Қуант бізді таңырқат, Шамдарыңды жарқырат

Тақырыбы: «Жасыл шырша жанында»

Мақсаты

Балаларды Жаңа жыл мерекесімен таныстыру, тақпақ-өлеңдерді түсініп, мәнерлеп айтуға үйрету, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Қатысушылар

Тәрбиеші, «Балапан» екінші кіші тобының тәрбиеленушілері, ата-аналар және қонақтар.

Көрініс

Мерекелік безендірілген зал, ортасында жасыл шырша, ойыншықтар, шамдар, музыка сүйемелі.

Кіріспе сөз

Тәрбиеші:

Армысыздар, құрметті ата-аналар, қымбатты әріптестер және біздің балабақша бүлдіршіндері! Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!

Жаңа жыл — жаңа табыс, жаңа бақыт әкелсін. Әр отбасына шаттық пен көтеріңкі көңіл күй сыйласын!

Ақ көңілім айналды аппақ қарға,

Көңілдене қосыл сен ән мен жырға.

Қыс қызығы басылмай ұласады,

Қуанышы көп болсын Жаңа жылға!

Осы тілектермен «Балапан» екінші кіші тобының «Жасыл шырша жанында» атты мерекелік ертеңгілігін ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер.

Шыршаны таныстыру (сұрақ-жауап)

Залдың сәні

Тәрбиеші:

Балалар, қараңдаршы, залдың іші қандай әдемі! Біз қандай мерекені тойлауға келдік?

Балалар:

Жаңа жыл мерекесін тойлауға келдік!

Шырша туралы

Тәрбиеші:

Балалар, қараңдаршы, ортада тұрған не?

Балалар:

Шырша.

Тәрбиеші:

Ал шыршаның түсі қандай?

Балалар:

Жасыл.

Тәрбиеші:

Дұрыс! Қараңдаршы, шыршада қандай әдемі ойыншықтар ілінген. Ендеше, шыршамыздың көңіл күйін көтеруге қонақ келіп тұр екен — сиқыршыны қарсы алайық!

Музыка қосылады. Сиқыршы залға кіріп келеді.

Сиқыршының келуі

Сиқыршы:

Жаңа жыл келді — азаймасын ән мен жыр,

Ел көңілін көтерсін,

Құтты болсын Жаңа жыл!

Құттықтаймын сіздерді!

Сиқыршы: Сәлеметсіздер ме, балалар және құрметті қонақтар!

Балалар: Сәлеметсіз бе!

Сиқыршы: Мені таныдыңдар ма? Мен — сиқыршымын. Сендерді мерекелеріңмен құттықтауға келдім. Айнала неткен керемет! Шыршамызда ойыншықтар қандай көп!

Балалар, сендер де өте әдемісіңдер — Жаңа жылдық киімдеріңді киіп алыпсыңдар! Бірақ біздің шыршамыз көңілсіз сияқты. Шыршамызға не жетіспейді?

Балалар:

Шыршаның шамдары.

Сиқыршы: Дұрыс, шыршаның шамдары жетіспейді. Ендеше, менің сиқырлы таяғымның көмегімен және сендердің әдемі сөздеріңмен шыршаның шамдарын жағайық!

Барлығы бірге (3 рет):

Қуант бізді, таңырқат, шамдарыңды жарқырат!

Шырша шамы жанады.

Балалардың тақпақтары

Тәрбиеші:

Бәрекелді! Ендеше, шыршамызға арналған тақпақтарға кезек берейік.

Алуа

Тауда туып, тауда өскен, шырша келді ортаға.

Атика

Тамаша, тамаша — шыршамыз тұр жараса.

Ақниет

Қуант бізді, таңырқат, шамдарыңды жарқырат.

Тәрбиеші: Балалар, жарайсыңдар!

Аяз ата мен Ақшақарды шақыру

Тәрбиеші:

Балалар, Жаңа жыл мерекесіне бізге тағы кім қонаққа келуі тиіс?

Балалар:

Аяз ата мен Ақшақар келеді.

Тәрбиеші:

Қане, ендеше, бәріміз бірге шақырайық!

Аяз ата, Ақшақар — ау, ау, ау!

Ақшақар, Ақшақар!

Залға Аяз ата мен Ақшақар кіреді.

Ақшақардың таныстыруы

Ақшақар:

Сүйсіндірер маңайды,

Ақшақармын арайлы.

Күміс сәуле тарайды,

Ақшақармын аппақпын.

Қалай тыныш жатпақпын?

Менсіз қыстың сәні жоқ —

Әнмін, жырмын, тақпақпын.

Ақшақар: Сәлеметсіздер ме, балалар!

Балалар: Сәлеметсіз бе!

Аяз ата мен Ақшақар: Ендеше, балалар, уақытты көп созбай, өнерлеріңді тамашалайық!

Тәрбиеші:

Қош келдіңіздер, төрлетіңіздер! Олай болса, жаңа жылдық тақпақтарға кезек берейік.

Дереккөз

Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Келдімұрат ауылы, «Балдырған» балабақшасы КМҚК тәрбиешісі Қуанышбаева Меруерт Азатқызы.

Материал: «Жасыл шырша жанында».