Балалар неге ұялды

Сабақтың тақырыбы

«Шал мен балалар»

Сабақтың мақсаттары

  1. Мәтін мазмұнын түсініп оқу және идеясын ашу. Оқушылардың жас ерекшелігіне сай С. Көбеевтің өмірі мен шығармашылығымен таныстыру. Тыйым сөздердің мағынасын дұрыс ұғындыру.
  2. Оқушылардың көркем сөйлеуін, өз ойын жүйелі жеткізе білу дағдыларын дамыту, сөздік қорын кеңейту.
  3. Қарияның ақылын тыңдауға, үлкенді құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі

Аралас сабақ

Сабақтың әдістері

Сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгіме, СТО

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру

Оқушылардың қызығушылығын ояту — психологиялық дайындық.

Мұғалім
— Көз не үшін керек?
Оқушы
— Жақсыларды көру үшін.
Мұғалім
— Екі құлақ не үшін керек?
Оқушы
— Ақыл-кеңес тыңдау үшін.
Мұғалім
— Екі қол не үшін керек?
Оқушы
— Елге көмек беру үшін.
Мұғалім
— Екі аяқ не үшін қажет?
Оқушы
— Шетте жүрсең, туған жерге жету үшін.
Мұғалім: — Дұрыс, балалар. Ендеше көздеріңе, құлақтарыңа, қолдарың мен аяқтарыңа саулық тілеймін.

II. Өтілген материалды пысықтау

«Атасы мен немересі» мәтіні бойынша бірнеше оқушыдан түсінгенін сұрау.

Қайталау, сауалнама жүргізу.

  1. 1) Қазақша жыл санау бойынша ең соңғы жыл:

    • A. Түйе
    • Ә. Ит
    • Б. Доңыз
  2. 2) Аңыз деген не?

    • A. Өмірде болған адамдардың басынан өткен оқиғалары жөніндегі шығарма
    • Ә. Ойдан құрастырылған шығарма
    • Б. Екі адамның өзара сөйлесуі
  3. 3) «Құлақ пен тымақ» қандай шығарма?

    • A. Ертегі
    • Ә. Мысал
    • Б. Аңыз
  4. 4) Қысқы ойын түрлері туралы айтылған өлең:

    • A. «Жұмыстың жылуы»
    • Ә. «Шынықсын денеміз»
    • Б. «Қыста қызық жұмыс бар»
  5. 5) «Жұмыстың жылуы» өлеңінің авторы:

    • A. Қадыр Мырза Әли
    • Ә. Бүркіт Ысқақов
    • Б. Бердібек Соқбақбаев

III. Жаңа сабақ

С. Көбеев туралы мәлімет

Спандияр Көбеев 1878 жылы 1 қазанда бұрынғы Торғай облысы Обаған болысында дүниеге келген. Алғаш ауылдық мектепте оқып, кейін Қостанайдағы орыс-қазақ мектебінде, мұғалімдер даярлайтын курста білім алады. Ол — қазақтың ұлы ағартушысы Ыбырай Алтынсариннің шәкірті әрі оның жолын жалғастырушы.

Көбеев ұзақ жылдар бойы ағартушылық қызмет атқарып, жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісімен айналысты. Қазақ мектептерінде орыс тілі мен әдебиетінен сабақ берді. Өзінің ұзақ та жемісті ұстаздық жолын «Орындалған арман» атты мемуарлық еңбегінде баяндайды. Бұл кітапта автор өз көзімен көрген екі түрлі өмірдің қарама-қарсы бейнесін, басынан өткен оқиғаларды салыстыра отырып суреттейді.

«Шал мен балалар» мәтінімен жұмыс

  • Мәтінді мұғалімнің дауыстап оқып беруі.

  • Мәтінді оқушыларға тізбектей оқыту.

Сұрақ-жауап арқылы талдау

  1. Шалдың жағдайы қандай еді?
  2. Балалар шалды қалай мазақтады?
  3. Шал қалай жауап берді?
  4. Балалар неге ұялды?

Ой шақыру

Мәтіннің идеясына қай мақал-мәтел сәйкес келеді деп ойлайсыңдар?

  • «Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер»

  • «Таспен ұрғанды аспен ұр»

Тыйым сөздер және сөздік жұмысы

Мағынасын талдау

Оқулықтың 118-бетіндегі тыйым сөздің мағынасын талдау.

Тыйым сөз:

Әркімді келемеждеп, мұқатпа.

Жазылым

Тыйым сөзді дәптерге көшіріп жазу.

Жағдаяттан шығу

Оқулықтың 118-бетіндегі 8-тапсырманы орындау.

IV. Сабақты бекіту

Рефлексия:

«Мен не үйрендім?»

V. Бағалау

Оқушылардың жауаптары мен тапсырма орындауына қарай бағалау.

VI. Үй тапсырмасы

Мәтінді түсініп оқу.