Абай және батыс әдебиеті
Сабақ тақырыбы: Абай және Пушкин (9-сынып)
Білімділік мақсаты
Оқушыларға екі ақынның рухани үндестігін түсіндіру.
Дамытушылық мақсаты
Абай аудармаларын оқыту арқылы оқушылардың тіл байлығын дамыту.
Тәрбиелік мақсаты
Ұлы ақындардың мұрасын құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер
- Ақындардың суреттері
- Слайд/презентация материалдары
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Сәлемдесу
- Оқушыларды сабаққа дайындау
II. Үй тапсырмасын тексеру
Крыловтан аударылған кез келген мысалды жатқа айту.
III. Жаңа сабақ
Өткен дәуірде өмір сүрген екі ұлы ақын — Пушкин мен Абай. Олардың бір-біріне шығармашылық тұрғыдан жақындығы мен поэзиядағы өнер үйлесімі ұлы орыс халқы мен қазақ халқы арасындағы терең достықтан, сондай-ақ екі халықтың да алға жетелеген озат арманы мен игі мұратынан туындады.
Қазақ халқының қалың бұқарасы орыс халқының қалың бұқарасымен достық көзқараста болып, орыс халқын аға тұтқаны сияқты, озық ойлы орыс әдебиетін де жоғары бағалады. Оның Пушкин секілді данышпан өкілін Абай өзіне үлгі, әдеби мектеп деп таныды.
Абайдың аудармаға бет бұруы
Сондықтан Абай ақындық еңбегінің бір бөлігін орыс классикалық поэзиясын қазақ тіліне аударуға арнады. Байрон, Гете сияқты Еуропа классиктерінен де бірнеше өлең аударғанымен, олардың кейбірін Лермонтов арқылы қазақшалады.
Анық орыс классиктерінен жасаған аудармалары
- Крыловтың бір топ мысалдары
- Пушкиннің «Евгений Онегин» шығармасынан үзінділер
- Лермонтовтан жасалған көптеген аудармалар
- Букиннен аударылған бір өлең
Негізгі түйін
Абай мен Пушкин арасындағы рухани үндестік — екі халықтың мәдени жақындасуын танытатын маңызды құбылыс. Абайдың аудармалары қазақ әдеби тілінің өрісін кеңейтіп, әлемдік классикаға жол ашты.