Көрші аталарыңмен, апаларыңмен қалай амандасасыңдар
Сабақ: «Көрші атам». Ұ–Ү дыбыстары (1-сынып, Ана тілі)
Бұл сабақ жоспары ұ және ү дауысты дыбыстарын салыстыра меңгертуге, жуан-жіңішке дауыстыларды ажыратуға, сондай-ақ үлкендерді сыйлау мен дұрыс амандасу мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.
Сабақтың мақсаты
- Жуан және жіңішке дауысты дыбыстар туралы білімдерін пысықтау.
- Есте сақтау қабілетін, сөздік қорын және логикалық ойлауын дамыту.
- Үлкен кісіні сыйлауға, әдептілікке, дұрыс амандасуға тәрбиелеу.
Ұйымдастыру
- Сабақтың түрі:
- аралас сабақ
- Көрнекіліктер:
- суреттер
- Әдіс-тәсілдер:
- сұрақ-жауап
- Пәнаралық байланыс:
- қазақ тілі, әдебиеттік оқу, тәрбие сағаты
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу.
- Сынып бөлмесінің тазалығына назар аудару.
- Оқушыларды сабаққа дайындау.
II. Үй тапсырмасын сұрау
Үй тапсырмасын еске түсіріп, сұрақтар арқылы пысықтау.
III. Өткен материал бойынша білімдерін тексеру
Сұрақ:
Балалар, «нағашы ата» деген кім?
Жауап:
Дұрыс, ол — анамыздың әкесі.
Талқылау:
Кім өз нағашы атасы туралы айтып береді?
IV. Мақсат қою кезеңі
- Үлкен аталармен амандасқанда ұлдар қалай амандасады?
- «Сөз атасы — сәлем» деген нақыл сөзді қалай түсінесіңдер?
- Үлкен апалармен амандасқанда қалай амандасамыз?
- Көрші аталармен және апалармен қалай амандасасыңдар?
V. Жаңа сабақ
Сөздерді салыстырып оқыңдар.
Ұн — Үн
жуан / жіңішке
Тұс — Түс
жуан / жіңішке
Құз — Күз
жуан / жіңішке
Ұш — Үш
жуан / жіңішке
Сұр — Сүр
жуан / жіңішке
Тұр — Түр
жуан / жіңішке
Ұю — Үю
жуан / жіңішке
Ұғу — Үгу
жуан / жіңішке
Құн — Күн
жуан / жіңішке
Талдау сұрақтары:
- Жұптастырылған сөздердегі ұ және ү дыбыстарының ұқсас дыбысталуын байқадыңдар ма?
- Сөзді жуан және жіңішке етіп тұрған дыбыстарды атаңдар.
Өлеңді оқып, көшіріп жазыңдар.
Жаңбыр жауар себелеп,
Жолға шығар ебелек.
Гүлге қонар көбелек,
Атқа қонар бөгелек.
А–ә, ы–і, ұ–ү, о–ө әріптерінің тиістісін қойып, сөздерді жазыңдар.
- ыстық орын
- әскер
- көрме
- киік
- қорық
Мәтін: «Көрші атам»
«Көрші атам» деп аталады.
Күнде үйінің қасынан
Көрші атамды көремін.
Жүгіріп кеп асыға,
Оған сәлем беремін.
Қолымды ол күліп кеп,
Иіліп тұрып алады:
«Міне, нағыз жігіт!» — деп,
Сүйсініп бір қалады.
Көрініс: «Сәлем бере білейік»
— Ассалаумағалейкүм!
— Алланың нұры жаусын!
— Уағалейкүмассалам!
— Өзіңізге де соны тілеймін!
Ой қозғау:
Сәлемдесуге байланысты тағы қандай сөздерді білесіңдер?
Өлең (М. Жаманбалиев)
Біздер сәлем береміз,
Алдымыздан кезіккен.
Көп танысты көреміз,
Бәріне де ізетпен,
Біздер сәлем береміз.
VI. Жаңа материалды пысықтау
- Енді бір-бірімізбен амандасып көрейік (сыныптастармен).
- Сәлемдесуге қатысты мақал-мәтелдер айту.
VII. Бекіту кезеңі
Ұ және ү дыбыстарын ажырату бойынша қорытынды сұрақтар қою, бірнеше сөзге дыбыстық талдау жасату.
VIII. Үй тапсырмасы және бағалау
- Жаттығуларды аяқтау, өлеңді мәнерлеп оқу.
- Сабаққа қатысу белсенділігіне қарай бағалау.