Дүниежүзілік мұхит бөліктерін ата

Сабақтың тақырыбы

Суды пайдалану және қорғау

Білімділік мақсаты

Оқушылардың «Гидросфера» тарауы бойынша алған білімдерін жүйелеу.

Тәрбиелік мақсаты

Оқушыларды су нысандарын қорғауға, суды тиімді пайдалануға және ластамауға тәрбиелеу.

Дамытушылық мақсаты

Әртүрлі ойын түрлері арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту.

Көрнекіліктер

  • Дүние жүзінің физикалық картасы
  • Глобус
  • Интерактивті тақта және т.б.

Пәнаралық байланыс

Қазақ тілі мен әдебиеті.

Әдіс-тәсілдер

Баяндама, викторина, тест жұмысы.

Сабақтың түрі

Қорытынды сайыс сабақ.

Сабақ барысы

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларға сайыс сабағы өтетінін ескертіп, сынып екі топқа бөлінеді:

1-топ

Өзен

2-топ

Бұлақ

1-кезең: Топтың таныстырылымы

Әр топ өз аттарына сай дайындалған таныстырылымын оқиды. Әр топқа 2 минут уақыт беріледі.

Өзен тобы

Біздің топ — Өзен.

Өзен — табиғаттың жаны емес пе?

Өзен — табиғаттың қаны емес пе?

Өзен жоқ жерде тіршілік жоқ.

Бұлақ тобы

Біз — бұлақпыз,

Жанып тұрған шырақпыз.

Ең таза сүзілген бұлақтаймыз,

Айналаға сәуле шашқан шырақтаймыз.

2-кезең: Викториналық сұрақтар

Сұрақтарға қысқа әрі нақты жауап беру ұсынылады. Негізгі ұғымдар мен анықтамаларға басымдық беріледі.

  1. 1) Гидросфера дегеніміз не?

    Жердің су қабығы.

  2. 2) Табиғаттағы су қандай күйде болады?

    Газ, қатты, сұйық.

  3. 3) Табиғаттағы су айналымы қалай жүреді?

    Су буланып бұлтқа айналады, кейін жаңбыр болып жерге түседі.

  4. 4) Мұхит дегеніміз не?

    Жер бетінің үлкен бөлігін алып жатқан су кеңістігі.

  5. 5) Ең терең әрі ең үлкен мұхит қайсы?

    Тынық мұхиты.

  6. 6) Дүниежүзілік мұхит бөліктерін ата.

    Тынық, Атлант, Үнді, Солтүстік Мұзды мұхиты.

  7. 7) Мұхит бөліктері бір-бірімен қалай жалғасқан?

    Бұғаздар арқылы.

  8. 8) Ең терең шұңғыма қалай аталады?

    Мариана шұңғымасы.

  9. 9) Бұғаз дегеніміз не?

    Екі мұхитты немесе екі су айдынын жалғастыратын тар өткел.

  10. 10) Шығанақ дегеніміз не?

    Судың құрлыққа сұғына еніп жатқан бөлігі.

  11. 11) Теңіз дегеніміз не?

    Мұхитпен жалғасқан ірі тұзды су айдыны.

  12. 12) Көл қалай пайда болады?

    Табиғи ойыстардың суға толуынан пайда болады.

  13. 13) Өзен дегеніміз не?

    Белгілі бір бағытта арнамен үздіксіз ағатын су.

  14. 14) Арал теңізіне қандай өзендер құяды?

    Сырдария, Әмудария.

  15. 15) Қандай суды ластанған су дейміз?

    Пайдаланылған, шайынды (өнеркәсіптік/тұрмыстық) қалдықтары араласқан су.

  16. 16) Тұщы суларға қандай сулар жатады?

    Өзен, көл, мұздық, жер асты сулары.

  17. 17) Тұзды суларға қандай сулар жатады?

    Теңіз, мұхит, ағынсыз тұзды көлдер.

  18. 18) Балқаш көлінің суы тұзды ма, тұщы ма?

    Батыс бөлігі — тұщы, шығыс бөлігі — ащы (тұздылау).

  19. 19) Өзің тұратын жерге ең жақын орналасқан көл?

    Каспий теңізі (ірі тұйық көл ретінде қарастырылады).

  20. 20) Өлкеңде қандай өзендер бар?

    Жайық.

3-кезең: Мақал-мәтелдер жарысы

Бұл кезеңде оқушылар суға қатысты, суды бағалауға, қорғауға және қадірлеуге тәрбиелейтін қазақ мақал-мәтелдерін айтып жарысады.

Бұлақ көрсең, көзін аш.

Су жүрген жер — береке, ел жүрген жер — мереке.

Су — ырыстың көзі, еңбек — кірістің көзі.

Дарияның басы — бұлақ.

Сасық су да — бір, сараң да — бір.

Сумен ойнама — батарсың, отпен ойнама — күйерсің.

От пен су — тілсіз жау.

Су ішетін құдығыңа түкірме.

Судың да сұрауы бар.

Сулы жер — нулы жер.

Судың жолын құм бөгер.

Су атасы — бұлақ, сөз атасы — құлақ, жол атасы — таяқ.

Су алтыннан да қымбат.

Су бергеннің сауабы бар, су төккеннің жауабы бар.

Сулы жер құрақсыз болмас, таулы жер бұлақсыз болмас.

«Ойлан, тап» ойыны

Ұғымды анықтамамен сәйкестендіру арқылы білім бекітіледі.

  1. 1) Табиғи ойысқа толған су

    Көл.

  2. 2) Памирдегі көл

    Сарез.

  3. 3) Дүние жүзіндегі ең үлкен көл

    Каспий.

  4. 4) Алтайдағы көл

    Зайсан.

  5. 5) Дүние жүзіндегі ең ұзын өзен

    Ніл.

  6. 6) Торғай өңірінің өзені

    Тобыл.

  7. 7) Дүние жүзіндегі ең үлкен мұхит

    Тынық.

  8. 8) Тынық мұхиттағы ең үлкен шұңғыма

    Мариана.

  9. 9) Дүние жүзіндегі ең кіші мұхит

    Солтүстік Мұзды мұхиты.

  10. 10) Жер бетіндегі ылғалдың басты көзі

    Мұхит.

4-кезең: Тест сұрақтары

Әр сұраққа бір дұрыс жауап таңдалады.

1) Жердің су қабығы қалай аталады?

  • а) атмосфера
  • ә) литосфера
  • б) гидросфера

2) Дүние жүзіндегі ең терең шұңғыма?

  • а) Пуэрто-Рико
  • ә) Кермадек
  • б) Мариана

3) Жер шарындағы ең үлкен және ең терең мұхит

  • а) Үнді
  • ә) Атлант
  • б) Тынық

4) Дүниежүзілік мұхит қанша бөлікке бөлінеді?

  • а) екі
  • ә) үш
  • б) төрт

5) Табиғаттағы тұщы су көздері

  • а) өзен, көл, бұлақ, жер асты сулары, мұздықтар, жаңбыр суы
  • ә) мұхит, теңіз, мұздықтар
  • б) шығанақ, түбек, сарқырама

6) Беринг бұғазы қандай мұхиттарды қосып жатыр?

  • а) Атлант және Үнді
  • ә) Тынық және Атлант
  • б) Солтүстік Мұзды мұхиты және Тынық

7) Тұзды суға қандай сулар жатады?

  • а) өзендер мен көлдер
  • ә) мұхиттар мен теңіздер
  • б) бөгендер мен көлдер

8) Табиғаттағы су қандай күйде кездеседі?

  • а) қатты, тұзды, жылы
  • ә) тұщы, жұмсақ, газды
  • б) қатты, сұйық, газ тәріздес

9) Ластанған су деп қандай суды атайды?

  • а) пайдаланылған шайынды суды
  • ә) тұзды суды
  • б) тұщы суды

10) Арал теңізіне құятын өзендер

  • а) Есіл мен Ертіс
  • ә) Сырдария мен Әмудария
  • б) Іле мен Нұра

11) Мариана шұңғымасының тереңдігі

  • а) 11022
  • ә) 10047
  • б) 10882

12) Дүние жүзіндегі ең лас теңіз

  • а) Каспий
  • ә) Жерорта
  • б) Саргасс

5-кезең: «Тәсіл кестесі»

Талқылау сұрағы: «Адам табиғаттың досы ма?» Әр топ тақтадағы кестеге өз ойын жазады.

ИӘ (досы)

  • 1) Ағаш егеді.
  • 2) Гүл отырғызады.
  • 3) Батпақты құрғатады.
  • 4) Бұлақ көзін ашады.
  • 5) Қорықтар ұйымдастырады.

ЖОҚ (қарсы пікір)

  • 1) Ағаштарды кеседі.
  • 2) Қоқыс төгеді.
  • 3) Топырақты тоздырады.
  • 4) Суды ластайды.
  • 5) Ауаны ластайды.

«Адам — табиғаттың досы» деген пікірді ұстанғандар мен қарсы пікір айтушылар бөлек топтарда талқылайды. Сайыс соңында үздік топ мүшелері анықталып, жеңімпаз ұпай саны арқылы бағаланады.