Геометриялық фигуралар арқылы бағалау
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Орналасқан жері
Алматы облысы, Ақсу ауданы, Ащыбұлақ ауылы
Білім беру ұйымы
М. Мәметова атындағы орта мектебі (мектепке дейінгі шағын орталығы бар) коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Пән / Сынып
Сауат ашу, 1-сынып
Мұғалім
Жиентаева Гүлназ Маныбекқызы, бастауыш сынып мұғалімі
Оқу мақсаты
Код
1.1.4.1
Нәтиже
Мәтіннің мазмұнын тақырыбы немесе иллюстрациясы бойынша болжау.
Ойлау деңгейлері
- Мұғалімнің көмегімен оқиғаның ретін сақтай отырып баяндайды.
- Оқиғаның ретін сақтай отырып, өз бетінше түсініп баяндайды.
Бағалау критерийлері
Оқушы орындай алады
- Сөздердің бастапқы әріптерінен сөйлем құрауды үйренеді.
- Мәтін туралы түсінік қалыптастырады.
- Иллюстрация бойынша мәтін мазмұнын болжап, әңгіме құрастыра алады.
Сабақ құрылымы
Басы
3 минут
Психологиялық ахуал қалыптастыру: «Мен саған гүл сыйлаймын» әдісі. Мұғалім оқушыларға: «Мен саған гүл сыйлаймын, себебі сен осы топта ... оқушысың!» деп, жылы сөз айтады.
Топқа бөлу
2 минут
Сыйланған гүлдердің түстеріне қарай оқушыларды топтарға бөлу.
Ортасы
Негізгі тапсырмалар
Тапсырма 1
Сөздердің бастапқы әріптерінен сөйлем құрастыр.
Тапсырма 2
«У кактус»: иллюстрацияға сүйене отырып, мәтіннің мазмұнын болжа.
Тапсырма 3
Суретшінің қатесін тап.
Дескрипторлар
- Сөздердің бастапқы әріптерінен сөйлем құрайды.
- Мәтін туралы түсінігін көрсетеді.
- Иллюстрация бойынша мазмұнын болжап, әңгіме құрастырады.
Соңы
Бағалау
Оқушылардың жұмысын геометриялық фигуралар арқылы бағалау.
Түсіндім
Жақсы орындадым
Көмек қажет
Толық нұсқасын жүктеу.