Әліппеге рахмет

Іс-шара туралы қысқаша мәлімет

Мекеме

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қтан батыр ауылындағы №190 қазақ орта мектебі.

Ұйымдастырушы

Бастауыш сынып мұғалімі — Демеубай Рая Әлқуатқызы.

Тақырыбы

«Әліппемен аштық білім есігін, тербетеміз Тәуелсіз ел бесігін»

Әліппемен қоштасу ертеңгілігі: оқушылардың сауат ашудағы жетістігін көрсету, кітапқа құрметін арттыру және Тәуелсіз елдің ұландары екенін ұғындыруға бағытталған мерекелік сабақ.

Мақсаты

  • Білімнің бастауы болған «Әліппе» арқылы меңгерген білімдерін тиянақтау.
  • Оқушылардың өнерін тамашалау, «Әліппе» оқулығына деген ерекше құрметі мен бағасын қалыптастыру.
  • Оқулықтың мектеп өміріндегі орнын түсіндіру және Тәуелсіздігіміздің ұландары екенін сезіндіру.
  • Сөздік қорының молайғанын, білімінің артқанын және ой-санасының өскенін көрсету.
  • Отанын, мектебін, ұстазын және ата-анасын құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі

Интерактивті тақта
Шарлар
Әріптер макеті
Көрініске қажетті заттар
«Әліппе» және «Ана тілі» оқулықтарының макеті

Сабақтың барысы

Дайындық және сахналық көрініс

  • Залда көңілді музыка ойнап тұрады.
  • Сахнада орындықтар доғал пішінде орналастырылады.
  • Жүргізушілер сахнаның сол жағында тұрады.
  • Музыка баяу ойнағанда оқушылар екі-екіден қол ұстасып сахнаға шығып, орындықтардың алдына қатарланады.

Мерекенің ашылуы

1-жүргізуші

Қыр гүліндей жайнаймыз,
Ән салып, билеп ойнаймыз.
Бүгін бізде мереке,
Әліппе тойын тойлаймыз.

2-жүргізуші

Тал шыбықтай бойына,
Әдемі көйлек жарасар.
Ортада біздің сүйікті,
Балдырған балғын балалар.

Бірге

«Әліппемен аштық білім есігін, тербетеміз Тәуелсіз ел бесігін» атты Әліппемен қоштасу ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!

Тәуелсіздік туралы ой

1-жүргізуші

Тәуелсіздік — бабалардың ұраны,
Бұл уақытта бойға таққан тұмары.
Тәуелсіздік — түлектерде тұншығып,
Ызғар ұрып, жанбай қалған шырағы.

2-жүргізуші

Қазақстан — сан ғасырлық тарихы бар,
Қазақстан — азат ел, танысыңдар.
Көк байрағы, елтаңбасы, әнұраны —
Қазақ елі егеменді, сан жұрты бар.

«Әліппе» бейнесі сахнада

Жұмбақ

Шұқшитқан кеп әуелі
Сені әрбір әріпке.
Суреттері әдемі,
Бұл қай кітап?

Хормен: «Әліппе! Әліппе!»

Әліппе

Менің атым — Әліппе,
Мені анаңдай дәріпте.
Мені оқытып ержеткен —
Апаң да, ағаң да,
Әкең де, анаң да,
Шопан да, биші де, ұстаз да,
Ғарышкер де, аспаз да —
Барлығы, барлығы жақсы да
Әріптерден басталған.

Шақыру

Кәне, достар, «Әліппеден» не үйрендік, не білдік — ортаға салып көрсетейік!

«Әліппеге мың алғыс» бөлімі

2-оқушы

Бар әріпті үйреткен —
Міне менің Әліппем.
Жақсы оқимын сабақты,
Әріптерді танып мен.

1-оқушы

Алғаш мектепке келгенде,
Білмеуші едік әріпті.
Үйреткен оны — Әліппе.

3-оқушы

Әліппем менің, Әліппем,
Көп нәрсені үйреттің.
Таныстырып әріппен,
Тақылдатып сөйлеттің.

4-оқушы

Әліппем менің, Әліппем,
Сені қолға алдым мен.
Мектеп есігін аштым да,
Ертеңгі сәуле көрдім мен.

5-оқушы

Әліппем менің, Әліппем,
Өмірді енді танып мен.
Қайталап айтам мың рет,
Әліппеге рахмет! Әліппеге рахмет!

Ән

«Әліппе» әні орындалады.

Әліппе

Көп-көп рахмет, балалар! Енді сендерді әрі қарай жетелейтін достарың — «Ана тілі» оқулығы. Ендеше, ортаға «Ана тілі» оқулығын шақырайық.

«Ана тілі — данамыз» бөлімі

Ана тілі

Сәлеметсіздер ме, балалар! Енді сендердің сүйіп оқитын оқулықтарың — «Ана тілі» боламын.

1-оқушы

Ана тілі — ұраным,
Ана тілден аламын.
Ана тілім ардақты,
Ақ сүтіндей анамның.

2-оқушы

Ана тілі — ұраным,
Ана тілім — құралым.
Ана тілі болмаса,
Мықты болмас тұрағым.

3-оқушы

Адамдықты үйретер,
Жамандықтан жиренер.
Тілімізді ширатар —
Ана тілі — данамыз.

Ән

«Болайықшы осындай» әні орындалады.

Математика бөлімі: «Сиқырлы сандар»

Оқи берсең ғылымды,
Артық болмас баршасы.
Математика — өмірде
Бар ғылымның патшасы.

Ойлантып есеп шығартып,
Төрт амалды білдіріп,
Ғалымдардың мықтысы —
Математика данамыз.

Нұржан

Мені келсең білгің, мен таяқша бірмін. Барлық санға жол бастап, ең басында тұрмын.

Ақбаян

Екіден соң әрқашан үш саны мен тұрамын. Орныма мен тұрамын, екі айшық саламын.

Қуаныш

Үш сызықтан таяғым. Оқушылар қояды: «Төрт дегенің баяғы — төрт түлкінің тұяғы».

Жасұлан

Төрттен кейін бесті білу оңай десті. Санашы бір қолыңның саусағын — оңай табасың бесті.

Арманай

Мен өзімді қатарға бестен кейін қоямын. Басым бірден басталып, нөлмен бітер аяғым.

Ринат

Қара мына қызықты, көсеуді кім ұрыпты? Жеті болам бір тартсаң, бел ортамнан сызықты.

Дәурен

Менің атым — сегіз, жетіден соң деңіз. Жазылған қос дөңгелек — мен боламын сегіз.

Би

Қазақ биі орындалады. Қол соғып қарсы алайық.

Көрініс

«Кім кінәлі?» атты көрініс көрсетіледі.

«Сырлы әріптер сыры» бөлімі

Қолыңа тұңғыш қалам алып,
«А» әрпін алғаш жазарсың.
Біліп ап «А»-ны саралап,
«Б»-сына көз саларсың.

Сырлы әріптер сөз түйіп,
Сабырмен саған қарайды.
Сырларын білсең бас иіп,
Керегіңе жарайды.

Нұржан

Т — Тәуелсіз елде тұрағым, тәуелсіздік — жыр-әнім.

Сұлтан

Ә — Әспеттеп салт пен әдетті, боламыз бала әдепті.

Айзат

У — Уәдеге берік боламыз, биік-биік үйлер саламыз.

Ринат

Е — Елім деп мен жар салам, еліме мен мақтанам.

Ақбаян

Л — Лайым болсын ел аман, несібесі мол заман.

Дәурен

С — Сенімін елдің ақтаймыз, жақсы істер жасаймыз.

Арманай

І — Ізгілік нұрын шашатын, жасасын Қазақстаным!

Жасұлан

З — Зейінге бәрін тоқимыз, сабақты «5»-ке оқимыз.

Ақнұр

Д — Даламыздай кең пейілді, мақтан тұтам елімді.

Нұржігіт

К — Келешекке нық басқан, біз бақытты балдырған!

Мұғалім

— Қандай сөз шықты, балалар? — «Тәуелсіздік!»

— Біздің Отанымыз биыл Тәуелсіздіктің неше жылдығын тойлады? — 20 жылдығын.

— Елбасымыз кім? — Н.Ә. Назарбаев.

Қорытынды бөлім

Ұстазға алғыс

1-жүргізуші

Ыстық әрбір беттерің,
Жазуыңды ұғамын.
Ақыл бердің, Әліппе,
Ақылшымсың, Әліппе.

2-жүргізуші

Мұғалім — ғазиз мұғалім,
Сарқылмас мәңгі бұлағым.
Ұланың сенің тойыңа
Арнайды саған бұл әнін.

Ән

«Мұғалім — ол біздің…» әні барлық ұстаздарға арналады.

«Әліппемен қоштасу»

Оқушылар

Әліппе, біз 4 ай бойы сізден үйренгенімізді ортаға салдық. Сауат аштық, енді өзіміз жаза аламыз. Сізге рахмет!

Әліппе

Рахмет, достар! Мен сендерге ризамын. Қош болыңдар! Әрдайым биік шыңнан көріне беріңдер!

Аяқталуы

Осымен «Әліппемен аштық білім есігін, тербетеміз Тәуелсіз ел бесігін» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Көріскенше күн нұрлы болсын!