Сайыс бағдарламасымен таныстыру
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, №7 жалпы білім беру орта мектебі КММ
Бастауыш сынып мұғалімі: Джумабекова Маруза Сарсенбаевна
«Алтын сақа» интеллектуалды ойын-сайысы
Мақсаты
Оқушылардың білімін сайыс арқылы шыңдау, жан-жақты ойлай білуге баулу, өзіне деген сенімділігін қалыптастыру және дарынды, озық оқушы болуға тәрбиелеу.
Қатысушылар
3-сынып оқушылары
Ойын-сайыстың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Жүргізуші сөзі
Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Сайыстан тыс қалмаңыздар!
Мұнда қызық табылар, білім нұры шашылар.
Ақылы, тілі дамыған, үлгі алайық балалардан!
Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! Еліміздің болашағы — білімді жастар. Осы мақсатпен 3-сынып оқушылары арасында «Алтын сақа» атты интеллектуалды ойын-сайысын өткізгелі отырмыз.
Сайыс бағдарламасы
Бүгінгі ойын 8 кезеңнен тұрады:
- 1Таныстыру
- 2Жалғасын тап
- 3Кім шапшаң?
- 4Мәтін мазмұнына байланысты мақал-мәтел айту
- 5Сұрақ-жауап
- 6Берілген сөздерден сөздер құрастыру
- 7Сиқырлы ұяшықтар
- 8Поэзия минуты
Әділқазы алқасына сәлем
Әділдікке бас иеді күллі әлем!
Жүйрік озар сайыстарда неше бір,
Сарапқа сап, әділдікпен шеше біл!
Әділқазылар (толтыруға арналған орын)
- 1.
- 2.
- 3.
Білген сайын келеді біле бергім, біле беру емес пе тілегі елдің. Бүгін осы сайыста жеңіске жет, білімді әрі білікті жас жеткіншек!
Оқушыларға сәттілік тілейміз. Ойынымызды бастайық!
1-кезең: «Таныстыру»
Ортаға 3-сынып оқушыларын шақырамыз.
2-кезең: «Жалғасын тап»
Ойын шарты: жүргізуші мақалдың алғашқы жолын айтады, оқушы келесі жолын жалғастырады.
1
Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада.
Дені саудың — жаны сау.
2
Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.
Әдепті бала — арлы бала, әдепсіз бала — сорлы бала.
3
Үлкенге — құрмет, кішіге — ізет.
Өнерлінің қолы алтын, өлеңшінің сөзі алтын.
4
Ақыл — тозбайтын тон, білім — таусылмайтын кен.
Ырыс алды — ынтымақ.
5
Көп жасаған білмейді, көп оқыған біледі.
Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей.
6
Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар.
Білім қымбат, білу қиын.
7
Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.
Отансыз адам — ормансыз бұлбұл.
8
Еңбектің наны тәтті, жалқаудың жаны тәтті.
Ердің көркі — елімен, Отан көркі — жерімен.
9
Бірлік болмай, тірлік болмас.
Ақыл — дос, ашу — дұшпан.
10
Батыр туса — ел ырысы, жаңбыр жауса — жер ырысы.
Оқу — инемен құдық қазғандай.
3-кезең: «Кім шапшаң?»
Ойын шарты: жүргізуші жаңылтпаш айтады. Оны қай оқушы мүдірмей, жаңылмай және тез қайталаса, сол жеңіске жетеді.
Жаңылтпаш 1
Жабайы маралдар бар,
Араларында жаралы маралдар бар.
Жаңылтпаш 2
Шалшық, балшық,
Балшық, шалшық,
Балшықтан ал шық.
4-кезең: Мәтін мазмұнына сай мақал-мәтел айту
Мәтінді мұқият тыңдап, мазмұнына сай мақал-мәтел айтыңыздар. Яғни, «тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін» жасау керек.
Мәтін
Бүгін Жанар мен Айнұр сыныпта кезекші. Олар мектепке басқа балалардан бұрын келді. Алдымен парталарды ретке келтірді. Жанар терезелерді ашты. Айнұр парталардың үстін және тақтаны дымқыл шүберекпен сүртті.
Бірінші сабақ — қазақ тілі. Кезекшілер әр партаға сөздіктерді дайындады. Сөздіктер сөреде тұрған. Қыздар өз міндеттерін ұқыпты орындады.