Қасым Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығы жайлы білімдерін қалыптастыру, шығармаларымен таныстыру
Сабақ тақырыбы
Қасым Аманжоловтың «Өзім туралы» өлеңі
Сабақтың мақсаты
Білімдік
Қасым Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығы туралы білімді қалыптастыру, шығармаларымен таныстыру.
Дамытушылық
Оқушылардың ой-өрісін, есте сақтау қабілетін, әдеби тіл байлығын, көркем сөз шеберлігін дамыту.
Тәрбиелік
Ана тілін қадірлеуге, елін-жерін сүюге, Отанды қорғап қастерлеуге, имандылыққа және білімділікке тәрбиелеу.
Сабақтың форматы
Сабақ түрі
Дәстүрлі талдау сабағы
Сабақ әдісі
Сұрақ-жауап
Көрнекілігі
Слайдтар, бүктеме, үлестірме қағаздар, сызба қағаздар, дыбысталған үнтаспасы
Пәнаралық байланыс
Музыка
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушыларды дұрыс отырғызып, түгелдеу.
- Оқу құралдарын даярлатып, сабаққа назарын аудару.
2) Үй тапсырмасын сұрау
Талқылауға арналған сұрақтар:
- Ғабит Мүсірепов кім?
- Ғабиттің өмірі мен шығармашылығы туралы түсіндіріңіз.
- Әңгімені неге «Ананың анасы» деп атаған?
- Әңгімедегі кейіпкерлерді атаңыз.
- Боранды түн көрінісіндегі кейіпкерлерге мінездеме беріңіз.
3) Жаңа сабақ
Математикалық ойын: «Ғажайып алаң»
Таңбаларға әртүрлі сандармен амалдар қолданып есептер шығару арқылы үшаяқтардағы жасырын сөзді табамыз.
Жауабы:
«Өзім туралы»
Бейнематериал
Бейнетаспадан ақын Қасым Аманжолов туралы өмірбаяндық дерек көрсетіледі.
Өлеңді тыңдау
Бейнетаспадан «Өзім туралы» өлеңі тыңдатылады.
Қасым Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығы
Қасым Аманжолов 1911 жылы Қарағанды облысы, Қарқаралы өңірінде дүниеге келген. Ол жастайынан жыр шығарып, ән салып, домбыра, скрипка және күйсандықта жақсы ойнаған.
Ақын балалық шағында жоқшылық пен жетімдіктің ауыртпалығын көрді: қой бағып, тезек теріп, кісі есігінде де телмірген кездері болған. Осы өмірлік тәжірибе оның мінезін қайрап, өткір тілді, қажырлы, қайратты, тік болмысты тұлға ретінде қалыптастырды.
Негізгі ұстанымы
Қасымның өзі айтқандай, оның өмірлік мұраты — «жасық өлең емес, асыл өлең» жазу.
Ақын шыншыл да бүкпесіз болды: ұрпағымен ашық сөйлесіп, мақсат-мүддесін, қуаныш-сүйінішін, сенімі мен күдігін жасырмай жеткізді. Ақын дүниеден өткеннен кейін «Өзім туралы» өлеңі жарық көрді.
Өлеңнің рухы мен өзегі
Қасымның лирикасы — жалынды да дауылды, нәзік те сыршыл. Ол оқырманын баурап, жан дүниесіне жақын үн қатады. Ақынның өз дәуірімен сырласуы төмендегі жолдардан айқын сезіледі:
Ей, тәкәппар дүние,
Маған да бір қарашы.
Танисың ба сен мені,
Мен қазақтың баласы.
Тірісінде-ақ аңызға айналған Қасым — ешкімге ұқсамайтын дара тұлға. Оның ақындық шабыты жүрдек тұлпардай, шапқан сайын биіктей береді.
Белгілі поэмалары
- «Ақын өлімі туралы аңыз»
- «Қытай қызы»
- «Құпия қыз»
- «Бикеш»
- «Естай – Қорлығайын»
- т.б.
Мәтінмен жұмыс
Өлеңді мәнерлеп оқу
- Мұғалім өлеңді мәнерлеп оқиды.
- Оқушылар өлеңді кезекпен мәнерлеп оқиды.
- Мәнерлеп оқу дағдысына ерекше мән беріледі.
Әдеби байланыс және салыстыру
Абайдың «Өлсе өлер табиғат, адам өлмес» деген ойымен Қасымның өлеңіндегі қай жол үндеседі?
Мұқағали Мақатаевтың «Шаң басқан архивтерден табылармыз» деген жолдары Қасым поэзиясындағы қай тармақтармен сабақтасады?