Синоним сөз

Сабақтың мақсаты

Білімді тексеру және сөйлеу дағдысы

«Менің Отаным – Қазақстан» модулі бойынша оқушылардың алған білімін байқау, сұрақтарға толық жауап беру, ойды жүйелеп айту дағдысын қалыптастыру.

Тілдік және танымдық даму

Сөздік қорын молайту, ой-өрісін кеңейту, танымдық қабілетін арттыру және қазақша ауызекі сөйлеу дағдысын дамыту.

Тәрбиелік бағыт

Өз Отанын, елін, туған жерін құрметтеуге тәрбиелеу және сүйіспеншілік сезімін ояту.

Көрнекіліктер

  • Интерактивті тақта
  • Асық
  • Тест тапсырмалары
  • Үнтаспа

Әдіс-тәсілдер

  • Сұрақ-жауап
  • Әңгімелеу
  • Диалог
  • Өздік жұмыс
  • Топпен жұмыс

Сабақтың түрі

Сайыс сабағы.

Нені білуіміз керек

Мемлекеттік рәміздер, тіл туралы түсінік, салт-дәстүрлер, Қазақстан тарихының негізгі деректері.

Нені меңгеруіміз керек

Қойылған сұрақтарға толық жауап беру, сөйлемдерді дұрыс құрастыру, өз ойын еркін жеткізу.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  1. 1 Амандасу. Оқушыларды түгендеу.
  2. 2 Әнұранды орындау.
  3. 3 Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.

Топтарға бөліну

Оқушылар екі топқа бөлінеді: I топ — «Бүркіт», II топ — «Тұлпар». Сабақ сайыс түрінде өтеді.

«Жеті сандық» идеясы

Алдарында жеті құпия сандық бар. Әр сандықтың ішінде тапсырмалар орналасқан. «7» саны қазақ халқы үшін қасиетті сан болып есептеледі, әрі біз 7-сыныпта оқимыз.

Проблемалық сұрақ

Отаншыл болу үшін әр азаматтың бойында қандай асыл қасиеттер болуы керек? Бұл сұраққа сабақ соңында жауап бересіздер.

II. Қайталау кезеңі — «Жеті сандық» тапсырмалары

1-сандық: Тіл

Н. Назарбаевтың сөзі: «Тілден артық қазына жоқ, тілден артық қасиет жоқ». Бұл оймен бәріміз келісеміз.

1-тапсырма: Сұрақтарға жауап бер

  • Сенің ана тілің қай тіл?
  • Қандай шетел тілдерін білесің?
  • Шетел тілінде көркем әдебиет оқисың ба?
  • Қанатты сөздер мен афоризмдерді білесің бе?

2-тапсырма: Полиглот болуға кеңес

«Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі ғылым біл» — құнды кеңес. Сыныптастарыңа полиглот болу үшін 3 кеңес ұсыныңдар:

  1. 11-кеңес
  2. 22-кеңес
  3. 33-кеңес

3-тапсырма: Мақал-мәтелдерді аяқта

Шешеннің тілі — ортақ
Ырыс алды — ынтымақ
Бірлік бар жерде — тірлік бар
Бірлік еткен озар — бірлеспеген тозар
Өнер алды — қызыл тіл
Шешен сөз бастар — батыр қол бастар

4-тапсырма: Мақалдың мәнін түсіндір

1-топ

«Уәде алтыннан да қымбат» — өз сөздеріңмен түсіндір.

2-топ

«Тиыннан теңге құралады» — өз сөздеріңмен түсіндір.

5-тапсырма: Сөзжұмбақты шеш

Сөзжұмбақты шешсеңдер, келесі тапсырманың тақырыбын білесіңдер.

1. Халық ауыз әдебиеті — мақал
2. Тудың көгілдір түсі ненің белгісі? — аспан
3. «Высотный» сөзінің аудармасы — зәулім
4. Өте сирек кездесетін ерекше алғыр аң — барыс
5. Қазақ халқы қандай халық? — қайырымды
6. Қазақстанның қаласы — Семей
7. ҚР-ның заңды төлем құралы — теңге
8. Ел ертеңі кім? — жастар
9. Әрбір жас адам нені игеруге ұмтылуы керек? — мамандық

2–7-сандықтар: Келесі белестер

2-сандық: Қазақстан

Қазақстан картасы бойынша монолог құрастыру.

3-сандық: Президенттің жолдауы

Президенттің Қазақстан халқына арналған «Қазақстан–2030» стратегиясы туралы: сызба бойынша әңгімелеу.

4-сандық: Астана

  • Астана туралы сұхбат құру.
  • Сөйлемдерді дұрыс құрастыру.

5-сандық: Мемлекеттік рәміздер

Ту — ҚР мемлекеттік рәміздерінің бірі. Тудан басқа қандай мемлекеттік рәміздерді білесіңдер?

1-топ

ҚР елтаңбасының бөліктерін құрастырып, түсіндіріп әңгімелеу.

2-топ

Синоним сөздерді табу және антоним жұптарын толықтыру.

Сыйлау — құрметтеу
Биік — аласа
Татуласу — достасу
Кең — тар
Намысқор — намысшыл
Бай — кедей
Болашақ — келешек
Пайда — зиян
Байлық — қазына

III. Үй тапсырмасын тексеру — 6-сандық: Салт-дәстүр

«Әр елдің салты басқа». Қазақ халқы салт-дәстүрге бай. Қандай салт-дәстүрлерді білесіңдер? Әр топ өз дайындап әкелген дәстүрін көрсетеді:

1-топ: Қырқынан шығару
2-топ: Шашу

7-сандық: Отаншылдық

Проблемалық сұраққа қайта ораламыз: отаншыл болу үшін азамат бойында қандай асыл қасиеттер болуы керек?

  • Мемлекеттік тілді қадірлеу
  • Ана тілін білу және құрметтеу
  • Салт-дәстүрді сақтау
  • Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу
  • Туған жер тарихын білу

IV. Өздік жұмыс

Тест тапсырмаларын орындау.

V. Қорытындылау

Сабақты қорытындылау, нәтижені талқылау.

Бағалау және үй тапсырмасы

Оқушыларды бағалау. Үй тапсырмасын беру.