Құстарына көктемгі
Құстар — біздің досымыз
Бұл тәрбие сағаты оқушыларға құстардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызын түсіндіріп, оларды қорғауға, аялауға және қамқор болуға тәрбиелеуге арналған. Көктеммен бірге жыл құстарының оралуы — табиғаттың жаңаруы ғана емес, құстар санының азаюы сияқты өзекті мәселелерге назар аудартатын маңызды кезең.
Мақсаты
- Құстардың пайдасы туралы мағлұмат беру.
- Құстарға қамқор болуға, аялауға баулу.
- Оқушылардың ой-өрісін кеңейту, экологиялық жауапкершілікті қалыптастыру.
- Отанды, табиғатты сүюге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер
- Альбомдар
- Суреттер
- Плакаттар
Сабақтың барысы
- 1Ұйымдастыру
- 2Келген қонақтармен танысу
- 3Тәрбие сағатын ашу
- 4Қорытындылау
Кіріспе сөз
Мұғалім: Құрметті ұстаздар, оқушылар және қонақтар! Сіздерді көктем мерекесімен құттықтаймыз. Көктемнің алғашқы хабаршылары — құстар — қайта орала бастады. Табиғаты бай кең даламызда құстардың орны ерекше. Бүгінгі “Құстар — біздің досымыз” атты тәрбие сағатын бастауға рұқсат етіңіздер.
Қысқаша баяндамалар
1-оқушы: 1927 жылдың көктемінде жас натуралистердің Қ. А. Тимирязев атындағы орталық биостанциясында бүлдіршіндерге арналған алғашқы “Құстар күні” мерекесі өткізілді. Бұл күнге алдын ала дайындалып, құстарға ұя жасалады, плакаттар мен ұрандар жазылады, қабырға газеттері шығарылады, құс маскалары әзірленеді. Құстардың табиғатта да, адам өмірінде де мәні зор: олардың әсем әуені, сымбаты мен алуан түрлі көрінісі орманды, саябақты, шалғынды көріктендіріп, адамға эстетикалық ләззат сыйлайды.
2-оқушы: Адам құстарды спортқа және түрлі мақсатқа қолға үйретіп, баптайды. Құстар атаулының бәрі пайдалы, сондықтан олардың әрқайсысын қорғау керек. Құстардың саябаққа, бау-бақшаға, егістікке үйірілуіне жағдай жасап, қыста жем шашып, жазда ұя салатын үйшіктер дайындау — табиғатты көркейтіп, құстарды аялаудың негізгі шарттарының бірі. Ең маңыздысы: құстардың ұясын бұзуға, жұмыртқасын жаруға болмайды.
Мақал-мәтелдерден тағылым
Мұғалім: Құстардың адам өміріндегі маңызы туралы қазақ халқында көптеген мақал-мәтел бар. Мақал-мәтел — халық педагогикасының үлкен арнасы. Ендеше, сол сөз маржантарына зер салайық:
- 1-оқушы: Ақсұңқар — құстың баласы, алдына қоймай жем жемес.
- 2-оқушы: Аққу құссыз — көл жетім, айтылмаған сөз жетім.
- Өлеңге енсе — сөз сұлу, аққу жүзсе — көл сұлу.
- Қарға баптанып, сұңқар болмас; есек мақтанып, тұлпар болмас.
- Бұлбұлға бау жақсы, кекілікке тау жақсы. Ер жігітке бәрінен туып-өскен ел жақсы.
- Аққу құсқа оқ тисе, қанатын суға тигізбес. Ер жігітке оқ тисе, қиналғанын білдірмес.
Мұғалім: Құстар адам өміріне сән-салтанат беріп, әсем әуенімен жанды рақатқа бөлейді. Сондықтан халық шығармашылығында адам бойындағы әсем қасиеттерді құстарға теңеп, “аққу мойын”, “қарлығаштың қанатындай”, “бүркіт тұмсық”, “қаз дауысты” деп сипаттаған. Сондай-ақ Қарлығаш, Сандуғаш, Бүркітбай сияқты есімдер де осы құрметтен туған.
Хормен айтылатын жолдар
Құстар — біздің досымыз,
Шырқап әнге қосамыз.
Құстар — біздің досымыз,
Көктем сайын тосамыз.
Көктем көрінісі
Нұр:
Жыл құстары келді деп,
Балдырғандар мәз болды.
Қос қанаты желпілдеп,
Көлге үйрек пен қаз қонды.
Ақниет:
Құстар тойын құттықтап,
Қуанамыз, қолдаймыз.
Ұя жасап, қамқор боп,
Біз оларды қорғаймыз.
Аңсар:
Жылы шуағымен гүл өсірген,
Жыл құстарын ілестірген,
Көрікті көктем келді.
Аделина:
Сағынышпен жеткен көктем,
Қуана бер, нұрлы көктем.
Жайнап гүлге толсын күндер,
Құстар күнін бірге көркем!
Көктем:
Сәлем, достар, аман ба?
Мынау бейбіт заманда.
Шат-шадыман көктеммін,
Шаттық болсын әманда.
Ән құстарым — үніммен,
Сән құстарым — гүліммен.
Қуантамын бәріңді,
Құт-берекем күніммен.
Осы сәтте оқушылар ортаға құстың ұясын алып шығып, Көктемге сәлем береді.
Бағлан:
Сәлем, елдің көктемі,
Әлем енді көктеді.
Құрметпенен бас иіп,
Құстарына сәлем бердік.
Көктем: Рахмет, балалар! Сендерде ой мен сана бар. Бау-бақшаның зиянкестерін құстарым жолатпады. Кербез құстар әнімен, сәнімен келді. Ендеше балапандар биіне қол соғайық!
(Ортаға балапандар билеп шығады.)
Сұрақ-жауап: құстар әлемі
Жыл құстары
Оқушылар атаған құстар: барқылдақ, торғай, суық торғай, бозторғай, қарлығаш, шымшық, көкек, қараторғай және т.б.
Неліктен “жыл құстары” дейміз?
Олар алысқа ұша алады. Суық түсе алыстағы жылы жақтарға ұшып кетіп, көктемде қайта оралып, ұя салып, балапан шығарады.
Қыстап қалатын құстар
Оқушылар атаған құстар: ұзақ, қарға, тоқылдақ, сауысқан, сары шымшық, көгершін.
Бұл құстар ешқайда кетпейді, жыл бойы біздің жақта тіршілік етеді. Олар суыққа төзімді болып келеді және қандай аяз болса да қорегін тауып жей алады.
Викторина
1. Адам қай құсты аң аулауға пайдаланады?
Жауабы: Бүркіт
2. Қандай құс “хат тасушы” атанған?
Жауабы: Көгершін
3. Қандай құстың мүлде ұясы болмайды?
Жауабы: Көкек
Жұмбақтар
Ауылда да, қалада да мекені,
Жолаушы жүрсең шығарып салады.
Алдыңнан шығып еркелетеді —
Бұл қандай құс?
Жауабы: Қарлығаш
Көктемде құстар қайтқанда,
Ең алдымен келетін.
Ұя жасап беретін —
Бұл қандай құс, балалар?
Жауабы: Қараторғай
Маң-маң басқан жүрісі,
Барлық құстың ірісі.
Қашанда құстай ұшпайды,
Қуғанын бірақ ұстайды.
Жауабы: Түйеқұс
Өзі сақ, өзі ұсақ,
Шықылдақтап тынбайды.
Құйрығы ұзын, өзі ала —
Бұл қандай құс?
Жауабы: Сауысқан
Көңілдің көркі — сән екен,
Ұшқанда сазды ән екен.
Адамдар оны сақтаған —
Бұл қандай құс?
Жауабы: Аққу
Ақ сарайын талқандап,
Шықты біреу талтаңдап.
Жауабы: Балапан
Ән: “Ақ көгершін”
1-шумақ
Ақ көгершін, көгершін,
Қолғанат құс сен едің.
Бар кезіп қайт ел үшін,
Кең дүниенің көлемін...
Әділеттің құсы деп,
Көз алмастан жалықпай.
Бақыт болып қонсын деп,
Ұшырамын қолымнан.
Қайырмасы:
Ел тілегін алып ұш,
Адамзаттың бағына.
Бұлт қанатын жарып ұш,
Мұхиттың арғы жағына.
2-шумақ
Сенен көзін алмайды,
Ақ қанатың талмайды.
Әділетінен жаралған,
Тыныш, бейбіт өмірдің.
Белгісі боп қанат қақ,
Әлемге ортақ көңілдің,
Қайт шыңына қонақтап.
Қорытынды
Мұғалім: Құрметті қонақтар, осымен құстарға арналған “Құстар — біздің досымыз” атты тәрбие сағатымыз аяқталды. Табиғатты қорғау — ортақ міндет. Құстарды аялайық, ұяларын бұзбайық, қыста жем беруді ұмытпайық.