Орман патшасы

Сабақ тақырыбы

Арқарға үлкен мүйіз неге керек?

Пән

Ана тілі

Негізгі сұрақ

Арқарға үлкен мүйіздің қажеттілігі неде?

Сабақ мақсаты

  • Мәтінді түсініп оқуға және өз сөзімен мазмұндап айтуға үйрету.
  • Жабайы және үй жануарларының айырмашылығын салыстыра білу.
  • Тіл байлығын арттыру, ойды жүйелі жеткізу дағдысын қалыптастыру.
  • Жануарларды қорғауға, табиғатты аялауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер мен құралдар

Арқар суреті Қошқар суреті Ат суреті Автор суреті Тест Сөзжұмбақ Тірек сызба Венн диаграммасы Жаңылтпаш

Сабақ барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды сабаққа дайындау, көңіл күйін көтеру, назарын шоғырландыру.

2) Үй тапсырмасын тексеру (тест)

  1. Жантас қандай бала?
  2. Балапандардың аянышты халін сипатта.
  3. Балапандарға көмекке келген кім?
  4. Қожа қандай бала?

Бағалау үлгісі

  • 4 дұрыс жауап — «5»
  • 3 дұрыс жауап — «4»
  • 2 дұрыс жауап — «3»

3) Жаңа тақырыпқа кіріспе (сөзжұмбақ)

Бүгінгі тақырыптың атын білу үшін сөзжұмбақ шешеміз:

  1. Орман патшасы.
  2. Ит сияқты пішінді, адамды ұнатпайды.
  3. Орғыған қорқақ, көзі қилы; қыс пен жазда екі түрлі тон киеді.
  4. Жазда қыдырады, қыста тынығады.
  5. Жатып-жатып инелер, жүгіріп жаныңа тез келер.

Шешімі

Арқар

Талқылау сұрағы: Арқарға үлкен мүйіз неге керек? (Оқушылардың пікірлері тыңдалады.)

Автор туралы

Бұл мәтіннің авторы — Қәдірбек Сегізбай. Ол 1941 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы, Жарсу ауылында дүниеге келген қазақ жазушысы. Шығармаларының қатарында «Жап-жасыл әлем», «Біз қалада тұрамыз» повестері бар.

4) Жаңа сөздер

Ақжелкен
Аттың аты.
Жанторсық
Теріден жасалған ыдыс. Оның ішіне айран, қымыз құяды (сусынның дәмі ұзақ сақталуына көмектеседі).

5) Мәтінді бөліктерге бөліп оқу, талдау (сұрақ-жауап)

Оқу барысында әр бөлікке тақырып қойылады:

  1. Қошанның орманға баруы.
  2. Қошанның мүйіз тауып алуы.

6) Сергіту сәті

Тербелейді ағаштар, Алдымнан жел соғады. Кіп-кішкентай ағаштар, Үп-үлкен боп өседі.

7) Тірек сызба

Негізгі ұғым

Арқар

Оқушылар тірек сызба арқылы мәтіндегі негізгі ойды жинақтайды.

8) Жаңылтпаш

Арқабай арқар атты, Арқабай, Арқарларды атқа арта алмай, Шалқарбай Арқабайға айғайлап жатты.

9) Салыстыру жұмысы (Венн диаграммасы)

Талқылау: Арқар қандай үй жануарына ұқсайды? (Қошқарға.)

Арқар

  • Жабайы жануар
  • Табиғи ортада тіршілік етеді

Ортақ белгілер

  • Мүйізді
  • Төрт түлікке ұқсас
  • Өсімдікпен қоректенеді

Қошқар

  • Үй жануары
  • Адам қамқорлығында болады

Қорытынды сұрақтар

  • Бүгін біз не туралы оқыдық?
  • Арқар қандай жануарлар тобына жатады?
  • Табиғатты қорғау үшін қандай тілек айтар едіңдер?

Табиғат — адамның ежелден бергі тіршілік етіп, өмір сүріп келген ортасы және мәңгілік мекені, алтын бесігі.