыру (слайд арқылы).

4) «Ыстық орындық»

Суреттегі ғалымдарға қатысты сұрақтарға жауап беру:

  1. Суретте бейнеленген ғалымдар кімдер?
  2. М. В. Ломоносов молекула және атом туралы қандай қағиданы қалыптастырды?
  3. «Молекула» және «атом» ұғымдарын ғылымға енгізген кім?

5) Бір айналым сөйлесу: тәжірибелік сайыс

«Құбылысты анықта. Не байқадың? Себебі неде?»

  1. Қант кесегін ыстық суға салу.
  2. Қант кесегін салқын суға салу.
  3. Марганцовка кесегін салқын суға салу.

6) Еркін әңгіме: диффузия

Диффузия ұғымын түсіндіру, оның пайдасы мен зиянын талқылау.

Температураны өлшейтін құрал — термометр.

Тренинг: «Жақсы тілек» жаттығуы

Мұғалім қолындағы жанып тұрған майшамды үлгі етіп: «Менің қолымдағы майшам сіздің қолыңызда да әрдайым жанып тұрсын» деп тілейді. Оқушылар бір-біріне кезекпен жылы лебіз айтып, жақсы тілектерін жалғастырады.

III. Жаңа сабақ

Тақырыпты молекулалы-кинетикалық тұрғыдан ашу

Тақырып: «Заттың күйлері және оларды молекулалы-кинетикалық көзқарас негізінде түсіндіру». Негізгі ұғымдар тірек-сызба арқылы жүйеленеді.