Жанарынан жаз бүркіп, Тұр қыс күні сүйкімді
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Пән
Әдебиеттік оқу
Тақырып
«Ақ қыс» — Төлеген Айбергенов
Сабақ түрі
Дәстүрлі
Әдістер
Талдау, жинақтау
Көрнекілік
Ақынның портреті
Сабақтың мақсаты
Білімдік
Ақынның қыс бейнесін суреттеуіне сүйене отырып, өлең кейіпкерінің көңіл күйін анықтау; лириканы түсіну мен сезінуге мүмкіндік беру.
Дамытушылық
Бейнелі сөйлеу дағдыларын дамыту, көркем сөзді талдау қабілетін арттыру.
Тәрбиелік
Маусым ерекшелігін байқату арқылы табиғат сұлулығын тануға баулу; қоршаған әлем мен табиғат құбылыстары арқылы шындыққа қарым-қатынасты қалыптастыру.
Сабақ барысы
1) Қызығушылықты ояту
Оқушылар қыс бейнесін еске түсіріп, таныс үзінді арқылы мағыналық өрісін кеңейтеді.
Тапсырма
Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді есіңе түсіріп жаз. Бұл қай өлеңнен алынған үзінді?
Үсті-басы — ақ..., түсі...,
Басқан жері... келіп қалды.
Сұрақ: Тапсырмада жазылған сөздер мағынасы нені білдіреді?
Жауап: Қыс табиғатының құбылыстарын білдіреді.
Талқылау: Абай өлеңін оқығанда суықтың ызғары, қар үстіндегі сықыр-сықыр дыбыс, денелі қыстың жүрісі секілді әсерлер сезіледі.
2) Мағынаны тану
Т. Айбергеновтің «Ақ қыс» өлеңін оқып, ақынның сезімін, көркемдік тәсілдерін, қыс бейнесінің қырларын талдау.
Оқу әрекеті
- Өлеңді бір рет іштей оқу.
- Дауыстап, мәнеріне келтіріп оқуға дайындалу.
- Оқушылардың кезекпен мәнерлеп оқуы.
- Әр жол мен шумақтағы сезімді тауып, талдау жасау.
Алғашқы шумаққа талдау
Алғашқы төрт жолда жер бетінің түгел аппақ екені айтылады. Көз алдымызға тап-таза табиғат пен қуанышқа толы қыс құшағындағы адам елестейді. Дегенмен қыс «сақ-сақ» етіп түр көрсетеді: ол күле ме, әлде ашулы ма — оқырманды ойландыратын әсер береді.
Келесі жолдарды талқылау
Қардағы іздерге артыңа бұрылып қарап көрдің бе? Ақын қар үстіндегі іздерді қандай бейнеге теңейді? Осы сұрақ арқылы оқушылар қиялын іске қосып, метафора мен теңеуді сезінеді.
Көркем ойды ұстап алу
«Ақ қыс — сұлу ақ өлең,
Табанымның астында —
Таңғажайып аң әлем...»
Мұнда ақын қысты «ақ өлеңге» теңеп, қар үстіндегі іздерден «аң әлемін» көреді. Бұл — табиғаттағы ұсақ белгіден үлкен мағына табудың үлгісі.
Келесі төрт жолға талдау
Қызығы — қайда барсаң да, қыс сенен бір елі қалмайды. Ақын қысты тек суық мезгіл ретінде емес, жан біткенге еріп жүретін, мінезі бар құбылыс ретінде суреттейді.
Сұрақ: Қыс қанша суық болса да, оның жанарынан не көрінгендей?
Жауап: Ақын қыс көзінен «жаз бүркіп тұрғандай» мейірім мен сүйкімділік байқайды.
Дәптермен жұмыс және бекіту
Талқылау сұрақтары: Қардың қандай түрлерін білесіңдер? Аяздың ше? Боранның ше?
Тапсырма: Өлеңнен ақын көзіне көрінген «ақ» бейнелерді теріп жазу.
Өлеңнен алынатын «ақ» бейнелер
- ақ қолғап
- ақ қыс
- аппақ сәукеле
- аппақ тау
- төбе
- рояльдің ақ тілі
- ақ әлем
- аппақ әуен
Қуаныш пен таза сезім үстем болғанда, дүние де көрікті көрінеді: тіпті дыбыс пен әуеннің өзі «аппақ» болып естіледі.
Т. Айбергенов туралы мәлімет
Төлеген Айбергенов (08.03.1937, Қоңырат ауданы, Қарақалпақстан, Өзбекстан — 29.08.1967, Нүкіс қаласы, Қарақалпақстан, Өзбекстан) — ақын. 1959 жылы Ташкенттегі Низами атындағы педагогика институтының қазақ тілі мен әдебиеті факультетін тәмамдап, туған ауылында мұғалім болып қызмет атқарған.
3) Ой толғау: «Бес жолды өлең» (синквейн)
Стратегия арқылы оқушылар өлең мазмұнын жинақтап, негізгі ойды қысқа әрі дәл жеткізуге үйренеді.
Құрылымы
- Тақырып (негізінен зат есім)
- Сипаттама (екі сын есім)
- Әрекет (үш етістік)
- Сезім/қатынас (төрт сөз)
- Синоним (көбіне зат есім)
Өлеңге қолдану үлгісі
1-жол: Қыс.
2-жол: Аппақ, таңғажайып.
3-жол: Құшақтайды, сақылдайды, омбылайды.
4-жол: Айнала әдемі, қызықты екен. (немесе: «Көз тоймайтын ғажап әлем»)
5-жол: Табиғат.
4) Үй тапсырмасы және бағалау
Үй тапсырмасы
«Ақ қыс» өлеңін мәнерлеп оқу.
Бағалау
Мәнерлеп оқу, талдаудағы белсенділік, дәлелді жауап және дәптер жұмысын орындау сапасы бойынша бағаланады.