Оқушыларды өнерді және ұлттық музыка өнерінің қадір қасиетін түсіне білуге тәрбиелеу

Музыка пәні • 6-сынып

Сабақтың тақырыбы: Қазақ музыка өнерінің «Гималайы» — Ахмет Жұбанов

Бұл материал 6-сыныпқа арналған музыка сабағын құру және жоспарлау үлгісін ұсынады. Негізгі өзек — қазақ музыка мәдениетінің ірі тұлғасы, музыка зерттеушісі әрі сазгер Ахмет Қуанұлы Жұбановтың өмірі мен шығармашылығы.

Сілтеме

А. Жайымов, Б. Ысқақов, 6-сынып оқулығы, 18–19-беттер; слайдтар.

Сабақтың түрі

Ашық сабақ (Кэмбридж бағдарламасы бойынша).

Түйінді сөздер

музыка аспап нота

Жалпы мақсат

Тақырыпты меңгерту, пәнге қызығушылықты арттыру және тақырып бойынша алған білімді тиянақтау.

Негізгі акцент

Музыканың адам өмірімен байланысын ашу және оқушының бұрынғы білімін жаңа мазмұнмен ұштастыру.

Міндеттер

  • 1 Ахмет Қуанұлы Жұбановтың өмірі мен шығармашылығы туралы қысқаша мәлімет беру; музыка зерттеушісі және сазгер ретіндегі рөлін түсіндіру.
  • 2 Оқушылардың сөйлеу, ойлау және музыканы түсіне білу дағдыларын дамыту.
  • 3 Өнерді құрметтеуге, ұлттық музыка өнерінің қадір-қасиетін түсінуге тәрбиелеу.

Сабақта туындайтын негізгі идеялар

1) Тірек білімге сүйену

Оқушының өмірлік тәжірибесін және бұрыннан білетін ұғымдарын (музыка, аспап, нота) сабақ мазмұнына арқау ету.

2) Жаңа ойлау дағдысын қалыптастыру

Жаңа теориялық ақпарат арқылы оқушының талдау, байланыстыру, дәлелдеу сияқты ойлау амалдарын дамыту.

Күтілетін нәтиже

  • Қайталау арқылы білім негізін бекіту.
  • Жаңа теориялық ақпарат арқылы жаңа тақырыптың басталғанын сезіндіру.
  • «Ұяшық ашу» әдісімен өткен тақырыптарды қайталау.
  • Оқуға бағыттап отыру және оқу мотивациясын қолдау.
  • Өзін-өзі және өзара бағалауға мүмкіндік беру.

Ұйымдастыру кезеңі

Уақыт

0,5 минут

Мұғалім әрекеті

Оқушыларды ұйымдастыру, сәлемдесу, сабақтың маңызын қысқаша айқындау.

Талқылауға арналған жетекші сұрақтар

  • Сабақтың маңыздылығы неде?
  • Оқушылар қандай жаңа білім алады?
  • Бұрынғы білімін қалай пайдалана алады?
  • Өмірлік тәжірибе сабақ мазмұнына қалай әсер етеді?
  • Бұл тақырыптың болашақта қандай пайдасы бар?

Психологиялық дайындық

Уақыт

3 минут

Слайд 3

Топқа бөлу

Әр топқа атау беріледі және сол атаулар бойынша оқушылар топтарға бөлінеді: «Білгірлер», «Алғырлар».

Үй тапсырмасын тексеру

Слайд 4–5

1) Эссе

«Музыка-драма техникумы» туралы эссе.

2) «Ұяшық ашу»

Өткен тақырыпты сұрақ-жауап арқылы қайталау.

Сұрақтар мен жауаптар (қайталау)

Музыка 10

Музыка-драма техникумы қай жылы, қай жерде ашылды?

1932 жылы, Алматы қаласында.

Музыка 20

Музыка-драма техникумының алғашқы түлектері кімдер?

Абдуллин ағайындылары.

Музыка 30

Музыка-драма техникумында дәстүрлі музыканы дәріптеушілер кімдер?

Ә. Қашаубаев, Д. Нұрпейісова.

Музыка 40

Халық аспаптар оркестрін ұйымдастыру және оған басшылық ету кімге жүктелді?

Ахмет Жұбановқа.

Автор туралы қысқаша мәлімет

Ақмола облысы, Аршалы ауданы, Волгодонов орта мектебінің музыка пәні мұғалімі — Жанти Ардабек.