Шал мен бала әңгімесін оқып, түсінік айту

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Тақырыбы
«Шал мен бала»
Түрі
Аралас сабақ
Әдістері
Сұрақ-жауап, әңгімелеу, баяндау, түсіндіру, топтық жұмыс, шығармашылық жұмыс
Көрнекілігі
Түйін сөздер жазылған плакат, күн суреті бар карточкалар

Сабақтың мақсаты мен міндеттері

Мақсаты

Әңгіменің идеялық мазмұнын ашып, негізгі ойды оқушының түсінігіне айқын жеткізу.

Білімділік

Әңгіменің адамгершілікке, ізгілікке, әдептілікке құрылғанын ұғындыру; жүйелі сөйлей білуге үйрету.

Дамытушылық

Оқу мен жазу арқылы ойлау қабілетін, тіл белсенділігін арттыру; білімді өз бетінше игеру дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік

Оқушыларды адамгершілікке, жанашырлыққа, кешірімді болуға тәрбиелеу.

Сабақ барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Мұғалімнің сөзі

«Өз тілімізді құрметтеудің белгісі — оны жете меңгеру, қыр-сырын ұғу. Олай болса, бүгінгі ана тілі сабағына қалай дайындалып келдік?»

2) Үй тапсырмасын тексеру

1-топ — Оқу орталығы

Үйге берілген тапсырманы түсіндіріп береді.

2-топ — Жазу орталығы

Үй тапсырмасы бойынша сұрақтар дайындайды.

3-топ — Шығармашылық орталық

Тақырыпқа қатысты мақал-мәтелдерді еске түсіріп, ойды жинақтап келеді.

Тексеру жұмыстары

  • 3-топ тапсырмалары бойынша жауаптарды талдау.
  • Әр топқа «Үш жолаушы» туралы 5 жолдан тұратын өлеңді тексеру.
  • «Аптап», «қуаң» сөздеріне қарсы мағыналы сөздерді айту: салқын, шұрайлы, көгал, құнарлы.

Ой қозғау

Сұрақ: «Нағыз адам қандай адам?»

ақылды адамгершілігі мол еліне жақсылық жасайтын көпшілік құрметтейтін көргенді

Қорытынды ой

Күн нұрын шашып, айналаны жарық қылады. Әр сәулесіне адам бойындағы жақсы қасиеттер жазылғандай елестетейік. Осындай қасиеттерді бойына жинаған адам да күн секілді айналасына шуағын төгіп, жақсылық жасап жүреді.

Адамгершілік
Ізгілік
Инабаттылық
Әдептілік
Кішіпейілділік
Мәдениеттілік

Қанатты сөз

«Әлемдегі бар жақсылық ананың сүтімен жаралған».

Нағыз адам туралы ойды қорытындылай отырып, әр оқушы жаман қасиеттерден аулақ болып, жақсы қасиеттерді бойына сіңіріп, еліміздің ақылды, парасатты, білімді азаматы болып өсуі керек.

Тапсырма: жоғарыдағы қанатты сөзді дәптерге жазып алу.

3) Жаңа тақырыппен жұмыс

Бүгін біз Б. Соқпақбаевтың «Шал мен бала» әңгімесімен танысамыз.

Кезеңдер

  • Тақырыппен танысу.
  • Мәтін мазмұнын түсіндіру.

Топтық жұмыс

  • 1-топ: рөлге бөліп оқу.
  • 2-топ: «көргенді» сөзіне синонимдер жазу.
  • 3-топ: «Ата» туралы 5 жолды өлең құрастыру.

Мақал-мәтелмен жұмыс

Мәтін мазмұнына сәйкес мақал-мәтелдерді тауып, мәнін түсіндіру.

Кейіпкерді сипаттау

Мәтін бойынша Мәуленнің мінез-құлқын, іс-әрекетін сипаттау.

4) Қорытындылау

Шығармамен танысу арқылы жамандықтан қашық, жақсылыққа жақын жүрудің мәнін ұғындық.

5) Үй тапсырмасы

«Шал мен бала» әңгімесін оқып, мазмұны бойынша түсінік айту.

6) Бағалау

Оқушылардың сабаққа қатысуы, топтық жұмыс нәтижесі және жауаптарының толықтығы бойынша бағалау жүргізіледі.